Слайд 25 маймыл және қоғамдық/ұжымдық теріс үйрену дағдысы туралы

Слайд 3Темір тордың ішіне 5 маймыл қойылады. Ортада бір саты тұр. Сатының үстінде

жіппен байлаулы әдемі жемістер...
Слайд 4Маймылдар сатыға шығып, әлгі жемістерге ұмтылғанда, жоғарыдан мұздай су құйылады

Слайд 5 Әр маймыл жемістерге ыршып, секіргенде, жоғарыдан мұздай су құйылады. Маймылдар тастай суға

бұланып, жаурап қалады.
Слайд 6 Біраздан соң жеміске қарай жүгірген маймылды өзге маймылдар тоқтата бастайды. Тастай су

тоқтатылады да, маймылдардың бірі сыртқа шығарылады. Оның орнына еш нәрседен хабары жоқ басқа бір маймыл қойылады.
Слайд 7 Торға кірген маймыл ішкі түйсікпен болса керек, жемістерді көрген бойда, сатыға қарай

ұмтылады. Бірақ, бұрынғы 4 маймыл оны жібермейді, тіпті ұра бастайды.
Слайд 8Соңыра, су болған маймылдың тағы бірі шығарылып, орнына басқа маймыл кіргізіледі. Ол

да жемістерге жүгіріп, өңге маймылдардан таяқ жеп тынады.
Слайд 9Осы маймылды ең аяусыз сабаған жаңа ғана кірген маймыл болып шығады. Ол

жаңа ғана өзі еш себепсіз таяқ жеген еді.
Слайд 10Суға жаураған маймылдың тағы бірін сыртқа шығарады. Оның орнына кірген маймыл жеміске

ұмтылып, өңге маймылдардан қатты таяқ жейді.
Слайд 11Бұл маймылды да ең қатты сабағандар жаңа ғана сырттан кірген екі маймыл

болып шығады. Шындығына келгенде олар сырттан кірген үшінші маймылды не үшін сабап жатқандарын да білмейді.
Слайд 12Сөйтіп бірінші топтағы маймылдардың барлығы да басқа маймылдармен ауыстырылады. Сатының үстінде ілулі

тұрған жемістерді барлығы да ұмытады. Олар тек сырттан кірген маймылды сабаумен болады.
Слайд 14Өйткені, бұл жерде осындай дағды қалыптасқан. Бұрынғының жолы солай...

Слайд 15Жоғарыдағы мысал біз адамдарға да сабақ боларлық. Көпшілік проблеманың негізін зерттеудің және

шешім өндірудің орнына, қисық та болса бұрынғының жолын ұстануды дұрыс санайды. Олар бұрынғының жолын орындау үшін аяусыздық пен қатыгездікке де баруы ғажап емес.