туралы айтылған?
"Анаға апарар жол" фильмі Бішкекте өткен "Ақ ілбіріс" атты VI ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияныӊ үздік фильмі атанды. Фильмнiн бас продюсері - Әлия Назарбаева, режиссері - Ақан Сатаев. Бұл кинотуынды ананың перзентіне деген шексіз махаббатын, перзентінің Отанына деген адалдығын көрсетеді. Актерлердiн образдарды сомдау шеберлігіне сүйсіне отырып, осындай ой түйесің.Аталган кинотуынды 38-ші Халықаралық Мәскеу кинофестиваліне және «Еуразиялык көпір» атты фестивальға қатысып, бас жүлдені женiп алды. Одан белек, бул туынды биыл Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырған Сыншылар тандауы» жүлдесiнде бірдей жүлдені иемденді. Атап айтсақ, «Ең үздік актриса» Алтынай Нөгербек және «Екінші пландағы үздік актриса» Аружан Жазылбекова деп танылды. Ал «Фильмге жазылған үздік музыка» номинациясын аталған фильмнің компо зиторлары Әлім Заиров пен Роман Вишневский бөлісті.Фильмнің желісі қазақ халқының XX ғасырда бастан кешкен күрделі тарихи кезеңдеріне құрылған. Атап айтсақ, күштеп жүргізілген ұжымдастыру науқаны, ұлттын басына түскен ұлы трагедия жұт, Екінші дүниежүзілік соғыс және соғыстан кейінгі бейнетті жылдар. Фильм өмірдің ауыртпашылығына төтеп берген, қиын-қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген, жат елде тұтқында болған Ілияс есімді жігіттің тағдырын баяндайды. Бөтен жерде айдауда жүрсе де, жат елдің зорлық-зомбылығын көріп, жалғыздықтың тауқыметін тартса да, бас қаһарман атажұртын аңсап, анасын сағынып, туған жеріне оралатынына ешқашан күмәнданбайды. Фильмдегі осы астарлы ой көрермендерді терең ойландырады.