Содержание
- 2. Дәріс жоспары 1 Әлеуметтанудың әдістемесі. Жиналған мәлі-меттерді реттеу және оны қорытындылау. 2 Әлеуметтанымдық зерттеу әдістері. 3
- 3. 1. Әлеуметтанудың әдістемесі. Жиналған мәліметтерді реттеу және оны қорытындылау. Жалпы әлеуметтанымдық зерттеулер кешенінде оның бағдарламасын жасау
- 4. Әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы – ғылыми – практикалық қызметтің кезеңдерге бөлінген бағдарын қамтыған зерттеудің жобасы, әрі теориялық
- 5. Былайша айтқанда, ғылыми мәселені анықтай білу нені зерттеу қажеттілігінің өрісіне шығуды белгілейді. Қолға алынған проблема өзінің
- 6. Ғылыми проблеманы тұжырымдау оның мақсаттары мен міндеттерін анықтау зерттеудің нақтылы объектін таңдап алуға көмек жасайды. Олар:
- 7. Әлеуметтік зерттеудің ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар; а) зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық процестері мен құбылысы;
- 8. Гипотеза дегеніміз - талданатын фактілер, құбылыстар, процестерді дәлелдеп немесе теріске шығаруды түсіндіретін ғылыми негізделген болжау, жорамал
- 9. Бағдарламаны жасауда гипотезаларды құрау процесі 3 сатыдан өтеді. 1 2 3 1 саты Алғашқы ақпараттар жиналады,
- 10. Жалпы практикада зерттеулер объекті адамдардың ірі топтарын біріктіруі мүмкін. Соған орай тексеру объектісіне қатысты барлық адамдарды
- 11. Әлеуметтану әдістерін түсінудің түрлілігі бірқатар факторлармен шарттас. Әлеуметтанудың әдістері жайлы пікірге ғылымға тән қоғам туралы түсінік
- 12. Әлеуметтану әдістерін позитивистік тұрғыдан түсіну көптеген ғылымдардың күшімен жасалынды. Позитивизм шеңберінде көптеген ағымдар бар, онда оның
- 13. Әлеуметтану әдістерін структуралистік ұғыну структурализм түсініктері негізіне сүйенеді: барлық заттар мен тіршілік, индивидуалды немесе ұжымдық мінез-құлық
- 14. Маркстің жорамалынша ғылыми ой-пікірлер өмір сүріп жатқан қоғамның сыни талдануы болуы керек, қоғам дамуының терең заңдарын
- 15. 3. Әлеуметтанулық ақпараттарды жинау әдісі. Бақылау Қоғам жайлы, әлеуметтік құбылыстар жайлы жиналған мәліметтер мүмкіндігінше шындыққа сәйкес,
- 16. Бақылаудың бұл соңғы түрі толып жатқан адамдардың мінез-құлқы жайлы әлдеқайда толығырақ материалдар жинап алуға мүмкіндік береді.
- 17. 4. Сұрау мен мәліметтер жинау Сұрау мен мәліметтер жинау өте жиі қолданылатын әлеуметтанымдық әдіс болып табылады.
- 19. Іріктеу қарапайым және күрделі болады. Қарапайым іріктеуді қолданғанда әлеуметтік топтың ішінен кез келген /мәселен, әрбір оныншы/
- 20. Кейбір әлеуметтік құбылыстарды сан жағынан өлшеу мүмкін емес. Оларды тек ұғымдармен түсіндіруге болады. Мәселен, қоғам ұғымы,
- 21. 5. Құжаттардың мазмұнын талдау әдісі Бұл әдіс ғылыми-зерттеу объектісі болып отырған құбылыстар жайлы жазбаша құжаттардың мазмұнын
- 22. Олар мыналар: 1) классификация зерттеу үшін мәнді белгісі бойынша жасалуы тиіс; 2) классификация жүйелі болуы қажет,
- 23. Ғылыми түсіндірме жасау ғылыми зерттеу процесінің қорытындылаушы кезеңі десе де болады, өйткені бұған дейінгі мәліметтер жинау
- 24. Түсіндірме беру мен тексеруді бір-бірінен мұлдем бөліп қарауға болмайды, өйткені біртұтас таным процесінің барысында бұдан бұрын
- 25. Тақырып бойынша бақылау сұрақтары: Әлеуметтанулық зерттеу түсінігі. Зерттеу бағдарламасының құрылымы. Зерттеудің пәні мен объектісін қалай түсінесіз?
- 26. ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 1. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2007 2. Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н., Исмагамбетова З.Н.,
- 28. Скачать презентацию
Слайд 2Дәріс жоспары
1
Әлеуметтанудың әдістемесі. Жиналған мәлі-меттерді реттеу және оны қорытындылау.
2
Әлеуметтанымдық зерттеу
Дәріс жоспары
1
Әлеуметтанудың әдістемесі. Жиналған мәлі-меттерді реттеу және оны қорытындылау.
2
Әлеуметтанымдық зерттеу
3
Әлеуметтанулық ақпараттарды жинау әдісі.
Бақылау.
4
Сұрау мен мәліметтер жинау
5
Құжаттардың мазмұнын талдау әдісі
Слайд 3 1. Әлеуметтанудың әдістемесі. Жиналған мәліметтерді реттеу және оны қорытындылау.
Жалпы әлеуметтанымдық
1. Әлеуметтанудың әдістемесі. Жиналған мәліметтерді реттеу және оны қорытындылау.
Жалпы әлеуметтанымдық
1. Қоғам өмірін зерттеуді әлеуметтанымдық қырынан қарастыру белгілі әлеуметтанымдық зерттеулер жүйесі арқылы жүзеге асады. Мұнда теориялық және эмпирикалық процедуралар (ережелер, талаптар) арқылы жаңа әлеуметтанымдық білім алынады. Соның нәтижесінен зерттелген объекті жағдайына байланысты нақтылы теориялық және әлеуметтік проблемалар шешіледі.
Әлеуметтанымдық зерттеулерді жүргізу жан-жақты әрі терең дайындықты қажет ететін көп қырлы күрделі жұмыс. Алдымен тиісті ақпараттарды жинауға кірісу үшін әлеуметтанушы маманға түрлі әдістемелік құжаттар жасау қажет. Онда зерттеудің ғылыми негізделген барлық элементтері мен зерттеудің процедуралары болуы тиіс. Осы құжаттардың ішінде ерекше орында әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы тұрады. Оның сапасы мен мазмұнына барлық зерттеу жұмыстарының тиімділігіне байланысты екендігіне назар аудару міндетті нәрсе.
Слайд 4 Әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы – ғылыми – практикалық қызметтің кезеңдерге бөлінген бағдарын
Әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы – ғылыми – практикалық қызметтің кезеңдерге бөлінген бағдарын
Методологиялық бөлім мынадай элементтерді біріктіреді:
1) проблеманы тұжырымдау, зерттеудің мақсаты мен нақтылы міндеттерін анықтау;
2) объекті мен зерттеу тақырыбын анықтау;
3) объектіні жүйелі талдау;
4) негізгі түсініктерді талдау;
5) гипотезаларды анықтап қоя білу және тұжырымдау.
Бағдарламаның екінші әдістемелік бөлімі – зерттелетін нәрсенің анықтамасын, алғашқы ақпараттарды жинау әдістерінің сипатын, алынған материалдарды талдаудың логикалық схемасын дайындау және қажетті инструментарийларын көрсету болып табылады. Одан өзге бағдарлама ұйымдастыру міндетін де атқарады. Ол зерттеу процедураларының бірізділігін анықтайды және зерттеу барысының тиісті кезеңдерін бақылау болып саналады.
Әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасы
Әлеуметтанымдық зерттеу бағдарламасының бастапқы пункті болып проблемалық жағдай (ситуация) есептеледі. Ол адамдардың тұтынымы жайлы білімдердің, түсініктің практикалық және теориялық нәтижелері жайлы, оның жолдары, құралдары, әдістері, қажетті іс-әрекеттерді жүзеге асыру жағдайының арасындағы қарама-қайшылық ретінде де көрінеді. Кейбір кездерде бұл іс-әрекетке қатынасушылардың өткір пікір алшақтығын араздық немесе келіспеушілігін көрсетіп белгіленген мақсаттың іске асуына қиындық тудырады.
Проблемалық жағдайды зерттейтін ғылым тиісті фактілерді жинап, белгілі білім жүйесін пайдалана отырып ғылыми проблеманы тұжырымдап топтауы тиіс. Ол проблемалық жағдайдың ғылыми бейнесінің формасын көрсетеді әрі зерттеуге жататын мәселе ретінде анықталады.
Слайд 5 Былайша айтқанда, ғылыми мәселені анықтай білу нені зерттеу қажеттілігінің өрісіне шығуды
Былайша айтқанда, ғылыми мәселені анықтай білу нені зерттеу қажеттілігінің өрісіне шығуды
Проблемалық талаптар әлеуметтік ақиқаттың түрлі жағдайларында көрініс береді. Сондықтан әлеуметтанымдық зерттеулерде проблемалар зерттеушіні қызықтыратын зерттеу процесін қамтыған көлемімен анықталады (мысалы, еңбек ұжымы, аймақтық деңгейдегі ірі әлеуметтік топтар, қоғам мүддесін қамтыған үлкен мақсаттар т.б.).
Әлеуметтік қайшылықтардың күрделілігінен, қоғамдық тұтынымдар деңгейінде оларды іске асырудан әрі осы бағыттағы білімнің ғылыми және практикалық нақтылығына ғылыми проблеманың күрделілік деңгейі анықталады. Сондықтан да оны тұжырымдағанда проблемалық жағдайдың дәл бейнеленуі ерекше маңызды. Әлеуметтанушы осы кезеңде нағыз ақиқат пен өзекті мәселені оның сипаты мен белгілі қасиеттерін дәл анықтауы қажет. Онымен қоса алға қойылған проблемаларды өте кең етіп алмаған жөн. Мұндай жағдай мәселені шектен тыс күрделендіріп жинайтын ақпараттар сапасын төмендетіп жібереді.
Кез-келген әлеуметтанымдық зерттеу – ол не үшін өткізіледі, қорытындысында не аламыз, яғни, зерттеудің мақсатын анықтауға жауап болуы тиіс. Бұл дегеніміз өзіміз күткен қорытынды нәтижелер моделі болып табылады. Соған орай нақтылы және дәл белгіленген мақсат жаңа білім жүйесін жасауға зерттеудің барысын бағыттап отырады.
Бағдарламаның методикалық бөлімінің маңызды құрамдас тарауы-зерттеудің міндеттерін анықтау. Олар әлеуметтанымдық зерттеулерді мақсатына сәйкес белгіленеді де оны жүзеге асырудың қажетті құралы ретінде әрі зерттеу процедураларының көмегімен мақсатқа жету мүмкіндіктерін нұсқап отырады.
Слайд 6 Ғылыми проблеманы тұжырымдау оның мақсаттары мен міндеттерін анықтау зерттеудің нақтылы объектін
Ғылыми проблеманы тұжырымдау оның мақсаттары мен міндеттерін анықтау зерттеудің нақтылы объектін
Түрлі әлеуметтанымдық зерттеулердің бәрінің объекті біреу ғана болуы мүмкін. Мәселен, еңбек ұжымы, әлеуметтік топ, факультет студенттері көптеген әлеуметтанымдық зерттеулерге объект бола алады. Себебі оның бәрі қандай проблеманы қарастыруымызға байланысты: бос уақытты пайдалану, құқықтық мәдениет және сана, әлеуметтік белсенділік және т.б.
Әлеуметтік зерттеудің объектісі:
Кең мағынада
Әлеуметтік үрдіс немесе әлеуметтік шындық саласы, немесе әлеуметтік қарама-қайшылықтан тұратын, қандай да бір қоғамдық қатынастар жатады.
Тар мағынада
Әлеуметтік зерттеу объектісіне қандай да бір әлеуметтік мәселенің, яғни адамдар қауымдастығының және олардың әрекетінің белгілі қасиеті болып табылады.
Зерттеудің
міндеттері
Негізгі
зерттеудің орталық
проблемаларын шешуге
бағытталады
Негізгі емес (қосымша)
проблемаға байланысты емес
әдістік мәселелерді,
жұмысшы гипотезаларды
тексеруге арналады.
Слайд 7 Әлеуметтік зерттеудің ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар;
а) зерттеу объектісі -
Әлеуметтік зерттеудің ғылыми қызметтің мынадай элементтері бар;
а) зерттеу объектісі -
ә) зерттеу субъектісі;
б) социологиялық зерттеу белгілі - бір мақсатқа жетуге және нақты міндеттерді шешуге бағытталған;
в) міндетті шешу құралдары - әдістер, ұйымдастыру іс-шаралары т.б бар
«Объект» дегеніміз қарама – қайшылықтарды өзіне біріктірсе «зерттелу пәні осы қайшылықтарды баса көрсететін объектінің қасиеттерін, белгілерін бейнелейді, яғни «әлеуметтік қайшылықтардың полюсын » алға тартады. Егерде, зерттеу объекті ретінде ғылыми ұжым алынса, онда оның пәні (анықтайтын мәселесі) болып құрылым, бағыттары, мүдделері, осы ұжымның қасиеттері және т.б. саналады.
Анығына келгенде әлеуметтанымдық зерттеулердің объекті мен пәнін анықтау теорияда айтылғандарға қарағаннан анағұрлым қиын мәселе.
Сонымен негізгі түсініктерді эмпирикалық анықтау нәтижесі арқылы әлеуметтанушы алғашқы мәліметтерді іріктеу мен талдау әдістерін топтастыруды жасайды.
Түсініктер ережелерін жүргізудегі басты шарттар-зерттеудің негізгі анықтамалары мазмұнындағы жеңілдетуді қамтамасыз ететін оның барлық түрлерінің тұтастығы мен бірлігін мүлтіксіз сақтауды қажет етеді.
Айтылған проблемалардың, зерттеулердің көрсетілген процедуралармен бірге жемісті шешілуіне бара-бар гипотезалар топтастыру ықпал етеді. Жалпы айтқанда гипотезаларды қоя білу кез-келген зерттеуді жүргізудің заңды талабы.
Слайд 8 Гипотеза дегеніміз - талданатын фактілер, құбылыстар, процестерді дәлелдеп немесе теріске шығаруды
Гипотеза дегеніміз - талданатын фактілер, құбылыстар, процестерді дәлелдеп немесе теріске шығаруды
Әлеуметтанымдық зерттеулерде гипотезаларды қоя білу бірнеше талаптарды қажет етеді:
2
4
3
1
Слайд 9Бағдарламаны жасауда гипотезаларды құрау процесі 3 сатыдан өтеді.
1
2
3
1 саты
Алғашқы ақпараттар жиналады,
Бағдарламаны жасауда гипотезаларды құрау процесі 3 сатыдан өтеді.
1
2
3
1 саты
Алғашқы ақпараттар жиналады,
2 саты
Объектіге байланысты сипаттама, проблемалық жағдай факторлары, проблеманың шешу тәсілдері, зерттеудің міндеттері тұрғысындағы жұмыс гипотезалары ұсынылады.
3 саты
Гипотезаларды топтастыру іске асырылады, зерттеуші гипотезаларды негізгі және негізгі емес (қосымша) етіп анықтайды және оларды белгілі жүйеге түсіреді.
Әлеуметтанымдық зерттеулер практикасында гипотезаларды жіктеу, топтастыру, жүйелеудің түрлі тәсілдері қолданылады. Зерттеудің міндеттеріне сай негізгі гипотезалар анықталады. Олар негізгі міндеттерден келіп туады. Онымен қатар негізгі емес міндеттерден-негізгі емес гипотезалар пайда болады. Гипотазаны тұжырымдаумен негізгі методологиялық жұмыс аяқталады. Енді әлеуметтанушы маманға бағдарламаның екінші әдістемелік тарауын жасау кезегі келіп тұрады. Бұл жұмыс ішінара іріктеу, жинақтау процедураларын анықтаудан басталады. Сондықтан әлеуметтанымдық зерттеулерде объект басты және ішінара іріктеу ретінде анықталатынын бөле көрсеткен жөн.
Басты іріктеу деп- проблемаға қатысы бар бақылау бірлігінің барлық жиынтығын айтады. Бақылау бірлігі ретінде тікелей мәлімет көздері есептеледі. Оның қатарына зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне тәуелді әрі байланысты жеке адам немесе адамдар тобы жатады. Зерттеуге тікелей қатысты басты іріктеудің бөлігі ішінара жинақтау деп аталады. Сондықтан оны операциялардың барысында «ішінара» атауымен белгілеу қажет.
Слайд 10Жалпы практикада зерттеулер объекті адамдардың ірі топтарын біріктіруі мүмкін. Соған орай тексеру
Жалпы практикада зерттеулер объекті адамдардың ірі топтарын біріктіруі мүмкін. Соған орай тексеру
Әлеуметтік құбылыстардың заңдылықтары жайлы дұрыс қорытындылар жүргізілген операциялардың сапасына байланысты. Ішінара бөліп зерттеу есептері жеке құжат ретінде бағдарламаға қосылады. Әлеуметтанымдық зерттеулердің теориялық бағдарламасының міндетті бөлігі болып бастапқы мәліметтер жинау әдістерінің сипаттамасы саналады. Егер де бастапқы мәліметтерді талдау мен өңдеу әдістері көрсетілмесе, онда бағдарлама толық болып саналмайды. Сондықтан оған электронды есептеу машинасына (ЭВМ) ұсынылғын өңдеудің логикалық схемасы қосылады.
Сонымен, әлеуметтанымдық зерттеулер бағдарламасын жасау жәй нәрсе еместігіне көз жеткіздік. Зерттеудің өзіне қарағанда оған көбірек уақыт жібереміз. Тек барлық талаптарды ескеріп мұқият жасалынған, өзінің барлық құрылымды элементтері ғылыми негізделген әлеуметтанымдық зерттеу бағдарламасы ғана оның жоғары сапалы деңгейде өтуіне кепілдік бере алады. Топтап айтқанда әлеуметтанымдық зерттеу әдістемелік бөлімінің негізгі элементтері: негізгі түсініктерді анықтау, зерттеу гипотезалары, зерттеу объекті, проблемалық жағдай, ғылыми проблема, зерттеудің мақсаты мен міндеттері, зерттеудің пәні болып саналады.
Слайд 11 Әлеуметтану әдістерін түсінудің түрлілігі бірқатар факторлармен шарттас. Әлеуметтанудың әдістері жайлы пікірге
Әлеуметтану әдістерін түсінудің түрлілігі бірқатар факторлармен шарттас. Әлеуметтанудың әдістері жайлы пікірге
Әлеуметтану әдістерін түсінуге елеулі ықпалды екінші фактор - ғылымның әлеуметтік рөлі туралы ұғым. Шындыққа жүгінсек, онда осы мәселенің төңірегінде түрлі бағыттағы және қарама - қайшылықтағы көзқарастар көп кездеседі. Ғылым не болды және тап қазіргі кезеңде не болып жатыр деген мәселені ғана зерттейді, дегенмен келешек туралы ештене айта алмайды дейтін пікір де өмір сүруде. Басқа көзқарасқа сүйенсек, онда ғылым тарих ағымы мен қоғам жағдайына негізінен ықпал етуге қабілетті емес оны өзерте де алмайды, қоғамның құрылымы мен ұйымдарындағы жекелеген кемшіліктерді жоюға қабілеттілік көрсете алмайды екен.
Ғылымдардың басым көпшілігі ғылымның қоғамды қайта жасау, өзгерту рөлін бағалайды. Ғылым қоғамды зерттей отырып оны сындық талдауды іске асырып, қоғамдық қатынастарды қайта құрудың құралы ретінде қызмет етеді деген пікірді жақтайды.
Әлеуметтанудың әдістері туралы пікірлердің сипатына ықпал ететін үшінші фактор - әлеуметтану ғылымына тән зерттеу техникасының даму деңгейі, зерттеу сапасы және жекелеген көрнекті әрі белгілі әлеуметтанушы ғалымдардың бейімділігі болып табылады.
Тағы әлеуметтану әдістері жайлы пікір алшақтығын жақындатуға ұмтылған факторлар да болды. Дегенмен олар осы әдістерді түсіндіруге бірыңғай тұжырым жасай алмады. Соның салдарынан әлеуметтануды түрліше түсіну позитивизм, функционализм, структурализм, «әлеуметтануды түсіну» және марксизм шеңберлерінде қалыптасты.
2. Әлеуметтанымдық зерттеу әдістері
Слайд 12Әлеуметтану әдістерін позитивистік тұрғыдан түсіну көптеген ғылымдардың күшімен жасалынды. Позитивизм шеңберінде көптеген
Әлеуметтану әдістерін позитивистік тұрғыдан түсіну көптеген ғылымдардың күшімен жасалынды. Позитивизм шеңберінде көптеген
Әлеуметтану әдістерін функционалдық тұрғыдан түсіну функционализмнің негізгі ережелеріне сүйенеді. Мұнда әлеуметтік құрылымға қатысты қоғамдық құрылымның жекелеген элементтерінің рөлін ашуға ұмтылады. Себебі оның бөліктері. Функционализм позициясынан қоғам - тұрақты жүйе; және оның бөліктері жақсы интегралданған болады. Олардың әрбір бөлігінің өз міндеттері бар,сондықтан оларды жүйенің басты құндылықтарына қатысты келісім негізінде іске асырады. Осы қоғамдық жүйе нәтижелі өмір сүру үшін тәртіп қажет: қандай талаптар болса да, олардан бас тарту одан ауытқу болып саналады, адам осы жүйеге бейімделуі міндетті.
Жекелеп айтқанда, функционализмнің шектеулілігі мынада: ол құбылыстардың пайда болуын түсіндіре алмайды. Тек жүйе ішіндегі құбылыстардың өзара байланысын ғана көрсете алады. Оған қоса ішкі қарама-қайшылығы бар қоғамның өзі де салыстырып келгенде тұрақсыз жүйе екендігі белгілі.
Слайд 13Әлеуметтану әдістерін структуралистік ұғыну структурализм түсініктері негізіне сүйенеді: барлық заттар мен тіршілік,
Әлеуметтану әдістерін структуралистік ұғыну структурализм түсініктері негізіне сүйенеді: барлық заттар мен тіршілік,
Позитивизмді сынаудың нәтижесі ретінде қоғамдық ғылымдар мен әлеуметтануда Макс Вебердің «ұғыну теориясы» пайда болды. Онда қоғамдық құбылыстарды зерттеудің басты мақсаты - оларды ұғыну, түсіну болып табылады. М.Вебер, В.Дильтей, Г.Риккерт және В.Виндельбанд көзқарастарын қабылдаған. Онда табиғи және қоғамдық құбылыстар арасындағы айырмашылықтарға байланысты олардың нәтижесі болып саналатын жаратылыс пен қоғамдық ғылымдар әдістерінің айырмасы көрсетілген.
Әлеуметтанудағы әдістерді маркстік тұрғыдан түсіндіруді К.Маркстің негізгі ғылыми әдістерінің сипаттамасын қарастыру арқылы жүргізеді. Маркстік әдісті түсіну үшін алдымен оның адам және қоғамды қалай түсінетінін білу қажет. Мұның өзі адам және қоғам жайлы Маркстің ғылым мен ғылыми әдісті өзінше түсіндіруіне байланысты өрбиді. Одан өзге Маркстің ғылымның әлеуметтік рөлін қалай түсініп, фактілерді жинау мен тұжырымдарды қарастыруда қандай әдістерді пайдаланғанына қарап талдау жасаймыз. Адам мен адам қоғамын Маркс материалистік диалектика позициясынан қарастырады. Адам – табиғи нәрсе деп көрсетеді, сонымен бірге қоғамдық тіршілік иесі болып табылады. Адам өзінің қызметіне байланысты өмірдегі материалдық және әлеуметтік тіршілігіне жағдай тудырады. Ал оның тарихы болса оның қызметінің жемісі.
Слайд 14Маркстің жорамалынша ғылыми ой-пікірлер өмір сүріп жатқан қоғамның сыни талдануы болуы керек,
Маркстің жорамалынша ғылыми ой-пікірлер өмір сүріп жатқан қоғамның сыни талдануы болуы керек,
Қоғамдағы байқалатын қоғамдық құбылыстар өзара байланысты. Сондықтан қоғамдық құбылыстар мен қоғамдық қатынастарды зерттей отырып және осы негізде қоғам дамуының басты бағыттары мен құрылымын тұтастық ретінде көрсете отырып бүтіндей қоғам дамуының ең жалпылама заңдарын ашуға болады. Бұл үшін осы қоғамның нағыз ақиқатының бөлігі болып табылатын әрі осы қоғамның ең ерекшеліктерін сипаттайтын құбылыстар мен қатынастарды ашып және оны зерттеу қажет. Сонымен адамзат қоғамын зерттеудің осындай әдістеріне сүйене отырып әлеуметтану өз әдістерін құрады. Әрине осы шеңберде олар бір-бірінен фактілерді жинау әдістері, жиналған мәліметтерді реттеу мен жекеленген қорыту әдістері және ғылыми қорытындылау әдістері тұрғысынан ажыратылады. Әлеуметтану осы барлық әдістерді зерттеу барысында қолданады. Әрине онда түрлі фазалар /кезеңдер/ сақталып зерттеу нәтижелері қоғамды тұтас ғылыми тануға ықпал жасауы қажетті талап.
Слайд 153. Әлеуметтанулық ақпараттарды жинау әдісі. Бақылау
Қоғам жайлы, әлеуметтік құбылыстар жайлы жиналған
3. Әлеуметтанулық ақпараттарды жинау әдісі. Бақылау
Қоғам жайлы, әлеуметтік құбылыстар жайлы жиналған
Бақылау – мәліметтер жинауда барлық ғылымдарда ежелден қолданылып келе жатқан кең тараған әдіс. Бақылау процесі белгілі бір қоғамдық құбылысты қабылдаудан, жазып қоюдан және түсіндірме жазудан тұрады.Кез келген қабылдау бақылау бола бермейді. Ғылыми бақылау – белгілі бір мақсатқа сәйкес құбылысты мұқият қабылдау болады. Жай бақылауға қарағанда, ғылыми бақылау жоспарлы да жүйелі түрде, белгілі бір зерттеу мақсатында қабылдау болып табылады.Ғылыми бақылаудың түрлері: еркін бақылау және тексерілетін бақылау, тікелей және жанама бақылау, өзі қатыса отырып бақылау және сырттай бақылау, жаппай бақылау және жеке-дара бақылау.
Тікелей бақылау деп керекті құбылыстарды зерттеуге зерттеушінің өзі қатысып, өз көзімен көріп немесе құрал-сайманның көмегімен тікелей жүргізетін бақылауды айтады. Ал жанама бақылау деп зерттеуші құбылыстың өзін тікелей бақыламастан, соған қатысы бар басқа құбылыстарды бақылау арқылы жанама қорытынды жасауды атайды.
Егер зерттеуші бақылауға алыңған топтың өмірі мен іс-әрекетіне белсенді түрде тікелей қатыспастан, адамдардың мінез-құлқын, қарым-қатынасын сырттай қадағалап жүретін болса, мұндай бақылау сырттай бақылау деп аталады, ал егер, керісінше, зерттеуші бақылауға алынған топтың өміріне тікелей қатынасып, онда белгілі бір рөл атқаратын болса, онда бұл қатыса отырып бақылау деп аталады.
Слайд 16 Бақылаудың бұл соңғы түрі толып жатқан адамдардың мінез-құлқы жайлы әлдеқайда толығырақ
Бақылаудың бұл соңғы түрі толып жатқан адамдардың мінез-құлқы жайлы әлдеқайда толығырақ
Бақыланатын құбылыстардың сан мөлшеріне қарай жаппай немесе жеке-дара бақылау әдістері қолданылады. Жеке құбылысқа, жеке әлеуметтік топтың өміріне бақылау жүргізу керек болғанда, мәселен семьялық қарым-қатынасты немесе семьялық бюджетті зерттеу қажет болғанда, жеке-дара бақылау әдісі қолданылады. Ал жаппай бақылау әдісі белгілі бір салаға жататын қоғамдық құбылыстардың барлығын немесе көпшілігін зерттеу қажет болғанда, мәселен белгілі бір елдегі немесе өндіріс саласындағы еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын зерттегенде, жаппай бақылау әдісі қолданылады.
Ғылыми бақылаудың айрықша және аса күрделі формасын эксперимент деп атайды.
Эксперимент дегеніміз зерттелетін құбылысты жасанды түрде қолдан жасау /тудыру/ арқылы бақылауды айтады. Мұның қиындығы сол, жасанды құбылыс табиғи құбылысқа дәл сәйкес келмейді, өйткені мұнда адамдардың өзара қатынасы, мінез-құлқы табиғи жағдайдағыдай болмайды. Оның үстіне, табиғат құбылыстарына қарағанда әлеуметтік құбылыстар әлдеқайда күрделі болғандықтан, әлеуметтік эксперимент жасау да оңай емес. Зерттеуде бақылаудың қай әдісі қолданылмасын, оның ойдағыдай іске асуына қойылатын бір міндетті талап бар: бақылаушы құбылыстардың барысына ықпал жасамастан, құбылыстар қалай жүріп жатса, сол күйінде қабылдау қажет. Тек эксперимент жасағанда ғана белгілі бір ықпал жасауға тура келеді.
Бақылаудың нәтижесін дұрыс жазып алудың маңызы зор. Ол күнделік жүргізу, фотосүретке немесе кинофильмге түсіріп алу арқылы және басқа жолдармен іске асырылады.
Слайд 174. Сұрау мен мәліметтер жинау
Сұрау мен мәліметтер жинау өте жиі қолданылатын
4. Сұрау мен мәліметтер жинау
Сұрау мен мәліметтер жинау өте жиі қолданылатын
Қоғамдық құбылыстарды зерттеген кезде сұрау әдісін қолданғанда көбінесе анкета тарату әдісі, интервью мен тест әдістері жиі қолданылады. Алдынала дайындалған сұрақтар жазылған анкеталар тарату әдісі жиі қолданылады. Анкета тарату жолдары түрліше болады. Анкеталарды почта арқылы жеткізуге болады немесе баспасөзде жарияланып, оқушылардың қойылған сұрақтарға жауап қайыруына өтініш білдіріледі. Алайда зерттеуші анкеталарды тікелей өзі таратуы да мүмкін.
Анкетада берілген жауаптар неғұрлым дәлірек болу үшін, анкета әдетте анонимді болады, яғни жауап беруші өзінің аты-жөнін көрсетпейді.
Интервью дегеніміз белгілі бір мақсатпен бір немесе бірнеше адаммен әңгімелесу жолымен мәлімет жинау әдісі. Интервью әдісімен үлкен әлеуметтік топты зерттеу қажет болғанда, сол топтың ішінен бірнеше адам әңгімелесу үшін іріктеп алынады /анкета таратқанда да осылай жасалады/.
Слайд 19 Іріктеу қарапайым және күрделі болады. Қарапайым іріктеуді қолданғанда әлеуметтік топтың ішінен
Іріктеу қарапайым және күрделі болады. Қарапайым іріктеуді қолданғанда әлеуметтік топтың ішінен
Интервьюдің нәтижесінде алынған жауаптар не еркін немесе стереотипті /алдынала өзірленген формаға сәйкес/ болуы мүмкін. Әңгіме еркін түрде жүретін болса, интервью экстенсивті және интенсивті болып екіге бөлінеді.
Экстенсивті интервью кезінде зерттеуші алдынала өзірленген бірнеше сұрақ қояды, ал интенсивті кезінде әңгіме мұлдем еркін түрде жүреді, ешқандай алдынала өзірленген сұрақ қойылмайды.
Тест. Алдағы уақытта болуға тиісті бір жағдайға байланысты жеке адамдардың қандай ой-пікірде екенін білу үшін мәліметтер жинаудың құралы ретінде тест қолданылады. Тест көбінесе белгілі бір ретпен тізіліп қойылған сұрақтар немесе пікірлер түрінде болады да оған жеке адамдардың көзқарасы қандай екені анықталады. Тестілеу негізінен жеке адамдарға ғана қолданылатын әдіс болғандықтан, психология ғылымы үшін маңызды болады да, әлеуметтану үшін мүлдем дерлік маңызы жоқ десе де болады, өйткені әлеуметтану әлеуметтік, адамдық қатынастарды біртұтас түрінде зерттейді.
Математикалық-статистикалық әдіс қазіргі кезде әлеуметтанымдық зерттеулерде кеңінен қолданылады. Кейде математикалық әдіс пен статистикалық әдісті жеке-дара атайды, шынында бұл екеуі көбінесе іс жүзінде бірге қолданылады, өйткені олар бір-бірімен іштей бірлікте – екеуі де қоғамдық құбылыстар жайлы дәл сан мәліметтерін жинаудың құралы. Бұл екеуін қолданудың арқасында көпшілік пен жеке-дара, ерекше мен жекеше құбылыстардың сандық және сапалық жақтары өзара байланысты, бірлікте қаралып, сандық қатынастар арқылы сапалық жақтарын түсіндіруге мүмкіндік туады.
Слайд 20 Кейбір әлеуметтік құбылыстарды сан жағынан өлшеу мүмкін емес. Оларды тек ұғымдармен
Кейбір әлеуметтік құбылыстарды сан жағынан өлшеу мүмкін емес. Оларды тек ұғымдармен
Әдетте өлшемнің екі түрін айыра білу керек: тар мағынада алғандағы өлшем және кең мағынадағы өлшем. Математикалық әдіспен бірге қолданылатын статистикалық әдістің көмегімен зерттелуші құбылыстардың структуралық элементтері және сондай-ақ ол структуралық элементтердің өзара әсері, ықпалы ашып көрсетіледі. Статистикалық әдістердің ішінен әлеуметтанымдық зерттеулерде көбінесе статистикалық заңдар жиірек пайдаланылады. Бұл заң бір түрге жататын көптеген әлеуметтік құбылыстарды зерттеген кезде белгілі бір заңдылық байқалатынын көсетеді, яғни бір тектес құбылыстардың көпшілік бөлігі бір түрлі сипатта көрінсе, аз бөлігі бұған керісінше көрініс білдіреді.
Әлеуметтанымдық зерттеулерде сондай-ақ салыстыру әдісі де қолданылады. Бұл әдіс салыстыруға болатын ортақ белгілері бар құбылыстардың ұқсастығымен қатар айырмашылығын да табу үшін қолданылады. Бұл әдіс эксперименттің және басқа әдістердің қолданылу мүмкіндігі шектеулі болатын құбылыстарды зерттеуге қолданылады. Бұл әдіс бір құбылыстың бірнеше жағдайлардағы көрінісіне ортақ жалпы мәнді белгілерін анықтау үшін және сонымен бірге қоғам дамуының жалпы заңдарының ерекше көрініс формалары мен жағдайларын ашу үшін қолданылады.
Слайд 215. Құжаттардың мазмұнын талдау әдісі
Бұл әдіс ғылыми-зерттеу объектісі болып отырған құбылыстар
5. Құжаттардың мазмұнын талдау әдісі
Бұл әдіс ғылыми-зерттеу объектісі болып отырған құбылыстар
Құжаттар мазмұнын талдау
Сапалық талдау
қоғамдық құбылыстар жайлы ой-пікірлердің мазмұнына қатысты
Cандық талдау
ой-пікірлердің қаншалықты және қалай кең тарағанын көрсетеді
Зерттелуші құбылыстар жайлы мәліметтер жиналып болаған соң оларды ғылыми жағынан классификациялауға /жүйеге келтіруге/ кіріседі. Классификацияның негізі ретінде құбылыстардың зерттелу мақсаты үшін айырықша мәнді белгілері алынады, өйткені сондай белгілер құбылыстарды мүмкіндігінше терең танып білуге негіз бола алады.
Зерттелуші құбылыстарды жүйелі түрде тәртіпке келтіріп, олардың заңдылығын білдіретін ішкі байлыныстарын ашып көрсету үшін, классификация белгілі бір логикалық ережелер мен теориялық талаптарға сәйкес келуі тиіс.
Слайд 22 Олар мыналар:
1) классификация зерттеу үшін мәнді белгісі бойынша жасалуы тиіс;
Олар мыналар:
1) классификация зерттеу үшін мәнді белгісі бойынша жасалуы тиіс;
2) классификация жүйелі болуы қажет, яғни ол бірден бірнеше белгісі бойынша жасалмай, бір ғана белгі бойынша жасалуы тиіс;
3) классификация толық болуы тиіс, яғни белгі бойынша сол құбылысқа қатысты жағдайдың бәрін қамтуы тиіс;
4) құбылыстардың әр тобының арасындағы айырмашылықтар елеулі болуы керек.Зерттелуші құбылыстарды бұлайша классификациялауға кіріспес бұрын жиналған мәліметтерді мұқият ретке келтіріп, мәнді белгілерін анықтап алу керек.
Анкета тарату арқылы жиналған бірнеше жүздеген жауаптарды ретке келтіру, мәселен, былай жүргізіледі: жиналған жауаптарды алдымен барлық категорияларға /топтарға/ классификациялаудың жоспары жасалады. Содан кейін кодпен жазылатын мәліметтер цифрлық символдарға, яғни жауаптардың әрбір категориясына есептеу кезінде пайдалануға болатын сандық белгілер беріледі.
Мәліметтерді ретке келтірудің ендігі кезеңі – белгілі бір сандармен белгіленген жауаптарды перфорациялау /тесу/ жолымен тиісті карточкаларға көшіріп, карточкаларды машинкаға салады, ал машина тиісті сұрақтарға қатысты жауаптарды іріктеп алып, карточкаларды жауаптар категориясына бөледі. Алайда жауаптарды есептеп, классификациялауда машинасыз, қолмен жүргізуге де болады.
Бұдан кейін жиналып, классификацияланған жауаптар статистикалық тәртіпке келтіріліп, түрліше кестелер түрінде көрсетіледі. Кестелер әрбір қойылған сұраққа пайыздык шама түрінде жинақталып берілген жауаптар болып табылады.
Слайд 23 Ғылыми түсіндірме жасау ғылыми зерттеу процесінің қорытындылаушы кезеңі десе де болады,
Ғылыми түсіндірме жасау ғылыми зерттеу процесінің қорытындылаушы кезеңі десе де болады,
Ғылыми түсіндірме беру процесін тар мағынада және кең мағынада ұғынуға болады. Тар мағынадағы түсіндірме тек құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды ғана ашуды білдіреді. Ал кең мағынадағы түсіндірме себепті байланыстармен бірге сондай-ақ олардың даму заңдарын да ашуды білдіреді.
Түсіндірменің тағы басқа да мағыналары бар: себепті түсіндіру, атқаратын қызметін /функциясын/ түсіндіру және телеологиялық /мақсатты/ түсіндірме. Зерттеуші ғалым ғылыми заңдарды аша отырып, өзі ұсынған бастапқы жорамалды /гипотезаны/ не растайды, не теріске шығарады. Ғылыми түсіндірме беру кезеңінде жинақталған мәліметтер ойша талданады, ал бұл үшін түрліше ойлау формалары мен амалдары қолданылады. Атап айтқанда, мәліметтер тәртіпке келтірілген соң құбылыстар арасындағы байланыстар жайлы бастапқы ұсынылған жорамалдар индукциялық және дедукциялық ой қорытындылардың және басқа логикалық ойлау амалдарының көмегімен тексеріледі. Егер байланыстың бар екендігі расталса, оның сипаты анықталады.Ғылымның мақсаты, олай болса, ғылыми түсіндірменің де мақсаты, алдымен құбылыстар арасындағы себепті байланыстарды ашу. Бірақ сонымен қатар басқа байланыстардың да, оның ішінде функциональды байланыстың да маңызы зор.
Слайд 24 Түсіндірме беру мен тексеруді бір-бірінен мұлдем бөліп қарауға болмайды, өйткені біртұтас
Түсіндірме беру мен тексеруді бір-бірінен мұлдем бөліп қарауға болмайды, өйткені біртұтас
Кең мағынада тексеру деп ғылым мен қоғамның бүкіл ұзақ уақыт бойы дамуының барысында ғылыми ақиқаттардың ұдайы тексеріліп отыруын атайды. Мәселен, материяның атомдық құрылысы жайлы қорытынды 2,5 мың жылдан бері әлі тексеріліп келе жатыр.
Білімнің ақиқаттығын тексеретін арнаулы ғылыми пән – логика бар. Логикадағы верификация /латынша ақиқаттықты дәлелдеу дегенді білдіреді/ принципі бойынша қажетті пікірлер /білімдер/ ғана емес, сондай-ақ барлық моральдық /ықтимал/ ақиқаттарды да дәлелдеуге болады. Логикалық дәлелдеу әдісінің көмегімен де арнаулы тексеруді іске асыруға болады. Алынған білімді тәжірибе жүзінде тексеруге нақты мәліметтер жеткіліксіз болған кезде логикалық верификация ретінде дәлелдеу әдістері қолданылады. Бұл әдіс ғылыми білімдердің ақиқаттығын практика жүзінде тексеру уақытын қысқарту қажет болғанда да пайдалаңылады. Білімдерді тексерудің логикалық әдісі ретіндегі дәлелдеудің мәні мынадай: кейбір білімдердің ақиқаттығы бұрыннан негізделген басқа қағидалардың көмегімен дәлелденеді. Бұл дедукциялық жолмен негіздеу деп аталады.
Слайд 25Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
Әлеуметтанулық зерттеу түсінігі.
Зерттеу бағдарламасының құрылымы.
Зерттеудің пәні мен объектісін қалай
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
Әлеуметтанулық зерттеу түсінігі.
Зерттеу бағдарламасының құрылымы.
Зерттеудің пәні мен объектісін қалай
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықта.
Ақпарат жинаудың негізгі әдістері.
Сапалық және сандық талдау деген не?
Ғылыми бақылаудың түрлері
Слайд 26ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2007
2. Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н.,
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Қарабаев Ш.Қ. Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2007
2. Рахметов Қ.Ж., Болатова А.Н.,
3. Биекенов К.У., Биекенова С.К., Кенжакимова Г.А. Социология: учебное пособие. Алматы,
2016
4. Бринкерхоф Д., Уейте Р., Ортега С. Әлеуметттану негіздері. Алматы,
Ұлттық аударма бюросы, 464 б., 2018
5. Ритцер Д., Степницки Д. Әлеуметтану теориясы. Алматы, Ұлттық аударма бюросы, 856 б.,
2018
6. Батыгин Г.С. Лекции по методологии социологических исследований. –
М.: Аспект-Пресс, 1995.
7. Волков Ю.Г. Социология: Учебник. – Ростов н/Д: Феникс, 2009.
8. Просветов Г.И. Социологические исследования: задачи и решения: Учебно-практическое
пособие. – М.: Альфа-Пресс, 2009.
9. Ядов В.А. Стратегия социологического исследования. – М.: Омега-Л, 2009.