Слайд 2Еңбек нормасы
Еңбек нормасы ретінде қызметкер үшін белгіленген жұмыстың уақыт бірлігіндегі (сағат, ауысым, күн, апта, ай) көлемі
Жұмыстың бұл көлемін қызметкер қалыпты жұмыс жағдайларында белгілі бір уақыт бірлігінде орындауы тиіс.

Слайд 4Еңбек нормаларына мыналар жатады:
· жұмыс істеу нормалары;
· уақыт нормалары;
· қызмет көрсету нормалары;
· ірілендірілген жəне кешенді тапсырмалар.

Слайд 6Еңбек нормалары бірыңғай, типтік, салааралық (ведомстволық)
жəне локальдық болуы мүмкін. Əдетте тəжірибеде типтік немесе салааралық нормалардың негізінде жасалатын локальдық нормаларды қолданады.

Слайд 8Жұмыстың қалыпты жағдайларын қамтамасыз ету міндеті басшылыққа жүктеледі. Басқаша айтар болсақ, басшылық құралдардың, механизмдердің, жабдықтардың, құрылғылардың ақаусыз күйін қамтамасыз етуге, қызметкерді шикізатпен, жұмысқа қажетті материалдармен, техникалық құжаттармен, аспаптармен, электр энергиясымен, сонымен қатар, қауіпсіз жəне қалыпты еңбек жағдайларын уақтылы қамтамасыз етуге міндетті.

Слайд 10Өнім нормасы
Өнім нормасы – белгілі бір уақыт өлшемі ішінде өндірілуге немесе өнделуге

тиіс өнімнің заттық өлшемдерімен (дана, тонна, метр және т.б.) көрсетілген мөлшері.