Еңбекпен тапқан нан тәтті

Слайд 3

Ал енді еңбек жайлы
айтқен адамдарды тыңдайық

Ал енді еңбек жайлы айтқен адамдарды тыңдайық

Слайд 4

«  ЕҢБЕКПЕН   ТАПҚАН   НАН  ТӘТТI»

дейдi 103 жастағы Шәмшия әже

« ЕҢБЕКПЕН ТАПҚАН НАН ТӘТТI» дейдi 103 жастағы Шәмшия әже

Слайд 5

Шәмшия Пiрiмбетқызы Өмiр 1912 жылы 28 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Өзгент

Шәмшия Пiрiмбетқызы Өмiр 1912 жылы 28 желтоқсанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Өзгент
ауылында дүниеге келген. Әкесi Пiрiмбет пен анасы Нәзипа сол заманның дәулеттi отбасынан шыққан тектi, бiлiмдi, көзi ашық, иманды жандар едi...
Шәмшия әже талай қиындықтарды басынан өткердi. Қазан төңкерiсiн, жаппай тәркiлеу заманын, одан кейiнгi ашаршылық нәубетiн, колхоздастыру кезеңiн, қанқұйлы Ұлы Отан соғысын көрiп, бастан өткерген тiрi шежiре.
Соғыс жылдарында қазiргi Мақтаарал ауданына қарасты Мырзакент, Атакент қалашықтарында мақта шаруашылығында күн-түн демей еңбек еттi. Ол – ең алғашқы әйел механизатор, тыл ардагерi. 1944 жылы Бейсенқожа деген азаматқа тұрмысқа шығып, 1948 жылы туыстары Асқарқожа мен Айтқожаның шақыртуымен Сарыағаш ауданы (Келес) «Абай» совхозы, Жаңа тiршiлiк ауылына қоныс аударып келедi.
Отағасы марқұм Бейсенқожа имамдық қылып, елге сыйлы азамат атаныпты. Олар бiр шаңырақ астында 50 жыл тату-тәттi өмiр сүрдi. 10 ұл-қыз өсiрiп, оқытты, олардың бәрi де қазiр өнегелi отбасы.
Асылы бүгiнде Шымкенттiң iргесiндегi Маятас ауылында тұратын Өмiровтер әулетi шаңырағы биiк, керегесi кең өнегелi отбасы. Бұл әулетте дәрiгер де, мұғалiм де, заңгер де, кәсiпкер де, ғалым да, жалпы, түрлi сала мамандары бар. Үлкен қызы Гүлайша – дәрiгер, қазiр зейнеткер. Ұлы Исмайл – ұстаз, қазiр ол да зейнеткер, Құдай қосқан қосағы Күлайхан екеуi қажылық парызын өтеп, Мекке-Мәдинеге барып қайтты. Одан кейiнгi Тоқтасын мен Бибайша да қазiр зейнеткер. Қарашаңырақта тұратын ортаншы ұлы Ибрахым мен келiнi Ұлданай да зейнеткер. Қызы Күлсiн үй шаруасында. Ал, әженiң кенже ұлы Әбдiкерiм дiнтанушы, қоғамдық қорларда басшылық қызмет атқарған және «Рахмет самалы» дiни танымдық журналының редакторы болған. Қазiргi таңда Қазақ-араб университетiнiң проректоры, шежiрешi. Жолдасы Қадиша педагогика ғылымдарының кандидаты, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетiнiң «педагогика және психология» кафедрасының меңгерушiсi, бiрнеше ғылыми кiтаптың авторы. Ал, әженiң қыздары Ұлбосын мен Бибiсара үй шаруасында. Шәмшия әже он ұл-қыздан бүгiнде 12 немере, 108 шөбере, 5 шөпшек сүйiп отыр.
Шәмшия әже бойында қуаты барында қолы шипалы емшi болыпты. Бiрлiк ауылының маңында Ащы өзенiнiң емдiк қасиетi бар минералды көлшiгi бар. Сол көлшiктiң тұзды балшығымен шiлденiң кезiнде науқастарды емдеген. Ауыл тұрғындары әлi күнге дейiн осы көлшiктi әженiң атымен атайтын көрiнедi.
Бүгiнде қарашаңырақтағы ортаншы ұлы Ибрахым мен келiнi Ұлданай, еншiлерi бөлек өзге ұл-қыздары жүзден асқан аналарын аялап, алақандарына салып отыр. Осы уақытқа дейiн өздiгiнен далаға кiрiп-шығып жүрген қария тек соңғы кезде көп шыға алмай қалыпты. Дегенмен, қарттығына қарамастан, әженiң сөздерi анық, есту, есте сақтау, көру қабiлетi де жаман емес. Газетке жазатынымызды айтып, өз өмiрi, ұзақ жасаудың сырын әңгiмелеп берудi өтiнген едiк.
– Мен өмiр бойына ауыр бейнеттi басымнан өткердiм. Трактор да айдадым. Ашаршылықтың да, соғыстың да зардабын бастан кештiм. Үй шаруасынан да қалмадым, бала тәрбиелеудi де бiрiншi кезекке қойдым. Әуелi барлық мадақтау мен марапаттау Аллаға, қандай қиындық көрсем де Алланы аузымнан тастамадым. Бес мезгiл намазымды қаза қылмадым, «тәуба» деуден жаңылған емеспiн. Қолымнан келгенiнше адамдарға жақсылық жасауға ұмтылдым. Қашанда адал болуға тырыстым. Бiреудi ауыр сөз айтып ренжiтудi немесе бiреуге кек сақтауды суқаным сүймейдi. «Бiрiншi дұшпаның – тiл» деген, өзiңе жеңiл болғанмен, өзгеге зiл . Аузыма түскендi, қолыма тигендi қанағат еткен адаммын. Жас кезiмнен нанымды адал еңбекпен жегендi мақсат еттiм. « Еңбекпен тапқан нан тәттi» дейдi бiзбен әңгiмесiнде Шәмшия әже.

Слайд 6

ЕҢБЕК ТУРАЛЫ МАҚАЛ –МӘТЕЛДЕР

ЕҢБЕК ТУРАЛЫ МАҚАЛ –МӘТЕЛДЕР

Слайд 7

КӘСІП, ЕҢБЕК ТУРАЛЫ МАҚАЛ –МӘТЕЛДЕР
1. Еңбегі аздың өнбегі аз.
2. Ұстаның

КӘСІП, ЕҢБЕК ТУРАЛЫ МАҚАЛ –МӘТЕЛДЕР 1. Еңбегі аздың өнбегі аз. 2. Ұстаның
өрісі көрігінен төсіне дейін.
3. Алтын менен күмісті, зергер үшін жаратқан. Арқар менен құлжаны, мерген үшін жаратқан.
4. Шеберді саусағы асырайды.
5. Еріншектің ертеңі бітпес.
6. Еңбексіз өмір жоқ, ауырсыз жеңіл жоқ.
7. Қойшыны таяғы асырайды, қасқырды аяғы асырайды.
8. Атан түйе жүк астында қартаяр.
9. Түйір нан – тамшы тер
10. Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді.
11. Еңбек қылмай ер оңбас, Бірлік қылмай ел оңбас.
12. Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады, Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады.
13. Тұлпар шаба жетіледі, Сұңқар ұша жетіледі. 14. Еңбектің көзін тапқан, Байлықтың өзін табады.
15. Жерге еткен жақсылық жерде қалмайды.
16. Ердің атын еңбек шығарады.
17. Еңбек ерлікке жеткізер, Ерлік елдікке жеткізер.
18. Бақыт кілті еңбекте.
19. Жер көңді жақсы көреді, Ат жемді жақсы көреді.
20. Көп еңбегі көңілді.
21. Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішеді.
22. Отырған жерден отын кескен.
23. Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
24. Жұмысы жемістінің - өмірі келісті.
25. Егін піспей, қам сайла.
26. Жігіттің жұмсаған күшін сұрама, Бітірген ісін сұра.
27. Жақсы жұмыс – жанға тыныс.
28. Жан қиналмай жұмыс бітпес,
29. Талап қылмай мұратқа жетпес.
30. Ырыс алды – ынтымақ

Слайд 9

ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексімен 2016 жылғы 1

ҚР 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексімен 2016 жылғы 1
қаңтардан бастап күші жойылды
Осы Кодекске өзгерістер енгізу туралы:
ҚР 2015 жылғы 2 тамыздағы № 342-V Заңын қараңыз (2018 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
ҚР Еңбек кодексін қолданысқа енгізу туралы 2007 жылғы 15 мамырдағы № 252-III ҚР Заңын қараңыз
ҚР 2007.19.12. № 9-ІV Заңымен (2008 ж. 1 қаңтарда қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.07.12. № 222-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.13.02. № 553-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.17.02. № 566-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.02. № 75-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 95-V ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара); 2013.13.06. № 102-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.23.04. № 200-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2014.27.06. № 212-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.19.05. № 315-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2015.15.06. № 321-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) мазмұны өзгертілді
Мазмұны
ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1-Бөлім. Жалпы ережелер
1-тарау. Негізгі ережелер
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мақсаты мен міндеттері
4-бап. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының принциптері
5-бап. Еңбек саласындағы құқықтардың шектелуіне жол бермеу
6-бап. Еңбек бостандығы
7-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу
8-бап. Мәжбүрлі еңбекке тыйым салу
9-бап. Осы Кодекстің қолданылу
Имя файла: Еңбекпен-тапқан-нан-тәтті.pptx
Количество просмотров: 37
Количество скачиваний: 0