Слайд 2Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау.
Металдардағы электр тогы
және асқын өткізгіштікті түсіндіру;
Дамытушылық: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының
тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны
бақылау;
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке,
табиғаттыаялауға, сыйластық пен әдептілікке үйрету.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың түрі: ашық сабақ
Сабақтың әдіс – тәсілдері: баяндау, дамыта оқыту технологиясы
Пәнаралық байланыс: математика, химия
Сабақтың көрнекіліктері: электрондық оқулық, видео материалдар, слайд, интарактивтік тақта;
Болжамданған нәтиже: Металдардағы электр тогы және асқын өткізгіштік тақырыбындағы білімдерін өмірмен байланыстыра отырып, теориялық және практикалық есеп шығару арқылы білімдерін арттыру.
Слайд 3Рикке тәжірибесі
1901 жылы Э. Рикке тәжірибе жасады.
Беті тегіс үш
цилиндрден тұратын (біреуі алюминий және екеуі мыстан жасалған) электр тізбегін құрады.
Тізбек арқылы 1 жыл электр тогын жібереді.
Электр зарядын тасымалдаушы бөлшек мыс пен алюминийге ортақ электрон болып табылады.
Слайд 5Қуат деп жұмысты атқару шапшаңдығын сипаттайтын шама
Слайд 7Бірлік уақыт ішінде сыртқы күштердің жасайтын жұмысы
Слайд 83) Тізбек бөлігіндегі токтың толық жұмысының формуласы?
Слайд 104) 1 кВт сағ-та неше джоуль энергия бар?
Слайд 12Т. Стюарт пен Р.Толмен тәжірибесі
1916 жылы американдық физиктер Т.Стюарт пен Р.Толмен
тәжірибе жасады.
Тәжірибеде металл өткізгіштермен оралған үлкен диаметрлі катушка 500 айн/мин жиілікпен айнала тоқтап, ток пайда болады.
Слайд 13Асқын өткізгіштік — кейбір өткізгіштерді белгілі бір алмағайып температураға (Т) дейін суыту
кезінде олардың электрлік кедергісінің секірмелі түрде кенет нөлге дейін төмендеу құбылысы.
Слайд 151911
Х. Каммерлинг-Оннес
1933
Мейснер эффектісі
1957
Дж.Бардин, Л.Купер, Дж.Шриффер
Слайд 16 Асқын өткізгіштің ішкі магнит индукциясы (В) 0-ге тең болады, яғни сыртқы
магнит өрісі асқын өткізгіш ішіне өте алмайды. Бұл құбылыс Мейснер эффектісі деп аталады.
Слайд 17 Сынаптың температурасын Т = 4,15 К-ге төмендеткен кезде бұл құбылысты алғаш
рет (1911) голланд физигі Х. Каммерлинг-Оннес байқаған.
Слайд 18 Дж.Бардин, Л.Купер, Дж.Шриффер асқын өткізгіштіктің микроскопиялық теориясын жасады. Бұл теорияның негізіне
спиндерінің таңбасы қарама-қарсы электрондар жұбы (Купер жұбы) алынған. Мұндай жұптың заряды 2 l-ге (мұндағы l — электрон заряды), спинінің мәні нөлге тең болады, әрі ол Бозе-Эйнштейн статистикасына бағынады. Асқын өткізгіштік құбылысы байқалатын металдарда жұптар бозе-конденсация құбылысына ұшырайды. Сондықтан купер жұптарының асқын аққыштық қасиеті болады. Сонымен Асқын өткізгіштік электрондық сұйықтықтың асқын аққыштығы болып табылады.
Слайд 20 Қазіргі таңда асқын өткізгіштер зарядталған электромагниттік жылдамдатқыштарда, МГД генераторларда, термоядролық қондырғыларда
қолданады. Жаңа кластағы жоғары температуралық асқын өткізгішті материалдар жаңа техникаға,ауыл шаруашылығының салалырының дамуына өз септігін тигізеді.