Слайд 3.
22-наурыз – Ұлыстың ұлы күні. Қазақстанда ресми түрде Наурыз 1988 жылдан бері
тойланып келеді. Наурыз күні көрісуден басталады. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Наурызда табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейді, жаңарады. Наурыз достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі.
Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып, өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Бұл мерекенің басты тағамы наурыз көже болған. Наурыз көже 7 түрлі тағамнан жасалған. Наурыз көжені тойып ішсең, жыл бойы тоқшылық болады деген сенім бар. Дастархан басында отырған жастар үлкендерден бата алған. Бата үлкендердің өзіне жасы кішілерге берілетін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» - деп бата береді.
Мереке қызған кезде жастар алтыбақан жанында ұлттық ойындар ойнайды. «Көкпар», «Бәйге», «Қыз қуу» ойындары аса бір қуанышпен өтетін. Көңілді өткен Наурыз күні әр адамның есінде көпке дейін сақталады. Жүрек жылуын таратқан көктемнің бақыт сыйы Наурыз көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын достық мерекесі.
Слайд 8
Әке көрген оқ жонар – шеше көрген тон пішер
Слайд 10
Ел боламын десең, бесігіңді түзе!
Слайд 14
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады
Слайд 16
Қыз өссе елдің көркі,
Гүл өссе жердің көркі
Слайд 181. Ұлттық тағамдарды жаз
2. Ұлттық ойындарды жаз
3. Ұлттық киімдерді жаз
Слайд 21
Наурыз батасы
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік
ақты болсын,
Ұлыс береке берсін,
Пәле – жала жерге енсін!