Слайд 2Ғылыми-педагогикалық зерттеу – педагогикалық жаңа білімдердің қалыптасу үдерісі, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың обьективтік

заңдылықтарын ашуға бағытталған танымдық іс-әрекет түрі. Мұғалімдердің ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесін меңгеруі педагогикалық үдеріс нәтижесі сапасының жоғары болуына ықпал ететіндігі айтыс тудырмайтыны анық.
Слайд 3Педагогикалық зерттеулерге қойылатын талаптар:
жаңа ғылыми жаңалықтардың өмірге келуі, оның өмірге қажеттілігі, оқу-тәрбие

жұмысының сапасын көтеруге ықпалы;
болашақтағы зерттеулерге негіз болу;
болжамның тәжірибе жүзінде дәлелденбеуінің өзі де оның тиімді жолдарын іздестіруге мүмкіншілік береді.
Слайд 4Ғылыми-педагогикалық зерттеулер нәтижесіне қойылатын талаптар:
қоғамдық мәнділігі;
ғылыми жаңалығы;
теориялық және тәжірибелік

мәні;
ғылыми анықтылығы;
қорытынды және нұсқауларының өмірге қолдануға мүмкіндігі,
түсініктілігі;
мектеп өміріне тез енгізу мүмкіншілігі.