Презентация Ероырова Аерке

Содержание

Слайд 2


Тақырыбы:
Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу әдістерінің ерекшеліктері.

Ғылыми жетекшісі:
Орындаған: ППМ-311 тобының студенті
Ерқоңырова Ақерке

Тақырыбы: Бастауыш сыныпта әдебиеттік оқу әдістерінің ерекшеліктері. Ғылыми жетекшісі: Орындаған: ППМ-311 тобының студенті Ерқоңырова Ақерке

Слайд 3

Жоспар.
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
2.1. Пәнді оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
2.2. Әдебиетті оқыту –

Жоспар. І. Кіріспе. ІІ. Негізгі бөлім: 2.1. Пәнді оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
ғылым ,шығармашылық құбылыс.
2.3. Әдебиеттік оқу пәнінде үй тапсырмасын тексеру әдістері
ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 4

Кіріспе
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында білім

Кіріспе Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың ұйымдастырушылық негізі Қазақстан Республикасында
беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы болып табылады, сонымен қатар ол қазақстандық білімді жаңғыртуды жалғастыруды қамтамасыз етеді. Бағдарлама мақсаттардың бірі – білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы орта білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі жəне рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін əлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.

Слайд 5

2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы

2013-2014 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарында оқыту Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады.

Слайд 6

Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты-

Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту,  оқушыны көркем

Әдебиеттік оқу пәнінің мақсаты- Оқушылардың әдеби сауатын ашу негізінде рухани байыту, оқушыны
шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу, оқу дағдыларын және оқырмандық біліктілігін қалыптастыру, әдеби-эстетикалық талғамын жетілдіре отырып, ізгілікті-елжанды дара тұлға тәрбиелеу.
«Әдебиеттік оқу» пәнінің міндеттері. «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша төмендегідей міндеттердіжүзеге асыру көзделеді:
·        оқу сапасын (дұрыс, түсініп, шапшаң, мәнерлеп)  жетілдіру;
·        ауыз әдебиетінің бай жанрымен, отандық және әлемдік балалар  әдебиетінің озық үлгілерімен таныстыру;
·        ·        әдеби- теориялық білім негіздерін қалыптастыру;
·        адамгершілік және эстетикалық құндылықтар жүйесі негіздерін қалыптастыру;
·        ·        кітаппен және кітапханалық анықтама, библиографиялық әдебиеттермен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

Слайд 7

Әдебиетті оқыту – ғылым ,шығармашылық құбылыс.
Оқыту әдістері
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті

Әдебиетті оқыту – ғылым ,шығармашылық құбылыс. Оқыту әдістері Оқыту барысының нәтижелі, жемісті
болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады. Әдіс – тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі — әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Мысалы, әдеби айтыс тудыратын сұрақтар оқушы белсенділігін танытып, арттыратын тәсілдердің бір түріне жатса, көркем мәтінді талдау оқушының тәжірибелік жұмысын бақылаудың бір тәсілі, жолы болып келеді. Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс немесе репродуктивті әдіс, эвристикалық (ішінара іздендіруші) әдіс, зерттеу әдісі, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Слайд 8

Сөздік әдіс
Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық білім

Сөздік әдіс Берілетін білім ақпараттық сипаттау болғанда, білімді қалыптастыру, соның ішінде теориялық
беру, жаңа ұғымдарды оқушыға жеткізуде бұл әдіс өте тиімді. Сөздік әдіс, әсіресе, әдебиет пәнінің күре тамыры деуге болатындай.
Көрнекілік әдіс
Берілетін білім мазмұны көрнекілікті тілеп тұрғанда, уақыт үнемдеуде, әсіресе, оқушы психологиясына әсер ету мақсаттарында өте тиімді болады. Сондай-ақ оқушыны сабаққа қызықтыру, ынталандыру мәселелерінде де маңызы зор.
Практикалық әдістер
Оқушылардың теориялық білімін практикада пайдалана білу дәрежелерін жетілдіреді.Бұл әдіс кітаппен жұмыс түрлері кезінде жазушы тілі, стилін анықтауда өте тиімді.
Зерттеу әдісі
Берілетін білімнің ғылымилығын арттыру, қосымша материалдармен байыту оқушыларды іздендіру, өз беттерімен проблеме шештіру мәселелерінде тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды щығару дағдыларын жетілдіруде өте пайдалы.

Слайд 9

"Үй тапсырмасы - келесі сабақтың іргетасы" деп бекер айтылмаған.  Үй жұмысы

"Үй тапсырмасы - келесі сабақтың іргетасы" деп бекер айтылмаған. Үй жұмысы оқушының
оқушының бүкіл оқу жұмысының бөлінбес бір бөлігі болып табылады. Үй тапсырмасын орындау барысында  оқушы санасына  білім берік  қалыптасып, оның өзіне деген сенімділігі артады.
Үй тапсырмасын күнделікті тексеріп, талдап отыру -  сапалы білімге қол жеткізудің басты шарттарының бірі.
Мұғалім үйге берілетін тапсырманы  оқушының  өзі еркін және қызыға орындайтындай етіп беруі тиіс.Үй тапсырмасының  шамадан тыс көп берілуі оқушының білімге деген құштарлығына кері әсер етуі мүмкін. Үйдегі оқу жұмысының табысты болуы, көбінесе сабақта мұғалімнің үй тапсырмасын орындау тәсілін оқушыларға тыңғылықты етіп түсіндіруіне байланысты.
Сондықтан мұғалім  оқушының үйдегі оқу жұмысын дұрыс ұйымдастыруда келесі шарттары ескергені абзал:

Слайд 10

Тапсырмаларды орындаудың қандай тиімді әдіс – тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау

Тапсырмаларды орындаудың қандай тиімді әдіс – тәсілдерін қолдануға болатыны туралы жақсылап нұсқау
беруі керек.
Тапсырмалар оқушыларды қызықтыратындай болуы және өмірімен, олардың іс- тәжірибелерімен байланысты болғаны жөн.
Тапсырма оқушының бәріне бірдей бірыңғай мазмұнда емес, мүмкін болған жағдайда бірнеше нұсқада болғаны пайдалы.
Тапсырманың  мазмұны шығармашылық сипатта болғаны жөн.
Тапсырманың көлемін белгілеуде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктері мен таным қабілеттерін ескергені жөн.
Тапсырманы тексеру және бағалау барысында мұғалім, оның орындалу сапасына айрықша мән беріп, жетістігі мен кемшілігіне оқушылардың назарын аударып отырғаны жөн.
Мұғалімнің берген бағасы әділетті болса онда ол оқушының ынтасын арттырып, үй тапсырмасын тыңғылықты орындап отыруға септігін тигізеді.
Мұғалімнің бағалауы оқушылардың өзін — өзі бағалауымен ұштасып отырса ғана ол жемісті болмақ.

Слайд 11

"Сынық вагон"
Ең әуелі " сарапшылар" тобы сайланады. Ол топ негізінен мәтінді тиянақты

"Сынық вагон" Ең әуелі " сарапшылар" тобы сайланады. Ол топ негізінен мәтінді
оқып, мазмұнын толық білетін, өздеріне аса сенімді 3-4 оқушыдан құралады. Олардың міндеттері басқа оқушыларды  мұқият тыңдау, "вагондарды" бір-біріне "тіркеу", " сынық вагонды" анықтау.Қалған  оқушыларға реттік нөмір таратылып беріледі.Бірінші нөмірлі  оқушы ("бірінші вагон") мәтіннің мазмұнын баяндауды бастайды.Сарапшылар ол  оқушыны кез-келген жерден тоқтатып келесі оқушыға ("вагонға") жалғастыруды  бұйырады. Осылайша жалғаса береді. Ал мәтін мазмұнын жалғастыра алмаған оқушы " сынық вагон" болып есептеліп,          " рельстен "  тақта алдына шығарылады.
Ең соңында сарапшылар "сынық вагондарға" сұрақтар қойып, олардың " жөнделуіне " мүмкіндік береді.
Әдістің тиімділігі: Мұнда  сабаққа дайындалмай келген оқушыны  мұғалім " ой, сен сынып қалыпсың ғой,онда келесі вагондардың  жүруіне кедергі жасамай,рельстен шыға ғой" деген ескерту арқылы тақта алдына ұрсып емес, ойын барысында шығарып, "енді қалғандарын  мұқият тыңдап тұрсаң, жөнделуге мүмкіндік аласың" деп оқушының сабаққа деген ықыласын арттырып қояды.Бұл әрекетті ойын  ретінде қабылдап тұрған оқушының көңіліне кірбің түспейді.Бағаны  сарапшылар қояды.

Слайд 12

Топтау арқылы тексеру
Кейде үйден жақсы дайындалып келген оқушымыздан сабақ  сұрай алмай "өкпелетіп

Топтау арқылы тексеру Кейде үйден жақсы дайындалып келген оқушымыздан сабақ сұрай алмай
" алатынымыз шындық.
Бұл әдіс уақытты үнемдей отырып , сынып оқушыларын түгел қамтуға мүмкіндік береді.
Үй тапсырмасын  айтуға тақта алдына  бірден 4-5 оқушы шығарылады.
Ал  орнында отырған  оқушылардың арасынан 3 оқушы сарапшы болады.Сонда бір мезетте  8 оқушы  бірден  қамтылады.
Сабақ айтуға шыққан  оқушылар тобы кезекпен мәтін мазмұнын жалғастыра  баяндайды.Сарапшылар баяндаушыны  мұқият  тыңдап ,     " келесі" деген белгімен келесі оқушыға жалғастыртады.Осылайша мәтін соңына дейін   әр оқушыға  бірнеше рет кезек келеді.Соңында сарапшы топ әр оқушыға жеке- жеке өз пікірі мен ұсынысын білдіріп,  баға береді.Шешуші баға  сарапшылардың  бағалауларына сәйкес қойылады.
Әдістің тиімділігі: Оқушылар бірін -бірі әділ бағалауға ,уәж айтуға, сынды қабылдай білуге , басқалардың пікірімен санаса білуге үйренеді.

Слайд 13

Қорытынды
Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты

Қорытынды Оқыту барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалім әдістемесіне, шеберлігіне де байланысты болады.
болады. Әдіс – тәсілдер деген не? Оқыту процесінде мынадай екі түрлі қызмет жүзеге асады. Бірінші мәселе – мұғалім оқытуы, екінші мәселе – оқушының оқуы. Мұғалім мен оқушының осы арақатынасы әр түрлі оқу қызметтері, оқыту әдістеріне жатады. Мысалы, мұғалімнің әңгімелесуі — әңгіме әдісі немесе кітаппен жүргізетін жұмыс түрлері – кітаппен жұмыс әдісі, оқушының жауап беруі оқушы білімін тексеру әдісі деп аталады. Сонымен, әдіс-тәсіл оқытушы мен оқушы арасындағы жұмыс түрлеріне байланысты әр түрлі болып келеді. Мектептегі оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Қорыта айтқанда,үйге берілген тапсырмаларды оқушының үнемі орындап, дұрыс ұйымдастырып отыруы оның жақсы үлгіруіне керекті шарттың бірі болып табылады.
Сол себепті мұғалім үнемі алдыңғы қатарлы тәжірибені жетілдіре отырып, оқу үрдісіне жаңа әдіс-тәсілдерді, оқытудың жаңа технологияларын енгізіп, оқушылардың жалпы дамуын қамтамасыз етуі керек. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отыру – мұғалімнің басты міндеті деп санаймын.

Слайд 14

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. 2013 жылы дайындалған бастауыш білім беру деңгейінің оқу

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 1. 2013 жылы дайындалған бастауыш білім беру деңгейінің оқу
бағдарламасы.
2. "Бастауыш сынып" журналы, 3-2012
3. "Ұстаз" журналы, 4-2010
4. "Үй тапсырмасына қойылатын  талаптар " Ж.Мергалиева, 2014ж
5. www.google.kz
6. «Білімділер» сайты
Имя файла: Презентация-Ероырова-Аерке.pptx
Количество просмотров: 107
Количество скачиваний: 0