Темірхан Е кл.эндо

Содержание

Слайд 2

Жоспар ;

Анықтама
Резоцин Формалиндеу әдісі ;
Күмістеу әдісі
Кері көрсеткіштері
Қорытынды

Жоспар ; Анықтама Резоцин Формалиндеу әдісі ; Күмістеу әдісі Кері көрсеткіштері Қорытынды

Слайд 3

Импрегнация – түбір каналының өтпейтін бөлігін , түрлі дәрі дәрмектерді сіңдіру арқылы

Импрегнация – түбір каналының өтпейтін бөлігін , түрлі дәрі дәрмектерді сіңдіру арқылы
әсер ету жолымен орындалатын әдіс болып табылады.

Слайд 4

 Түбір өзектерін импрегнациялау әдістерінің ішінде кеңірек қолданылатын 1913 жылы Альбрехт ұсынған –

Түбір өзектерін импрегнациялау әдістерінің ішінде кеңірек қолданылатын 1913 жылы Альбрехт ұсынған –
резорцин-формалиндеу әдісі. Ол үшін резорциннің формальдегидтің 40% ертіндісіндегі қанықтырылған ерітіндісі пайдаланылады. Бұл ерітінді таза шыны бетінде резорцин кристаллдарын формальдегид ертіндісіне біртіндеп қосып еріту арқылы дайындалады (резорцин кристаллдарының сұйықта еруі баяулай бастағанға дейін қосып, араластырып отырады) және резорцин-формалин сұйықтығы немесе шайыры деп аталады.

Слайд 5

Орындалу барысында

Бірінші қабылдауда, тісжегі қуысын тазалап, сауыт қуысын ашып, өліеттендіруші қойыртпақ

Орындалу барысында Бірінші қабылдауда, тісжегі қуысын тазалап, сауыт қуысын ашып, өліеттендіруші қойыртпақ
қояды
Екінші қабылдауда тісжегі қуысын егеп-тазалап, сауыт қуысын толық ашып, сауыт ұлпасын алады (пульпотомиялау- ампутациялау әдісін жүргізеді),өзек сағаларын кеңейте отырып

Слайд 6

Өтпейтін өзек сағасына (аузына) 1-2 тамшы сұйықтықты апарып тамызып, жіңішке түбір инесімен

Өтпейтін өзек сағасына (аузына) 1-2 тамшы сұйықтықты апарып тамызып, жіңішке түбір инесімен
2-3 минөттей уақытта өзекке итеріп сіңіреді және 2-3 рет қайталайды, сұйықтың сіңбей қалған бөлігін сорғызып алып, өзек ауызында осы сұйықпен ылғалданған мақта анжы немесе асбест кесегін қалдырып, уақытша пломбымен жабады.

Слайд 7

Келесі қабылдауда (үшінші қабылдауда) уақытша пломбыны алып, қатайған шайыр мен өзек қабырғалары

Келесі қабылдауда (үшінші қабылдауда) уақытша пломбыны алып, қатайған шайыр мен өзек қабырғалары
арасында пайда болған саңылауды (қатайған шайыр көлемі кішірейіп, қабырғадан ажырау барысында) толтыру үшін импрегнациялау әдісін қайталайды. Шайырдың тез қатаюы үшін оған бір тамшы катализатор қосады (антиформин, сілтілер KОH, NaОH 10% ерітінділері).

Слайд 8

Сұйықтың артығын мақта анжыға сіңіріп алған соң, өзектің өтетін бөлігін резорцин-формалин қойыртпағымен

Сұйықтың артығын мақта анжыға сіңіріп алған соң, өзектің өтетін бөлігін резорцин-формалин қойыртпағымен
пломбылайды (қойыртпақты сұйыққа мырыш тотығын қосу арқылы дайындайды) және аралық төсем төсеп, тұрақты пломбы қояды

Слайд 10

Нашар өтетін түбір өзектерін мумификациялау үшін параформальдегидті қойыртпақты немесе прополистің 10% спиртті

Нашар өтетін түбір өзектерін мумификациялау үшін параформальдегидті қойыртпақты немесе прополистің 10% спиртті
ертіндісін мырыш тотығымен қолдануға болады (Митина В.И., Марченко А.И., 1970). Өтпейтін түбір өзектерін жақсы зарарсыздандыру үшін (көбінесе ұлпаның созылмалы шіри қабынуы кезінде) 1913 жылы Гоу ұсынған күмістеу әдісін қолдануға болады.

Слайд 11

Бұл әдістің Я.С.Пеккер жетілдірген және оңайландырған түрі үшін азот қышқылды күмістің (күміс

Бұл әдістің Я.С.Пеккер жетілдірген және оңайландырған түрі үшін азот қышқылды күмістің (күміс
нитратының) 30% судағы ерітіндісі және 4% гидрохинон ерітіндісі пайдаланылады. Кеңейтілген және өңделіп құрғатылған өзек сағасына 1-2 тамшы күміс нитратының ерітіндісін тамызып, 1-2 минөт түбір инесінің көмегімен итеріп, өзекке сіңіреді және 2-3 рет қайталайды. Сұйықтың сіңбей қалған бөлігін мақта анжымен сорып алып, гидрохинон ерітіндісін тамызып (1-2 тамшы), оны да инемен итеріп сіңіреді және 2-3 рет қайталайды.

Слайд 12

Гидрохинон ертіндісінің тотықсыздандырушы әсерінің нәтижесінде ерітіндіден таза металл күміс бөлініп шығып, дентиннің құрамындағы

Гидрохинон ертіндісінің тотықсыздандырушы әсерінің нәтижесінде ерітіндіден таза металл күміс бөлініп шығып, дентиннің
белокпен қосылып, күміс альбуминатын түзеді және өзек қабырғалары мен ұлпа бетінде берік, жұқа жарғақ құрай шөгеді. Бұл әдіс түбір өзегін жақсы зарарсыздандырғанымен, өліеттенген ұлпаны болашақта ыдыраудан сақтай алмайды. Сондықтан, бұл әдіспен қатар резоцин-формалиндеу әдісін жүргізген өте тиімді болады

Слайд 14

Кері көрсеткіштері;
- резоцин Формалинге тістің түсін өзгертеді.
- күміске аллергиялық реакцияның

Кері көрсеткіштері; - резоцин Формалинге тістің түсін өзгертеді. - күміске аллергиялық реакцияның
болуы
- әдістің уақыттың көп алуы
- резоцин формалиннен кейін тістің сынғыш келуі
- дәрінің апикальді тесіктен шығып кеткен жағдайда, периодонт тіндерін тітіркендіруі.

Слайд 15

Қорыта келе айтсақ сипатталған әдіс сенімдірек деп есептеледі, бірақ ол барлық

Қорыта келе айтсақ сипатталған әдіс сенімдірек деп есептеледі, бірақ ол барлық импрегнационды
импрегнационды әдістер сияқты емдеудің қолайлы нәтижесіне кепілдік бермейді. Сонымен қатар, бұл әдіс дәрігер мен науқастың көптеген уақытын талап етеді, бірақ кейбір клиникалық жағдайларда оның қолданылуы сөзсіз.
Имя файла: Темірхан-Е-кл.эндо.pptx
Количество просмотров: 37
Количество скачиваний: 0