Содержание
- 2. № 5-Лекция Оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары
- 3. Жоспар: 1. Тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның мәні мен мақсаты, міндеттері және қызметі. 2. Сыныптан тыс
- 4. Проблемалық сұрақтары: 1. Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының оқу жұмыстарына қарағанда қандай ерекшеліктері және қажеттілігі бар?
- 5. Тәрбие жұмысы Бұл қоғамда қабылданған гумандық, әлеуметтік құндылық және азаматтық мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыруда мектепте арнайы ұйымдастырылған
- 6. Әлеуметтану әлеуметтік және психологиялық процестердің біртұтас жиынтығы. Солардың негізінде индивид білімдер, нормалар, құндылықтар жүйесін меңгереді. Олар
- 7. Тәрбие жұмысының мәні баланы тәрбие процесінде әртүрлі іс-әрекеттерге белсенді қатыстыру. Іс-әрекет барысында баланың өзіне, адамдарға, қоршаған
- 8. Тәрбие жұмысының міндеттеріне жатады: 1) оқушылардың әлеуметтік ортада қорғалуы және психологиялық бейімделуіне жан-жақты ықпал ету; 2)
- 9. Тәрбие жұмысы негізгінен үш қызметті атқарады. Бірінші қызметі мұғалімнің оқушыға тікелей ықпалымен байланысты. Ол өзінде қарастырады:
- 10. Тәрбие жұмысының құрылымы (В.А. Кан-Калик бойынша) 4 кезеңнен тұрады: 1. Болжамдық кезең, тәрбие нысанының жалпы үлгісін
- 11. Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау нәтижесі оның мазмұны мен формасын таңдауға ықпал етеді.
- 12. 2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы: мақсаты, міндеттері, мазмұны, қызметі. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының көптүрлігі Жеке тұлғаның
- 13. Сыныптан тыс жұмыс – оқушылардың өмір сүруі және өзіндік әрекет етуінің еркін түрі (спорт, музыка, би,
- 14. Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ғана ықпал
- 15. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері: 1) тәрбиенің жан-жақты салаларын жүзеге асыру; 2) оқушыда қоғамдық пайдалы белсенділікті
- 16. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының принциптері: 1) сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формалары мен бағытын таңдаудың еріктілігі; 2)
- 17. Принциптер тәрбие жұмысының мәнін анықтайды. 1) Сыныптан тыс жұмыста балалар өздерінің қабілеттерін көрсетеді, ұжым өмірінде өздерінің
- 18. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі қызметі. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері біртұтас педагогикалық процестің
- 19. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке байланысты оқушылардың психикалық процестерін,
- 20. . Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненті ретінде: мәні, міндеттері, ерекшеліктері, қызметі Мектептен тыс
- 21. Қазақстан республикасының міндетті жалпыға білім беру жүйесінде, мектептен тыс қосымша білім беру мекемелер де өмір сүреді.
- 22. Мектептен тыс мекемелердің негізгі қызметі тұлғаның таным және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту; қосымша білім беру бағдарламаларын
- 23. 4. Мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінің түрлері, ұйымдастыру принциптері мен мазмұны және формалары Мектептен тыс
- 24. Мектептен тыс мекемелерді құрудың алғашқы кезеңінде-ақ оның ғылыми негізідерін және оны ұйымдастырудың жалпы принциптерін, мазмұны мен
- 25. Мектептен тыс алғашқы мемлекеттік мектептен тыс мекеме 1918 жылы Москвада «Жас табиғатты сүюшілер» атты станциясы ашылды.
- 26. Мектептен тыс мекемелердің жұмысын ұйымдастыру формалары: - әртүрлі акцияларды, жобаларды, шараларды (балалардың шығармашылық фестивальдері, қала күні,
- 27. Әдебиеттер: Әбенбаев С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. /С.Әбенбаев, Г.Ахметова. – Астана: Фолиант, 2017. –
- 29. Скачать презентацию
Слайд 2№ 5-Лекция
Оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары
№ 5-Лекция
Оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстары
Слайд 3Жоспар:
1. Тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның мәні мен мақсаты, міндеттері және қызметі.
2.
Жоспар:
1. Тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның мәні мен мақсаты, міндеттері және қызметі.
2.
3. Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненті ретінде: мәні, міндеттері, ерекшеліктері, қызметі.
4. Мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінің түрлері, ұйымдастыру принциптері мен мазмұны және формалары.
Слайд 4Проблемалық сұрақтары:
1. Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының оқу жұмыстарына қарағанда қандай ерекшеліктері
Проблемалық сұрақтары:
1. Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының оқу жұмыстарына қарағанда қандай ерекшеліктері
2.Оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының бағыттары мен түрлері қандай және оларды анықтау неге байланысты?
3.Оқушылардың сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының мақсаты мен міндеттері қандай?
4.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметіне не жатады?
5.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны нені қамтиды?
6.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұнына әсер ететін факторларды атаңыз.
7.Сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының формаларының түрлері мен ерекшеліктері қандай?
8.Оқушылардың тәрбие жұмыстарында мектептен тыс мекемелердің қызметі қандай?
9.Мектептен тыс мекемелердің мектептегі оқу-тәрбие жұмысына қарағанда ерекшеліктері қандай?
10.Мектептен тыс мекемелердің түрлері мен олардың жұмысын ұйымдастырудың формалары қандай?
Слайд 5Тәрбие жұмысы
Бұл қоғамда қабылданған гумандық, әлеуметтік құндылық және азаматтық мінез-құлықтың үлгісін
Тәрбие жұмысы
Бұл қоғамда қабылданған гумандық, әлеуметтік құндылық және азаматтық мінез-құлықтың үлгісін
Тұлғаның толыққанды дамуына және қалыптасуына жағдай жасауға бағытталған үлкендер мен балалардың өмір сүру әрекетін ұйымдастыру процессі.
Белгілі бір іс-шаралардың жыйынтығы, тізбегі емес, керісінше – бұл белгілі бір іс-әрекеттің түрі, ондағы технологиялардың үйлескен құрылымы. Бұл жағдайда мектеп тек оқу-тәрбие мекемесі ғана болмайды, оның әлеуметтік-педагогикалық қызметі де күшейтіледі.
Соған орай мектептің педагогикалық әрекеті тәрбие жүйесінің құрылымында ұйымдастырылып, өзінің барлық күш-жігерін оқушылардың нәтижелі әлеуметтенуіне бағыттауға мүмкіндік алады.
Слайд 6Әлеуметтану
әлеуметтік және психологиялық процестердің біртұтас жиынтығы. Солардың негізінде индивид білімдер, нормалар, құндылықтар
Әлеуметтану
әлеуметтік және психологиялық процестердің біртұтас жиынтығы. Солардың негізінде индивид білімдер, нормалар, құндылықтар
Слайд 7Тәрбие жұмысының мәні баланы тәрбие процесінде әртүрлі іс-әрекеттерге белсенді қатыстыру. Іс-әрекет барысында
Тәрбие жұмысының мәні баланы тәрбие процесінде әртүрлі іс-әрекеттерге белсенді қатыстыру. Іс-әрекет барысында
Тәрбие жұмысының негізінде тәрбие процессі жүзеге асады.
тәрбие процесінің мәні - әртүрлі тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыру жағдайымен анықталатындығы. Бұл әрекетте баланың оған қатынасуы (шығармашылығы, белсенділігі, дербестігі т.с.с.) мен қарым-қатынасының (қызығушылығы, қажеттілігі т.с.с.) сипаты ерекше маңызға ие болады. Сондықтан да тәрбие процесінде мұғалімге, ұстаздарға, тәрбиешілерге тәрбиелік іс-әрекеттерді ұйымдастыруда белгілі бір талаптар қойылады. Олар баланың қызығушылығын, ықыласын тәрбиелеп, қажеттілігі мен талабын ынталандыруы және тәрбиелік іс-шараларға жағымды қарым-қатынас орнықтыруы тиіс.
Тәрбие процесі тәрбиенің мақсаты мен оны ұйымдастыру сипатын анықтайды. Сондықтан да ол мақсатты және саналы процесс болып табылады.
Тәрбие жұмысының негізгі мақсаты тұлғаның интелектуалдық, қоғамдық-саяси, адамгершілік-эстетикалық және т.б. жан-жақты мәдениетінің үйлесімді дамуын қамтамасыз ету. Оны жүзеге асыру тұлғаның өзінің белсенді әрекетінсіз мүмкін болмақ емес.
Слайд 8Тәрбие жұмысының міндеттеріне жатады:
1) оқушылардың әлеуметтік ортада қорғалуы және психологиялық бейімделуіне жан-жақты
Тәрбие жұмысының міндеттеріне жатады:
1) оқушылардың әлеуметтік ортада қорғалуы және психологиялық бейімделуіне жан-жақты
2) өмірдің әртүрлі саласында оқушылардың өзін-өзі анықтауына барынша жағдай тудыру;
3) оқушының тұлғалық жеке-дара қабілетін анықтау;
4) саналы, белсенді, іскер, ұлтжанды азаматты тәрбиелеу;
5) оқушылардың салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеу;
6) оқушылардың өзін-өзі дамытуы және өзін-өзі басқаруына барынша ықпал жасау және т.б.
Слайд 9Тәрбие жұмысы негізгінен үш қызметті атқарады.
Бірінші қызметі мұғалімнің оқушыға тікелей ықпалымен байланысты.
Тәрбие жұмысы негізгінен үш қызметті атқарады.
Бірінші қызметі мұғалімнің оқушыға тікелей ықпалымен байланысты.
а) оқушының жеке-дара даму ерекшеліктерін, қоршаған ортасын, қызығушылығы мен қажеттілігін зерттеу;
б) тәрбиелік ықпалды болжау және жоспарлау;
в) оқушымен жеке жұмыста тәрбиенің кешенді әдістері мен формаларын жүзеге асыру;
Екінші қызметі тәрбие ортасын құрумен байланысты.
а) оқушылар ұжымын және онда жағымды эмоционалды күйді қалыптастыру;
б) оқушыларды жан-жақты қоғамдық пайдалы әрекеттерге тарту;
в) балалардың өзін-өзі басқаруын дамыту.
Үшінші қызметі тәрбие процесінде субъектілердің өзара әрекетітесу ықпалын тәртіпке салуға бағытталған.
а) мектеп пен отбасының әрекетін үйлестіру;
б) педагогикалық ұжыммен өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
в) бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын қадағалау;
г) әлеуметтік ортаның жағымсыз ықпалын бейтараптандыру;
д) мектептің қосымша білім беру ұйымдарымен өзара әрекеттесуін орнықтыру.
Слайд 10Тәрбие жұмысының құрылымы (В.А. Кан-Калик бойынша) 4 кезеңнен тұрады:
1. Болжамдық кезең, тәрбие
Тәрбие жұмысының құрылымы (В.А. Кан-Калик бойынша) 4 кезеңнен тұрады:
1. Болжамдық кезең, тәрбие
2. Коммуникативті кезең, яғни тәрбие ісіне қатысы бар адамдардың бір-бірімен пікір алмасу. Тәрбие жоспары, мазмұны т.б. құру.
3. Педагогикалық процесті басқару және жүргізу кезеңі.
4. Талдау кезең. Жүргізілген тәрбие жұмысының нәтижесін талдау.
Слайд 11Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау нәтижесі оның мазмұны мен
Осы бағыттағы жұмыстың мақсат, міндеттері және қызметін анықтау нәтижесі оның мазмұны мен
Тәрбие жұмысының мазмұны әлеуметтік тәжірибеге бейімделген адам баласы өмірінің әртүрлі саласындағы, өзіндік тәжірибесіндегі: ғылымда, өнерде, әдебиетте, техникада, өзара қарым-қатынаста, моральдық бейнесінде бастан кешірген және жүзеге асырған жағдайларын қамтиды. Соған орай тәрбие жұмысының мазмұнының ерекшеліктері сипатталады:
-біріншіден, сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді (сезімі арқылы ақыл-ойына әсер ету);
-екіншіден, баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды көздейді (әртүрлі іскерлік пен дағдысын жетілдіру);
-үшіншіден, жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру;
төртіншіден, коммуникативтік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу (ұжымда өмір сүре білу, ұжым болып ауызбірлікте қоғамдық пайдалы істерді атқару т.с.с.);
-бесіншіден, этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.
Тәрбие мазмұны балаға негізінде өмірдің мәні мен мақсатын түсінуге және өмірде өзіне жол таба білуге көмектесуі қажет. Соған орай педагогикалық процесс тек оқу әрекетімен ғана шектелмеуі тиіс. Егер мұғалім баламен сабақта ғана қарым-қатынас жасайтын болса, онда ол тәрбие міндеттерін толыққанды шеше алмаған болар еді.
Демек, сыныптан тыс жұмыс, оқудан тыс жұмыс, сабақтан тыс жұмыс, мектептен тыс жұмыс – бұлар негізінен тәрбие жұмысы деп аталады. Бұл жұмысты сынып жетекшілері мен пән мұғалімдері бірлесе атқарады.
Слайд 122. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы: мақсаты, міндеттері, мазмұны, қызметі. Сыныптан тыс тәрбие
2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы: мақсаты, міндеттері, мазмұны, қызметі. Сыныптан тыс тәрбие
Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысы – бұл мектепте, мектептен тыс мекемелерде, қоғамдық ұйымдар және бірлестіктерде, тұрғылықты мекен жайда балалар және жас өспірімдермен оқудан тыс мезгілде өткізілетін жұмыс ретінде қарастырылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – сынып жетекшісінің және пән мұғалімдерінің жетекшілігімен сабақтан тыс мезгілде оқушылармен өткізілетін тәрбие жұмысынің түрі.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы – оқушылардың рухани қалыптасуында, олардың азаматтық позицияларының (ұстанымдарының) белсенді қалыптасуында, интелектілік және шығармашылық күштерінің толығуында педагогикалық ықпал етудің бірден-бір маңызды құралы.
Слайд 13Сыныптан тыс жұмыс – оқушылардың өмір сүруі және өзіндік әрекет етуінің еркін
Сыныптан тыс жұмыс – оқушылардың өмір сүруі және өзіндік әрекет етуінің еркін
Сыныптан тыс жұмыстың ерекшелігі:
Біріншіден, сыныптан тыс әртарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
Екіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
Үшіншіден, сыныптан тыс түрлі бағыттағы тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің қайсы бір түріне қатысты қызығушылықтың дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде балада еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде жастар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан ол бүгіндеөте күрделі мәселеге айналуда.
Слайд 14Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара
Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара
Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуге мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қосымша, одан шығармашылық белсенділікті талап етеді.
Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайдың болмауын қажет етеді.
Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.
Слайд 15Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері:
1) тәрбиенің жан-жақты салаларын жүзеге асыру;
2) оқушыда қоғамдық
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері:
1) тәрбиенің жан-жақты салаларын жүзеге асыру;
2) оқушыда қоғамдық
3) оқушыларда білімнің әр саласына және тәрбие әрекеттің әр түріне қызығушылықтарын ояту және тереңдету;
4) тәрбие әрекетінде оқушылардың өзіндік қабілеттерін анықтау және дамыту;
5) оқушылардың кәсіби бағытын жүзеге асыру;
6) мәдени демалысын ұйымдастыру
7)оқушылардың өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жүзеге жүзеге асыруға педагогикалық қолдау көрсету және т.б.
Слайд 16Сыныптан тыс тәрбие жұмысының принциптері:
1) сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формалары мен бағытын
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының принциптері:
1) сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру формалары мен бағытын
2) тәрбие жұмысының қай түрі болмасын, қоғамдық бағытының болуы;
4) тәрбие жұмысының мақсатын жүзеге асыруда кешенділік және жүйелік принципін басшылыққа алу;
5) балалардың бастамшылдығы және өздік іс-әрекеттері, өздік бағыттылығының болуын қамтамасыз ету;
6) тәрбие әрекеті тек көңіл көтеру түрінде ғана болмауы тиіс, онда романтика, ойын, қызығушылықтың болуы міндетті;
5) көпшілік, жеке даралық және ұжымдық формалардың үйлесімділігінің болуы;
6) сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының барлық түрлерінің сабақтастығы және өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету;
7)оқушының жас және дара ерекшелігі мен қабілетін (денсаулығы, интелектуалды даму деңгейі, қажеттілігі, қызығушылығы, іс-әрекетінің сипатын және т.б.) есепке алу;
8)сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижелі болуы негізінен ұйымдастыру жұмыстарының нақтылығы, оқу кестесін немесе уақыттың қатаң сақталуын басшылыққа алу және т.б.
Слайд 17Принциптер тәрбие жұмысының мәнін анықтайды.
1) Сыныптан тыс жұмыста балалар өздерінің қабілеттерін
Принциптер тәрбие жұмысының мәнін анықтайды.
1) Сыныптан тыс жұмыста балалар өздерінің қабілеттерін
2) Сыныптан тыс жұмыс балалардың таным әрекетін белсендіруге, саналы қажеттілігін қалыптастыруға, ақыл-ойын, еркіндігін, сондай-ақ адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін дамытуға жағдай тудырады.
3)Сыныптан тыс жұмысы оқу-тәрбие процесінің бірізділігін қамтамасыз етеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұны – бұл базалық және жалпы әлемдік пен ұлттық мәдениет тәжірибесін; өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениетін; экономикалық және еңбек мәдениетін, саяси, демократиялық және құқық мәдениетін; интеллектуалдық, адамгершілік, көркемөнер және дене мәдениетін: қарым-қатынас мәдениетін және отбасылық тәрбиені беру мен меңгертуді көздейді.
Сондай-ақ, сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұнына әсер ететін қосымша факторлар да болады. Олардың қатарына,
1. Мектептің ерекшелігі және ондағы қалыптасқан дәстүрлер. Мысалы, егер мектепте оқуға басымдылық берілген болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында таным аспектісі басым болады т.с.с.
2. Оқушылардың жас, жеке-дара және сынып ерекшелігі.
3. Мұғалімнің өзінің жеке басының ерекшелігі, қызығушылығы, бейімі т.с.с. Егерде мұғалім оқушыларды оқытуда жоғары нәтижеге қол жеткізуге тырысса, онда оның мақсатына жетуге ықпал ететін сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнын таңдайды. Басқадай жағдайда, мысалы, мұғалім үшін, мүмкін оқыту процесінде тұлғаны қалыптастыру маңызды болса, онда сабақтан тыс тәрбие жұмысында еңбек және шығармашылық әрекетке басымдылық беріледі; оқушыларға спорттық-сауықтыру әрекеті арқылы ықпал ету, көбінесе спортты жақсы көретін мұғалім арқылы болады т.с.с.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұны оның ұйымдастыру формасында жүзеге асады. Сондықтан сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының мазмұны оқушылардың сабақта алған теориялық білімдерін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, олардың жеке қабілеттерін дамыта түсерліктей болғаны жөн. Ондағы материалдың мазмұндылығы, идеялық және әдістемелік сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты болып келеді.
Слайд 18Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі қызметі.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының негізгі қызметі.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рөл атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т.б. үйретеді.
Мысалы, мұғалім “қонаққа барған жағдайда қандай мінез-құлық ережелерін сақтау” қажеттігі туралы оқушылармен әңгіме өткізуді жоспарлады делік Ол үшін оның мақсатына баланың “мінез-құлық ережесі” туралы білімдерін кеңейтуді белгілейді. Бұл тәрбие жұмысының білімділік қызметін атқарады. Яғни, балада қонаққа барған жағдайда белгілі бір мінез-құлық ережелерін ескеруді қалыптастыру; этикалық нормаларын сақтауға үйрету; “мінез-құлық нормалары” деген этикалық ұғымды қалыптастыру; сол сыныптағы балаларда кездесіп қалатын “мінез-құлық нормаларына” қатысты кейбір келеңсіз әрекеттерін талқылауға арналған міндеттерді белгілейді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының тәрбиелік қызметі негізінен білім беру қызыметімен тікелей байланыста болып келеді. Себебі тәрбие білім беру арқылы жүзеге асатыны бізге мәлім. Олай болса баланың сабақтар жүйесінде алған білімі, сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында өз жалғасын табады. Оның барысында баланың дүниетанымы кеңейеді, адамгершілік қасиеттері дамиды, өзін қоршаған ортаға қызығушылығы, эстетикалық талғамы артады, патриоттық сезімі оянады, нәтижесінде білім алуға деген ынтасы орнығады. Демек, білім бере отыра тәрбиеле, тәрбиелей отыра білім бер деген қағида жүзеге асады.
Оған француз халқының атақты жазушысы В.Гюгоның «Тәрбие – ар-ұяттың ісі, оқыту – ғылымның ісі, соңынан, адамда қалыптасқан танымның осы екі саласы бірін-бірі толықтырады» деген пайымдауымен, орыстың атақты ғалымы Д.И.Менделеевтің «Тәрбиесіз білім, есі ауысқанның қолындағы қылышпен тең» деген пікірі дәлел ретінде айғақтайды.
Сондай-ақ, тәрбиелік қызмет оқушылардың тәрбие ортасын құрумен де байланысты қарастырылады. Мәселен, біздің жоғарыда баяндағанымыздай,
а) оқушылар ұжымын құру және онда жағымды эмоционалды күйді қалыптастыру;
б) оқушыларды жан-жақты қоғамдық пайдалы әрекеттерге тарту;
в) балалардың өзін-өзі басқаруын дамыту секілді т.б. тәрбие міндеттері жүзеге асады.
Слайд 19Сыныптан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының дамытушылық қызметінің маңызы ерекше. Ол белгілі бір әрекетке
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының түрлері (формалары):
Мазмұнына байланысты:
жалпы: дәрістер, кештер, байқаулар, конкурстар, жорықтар т.б.;
арнаулы: эстетикалық тәрбие, азаматтық тәрбие, экологиялық тәрбие формалары және т.б.
Қатысушылардың санына байланысты: жеке-дара; топтық; ұжымдық (көпшілік немесе бұқаралық).
Мектеп тәжірибесінде сыныптан тыс жұмысты басқарудың әртүрлі формалары мен әдістері және құралдары қолданылады. Оған сынып жетекшілері пән мұғалімдерімен бірлесе басшылық жасайды. Олар бір жағдайда пән мұғалімдері, ал екінші бір жағдайда балалардың тәрбиешілері болып есептелінеді.
Слайд 20.
Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненті ретінде: мәні, міндеттері,
. Мектептен тыс тәрбие жұмысы тәрбие жұмысының бөлінбес компоненті ретінде: мәні, міндеттері,
Мектептен тыс тәрбие жұмысы – бұл қосымша білім беру мекемелерінің ұйымдастыруымен жүргізілетін тәрбие жұмысы. Олардың жұмыстары екі мәселемен байланысты қарастырылады: балалардың демалысы және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.
Әлеуметтік-педагогикалық категория ретінде «Бос уақыт» деп адамның өндірістен тыс әрекеті саналады. Егерде, бұны балаларға тән қатынасына сәйкес қарастырсақ, онда ол сабақтан тыс ерекше әрекет ретінде танылады. Ол әрекеттегі өзіне тән еріктілігімен, қызығушылығымен, шығармашылығымен сипатталады.
көңіл көтеру
баланың шығармашылығын дамыту.
«Бос уақыт» ұғымының өзара байланысты екі түрі бар:
Слайд 21Қазақстан республикасының міндетті жалпыға білім беру жүйесінде, мектептен тыс қосымша білім беру
Қазақстан республикасының міндетті жалпыға білім беру жүйесінде, мектептен тыс қосымша білім беру
Олар балалар мен жас өспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырудың негізгі орталығы – мектептен тыс мекемелер ретінде танылады.
Мектептен тыс мекемелер (балаларға қосымша білім беру) - өскелең жас ұрпақтың жеке тұлға ретінде дамуына мектеппен бірге қосымша көмек көрсететін, айнала қоршаған ортамен таныстыратын, демократиялық және гуманистік тұрғыдан қоғамды құруға қатыстыратын әлеуметтік тәрбие институты болып саналды.
Мектептен тыс мекемелер – бұл білім беру мекемелерінің дербес түрі, олардың іс-әрекеті, ең алдымен оқушылардың демалысы мен бос уақыттарын тиімді пайдалану, жеке-дара әлеуметтік-мәдени және қосымша білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты қарастырылады. Бұлар негізінен олардың жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтайды. Соған орай қосымша білім беру мекемелерінің мақсаты балалар мен жас өспірімдердің қызығушылығы мен қажеттілігін ескере отыра, таңдап алған іс-әрекеттерінің саласына қатысты қосымша білімдермен қаруландыру, шығармашылық қабілеттерін дамытуы, өзін-өзі жүзеге асырулары үшін барынша жағдай тудыру.
Слайд 22Мектептен тыс мекемелердің негізгі қызметі
тұлғаның таным және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;
қосымша
Мектептен тыс мекемелердің негізгі қызметі
тұлғаның таным және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту;
қосымша
баланың, қоғамның, мемлекеттің қызығушылығы мен қажетіне сай қызмет көрсету және т.б.
Мектептен тыс мекемелердің жұмысының мазмұны негізінен төмендегі бағытта жүргізілді:
1.Нұсқау-әдістемелік жұмыстар.
2.Ұйымдастыру-көпшілік жұмыстар.
3.Үйірмелік жұмыстар.
Демек, біздің байқағанымыздай, балаларды тәрбиелеу көптеген факторлардың ықпалында жүзеге асатындығы. Олар балаларға жеке-дара, өзара келісімсіз және өзара қарама-қайшылықта әсер етпейді, керісінше мектептің тәрбие жүйесінің мүмкіндіктерін кешенді толықтырады. Бұндай жағдай кәсіби педагогтарға бірінші кезекте жауапкершілікті жүктейді.
Соған қарамастан қоғамның өсіп келе жатқан жас жеткіншектерін толыққанды тәрбиелеу міндеті барлық әлеуметтік институттарына міндеттеледі.
Слайд 234. Мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінің түрлері,
ұйымдастыру принциптері мен мазмұны және
4. Мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінің түрлері,
ұйымдастыру принциптері мен мазмұны және
Мектептен тыс қосымша білім беру мекемелерінің құрылымына белгілі бір тәрбиелік қызыметтерді атқаратын балалар мен жасөспірімдердің әртүрлі оқу-тәрбие мекемелері және қоғамдық әкімшілік ұйымдары, арнаулы мектептер, секциялар, шығармашылық үйлері, студиялары (музыкалық, көркемөнер, театр, спорт т.с.с.), клубтары кіреді.
Бүгінде мектептен тыс қосымша білім беру мекемелері мемлекеттік, қоғамдық және жекелік сипатта болып келеді. Олардың қатарына:
Олардың қатарына:
балалардың және жастардың шығармашылық, үйлері және орталығы;
балалар мен жастардың бірлестіктері;
көпсалалы клуб жұмыстары;
арнаулы мектептер мен студиялар (музыкалық, көркемдік, спорттық-сауықтыру, туристік);
оқушылардың ғылыми қауымдастығы;
туристік-өлкелік, экологиялық, мәдени жорықтар;
жазғы еңбек және демалыс, сауықтыру және т.б.
Сондай-ақ, жастардың бейресми ұйымдарымен қатар үлкендердің басшылығымен балалардың көптеген бірлестіктері және қозғалыстары да өмір сүруде. Солардың ішінде балаларды әлеуметтендіру институттарының жұмысы ерекше маңызды
Слайд 24Мектептен тыс мекемелерді құрудың алғашқы кезеңінде-ақ оның ғылыми негізідерін және оны ұйымдастырудың
Мектептен тыс мекемелерді құрудың алғашқы кезеңінде-ақ оның ғылыми негізідерін және оны ұйымдастырудың
Мектептен тыс мекемелердің алғашқы жүйесі Ресейде ХІХ ғасырда (1905 ж. Мәскеу облсында) орыс және кеңес педагогы Станислав Теофилович Шацкийдің (1878-1934 жж.) басшылығымен және орыстың алдыңғы қатарлы педагогтарының қатысуымен құрылған балалар және жасөспірімдер үшін үйірмелер, клубтар, шеберханалар, балалардың күндізгі паналау орындары, жазғы демалыс лагерлері-колониясы және т.б.
С.Т.Шацкий 1906 жылы «Сетлемент» (ағыл. settlement – қоныстану, кешен) атты мәдени-ағарту қоғамын құрды. 1909 жылы «Балалардың еңбегі және демалысы» («Детский труд и отдых»( қоғамына жетекшілік етті. 1911 жылы әйелімен бірге «Сергек өмір» («Бодрая жизнь») атты балалардың жазғы колониясын құрды. Бұл қоғамдық мекемелердің көздеген мақсаты балалардың мәдени және қоғамдық қажеттілігін қанағаттандыру.
Слайд 25Мектептен тыс алғашқы мемлекеттік мектептен тыс мекеме 1918 жылы Москвада «Жас табиғатты
Мектептен тыс алғашқы мемлекеттік мектептен тыс мекеме 1918 жылы Москвада «Жас табиғатты
1930 жылдары «мектептен тыс білім беру» атауы «мектептен тыс тәрбие беру» деп өзгертілді, кейіннен «мектептен тыс мекемелер» және «балаларға қосымша білім беру мекемелері» деп атала бастады.
Балаларға қосымша білім беру
Оқушыларға танымдық және шығармашылық қажеттігін өтеуде, өздерін барынша жүзеге асыруға, тұлғалық және кәсіби өзін-өзі тануына мүмкіндік беретін жалпы білім берудің құрамдас бөлігі. Көптеген ғалымдардың пайымдауынша балаларға қосымша білім беру - тәрбие және білім берудің көмегімен қосымша білім беру бағдарламасын жүзеге асыруда мақсатты процесс ретінде түсіндіреді.
1930-40 жылдары мектептен тыс мекемелердің жаңа түрлері пайда болды: пионерлер үйі, балалардың мәдени-шығармашылық үйлері, балалар паркі, жас техниктер станциясы, балалар кітапханалары және т.б. Оларды бірте-бірте ұйымдастырудың формалары мен әдістері жетіле бастады. Олардың жұмысына тек халыққа білім беру мекемелерімен қатар кәсіподақ ұйымдары және көптеген минстрліктер, ұйымдар мен мекемелер ат салысты.
Яғни 1940 жылдары Кеңес өкіметі бойынша ағарту, мәдени, темір жол, өзен және теңіз флоты министрліктеріне, сондай-ақ ерікті спорт қоғамдары және т.б. мекемелерге қарасты 1846 мектептен тыс мекемелер құрылған.
Слайд 26Мектептен тыс мекемелердің жұмысын ұйымдастыру формалары:
- әртүрлі акцияларды, жобаларды, шараларды (балалардың шығармашылық
Мектептен тыс мекемелердің жұмысын ұйымдастыру формалары:
- әртүрлі акцияларды, жобаларды, шараларды (балалардың шығармашылық
-балалардың жазғы еңбек және демалыс лагерлерін, жорықтарын, экспедицияларын бірлесе жүргізу;
-жорықтар, байқаулар, спартакиадалар, фестивалдар, слеттер, эстафеталар, акциялар, секциялар, жарыстар;
-жас натуралистер станциясы, жас техниктер станциясы, жас туристер, спорттық, көркемөнер, музыкв мектептері, пионер лагерлері және т.б. мектептен тыс мекемелер.
Бүгінде мектептен тыс мекемелердің жұмысын ұйымдастырудың мақсаты мен оқу бағдарламасы және формаларына қатысты көптеген мәселелер өз шешімін табуда.
Слайд 27Әдебиеттер:
Әбенбаев С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. /С.Әбенбаев, Г.Ахметова. –
Әдебиеттер:
Әбенбаев С. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқулық. /С.Әбенбаев, Г.Ахметова. –
Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004. Б. 138-147.
Әбенбаев С. Сынып жетекшісі: оқу-әдістемелік құрал. Алматы: Дарын, 2004. – 204 б.
Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. – Алматы, 2000.
Б.И.Иманбекова. Тәрбиеге жетекші. –Алматы, 2004. Б. 119-144.
Болдырев Н. Класс жетекшісі. -Алматы: Мектеп, 1980.
Ақназаров Б. Класс жетекшісі. -Алматы: Мектеп, 1973.
Класс жетекшісінің жұмысы туралы. Алматы, 1957.
Капралов Р. Класс жетекшісінің жұмысы. - А., 1983.
Ильина Т.А. Педагогика.- М., 1984. С.450-461
Ілиясова А.Н. Класс жетекшісінің жүргізетін тәрбие жұмысының жүйесі. – Алматы, 1991.
Н.Қ.Тайтанова. Сынып жетекшісі жұмысының мазмұны. –Алматы: ББЖ ҚБАРИ. – 2010. – 170 б.
13.Д.Урумбазарова. Сынып жетекшісі және оның ролі. Сыныптағы тәрбие. № 1, 2010. – Б. 12 .
14. «Сынып жетекшісі» журналының сауалнамасы: Сынып жетекшісі, ол кім? Сынып жетекшісі. №5, 2004. Б. 3-12.