Гештальт терапиясы
Кіріспе Қазіргі танда жеке тұлға болып қалыптасуда кез келген парасатты бағыт түсінікті болып, адами мінез- күлық фактілеріне негізделуі керек. Психология және «мен» касиетін түсіне білушілік бір ізді жүруі тиіс. Өзімізді білмей, не істеп жүргенімізді түсінбейміз, өз мәселеміздің шешілетініне сене алмау, өмірде өзімізде барымызбен канағаттанбау, тіршілік ету үмітінен бас тартуымызға әкеледі. Алайда адамның “өзін” түсіне білу білуі, жәй ғана акыл еңбегіне карағанда тереңірек жұмыс жасауды кажет ететініні белгілі. Фринц С. Перлз- гуманистік бағыттың жетекшісі, гештальт терапиянын негізін салушы болып саналады. Онын алғашқы «Эго, ашығу және агрессия» еңбегінде Фрейдтін теориясын кайта карайды. Гештальт психологиясының тарихы Гештальт терапиясының қалыптасуы психоаналитикалық қимылмен қосыла отырып Вильгельм Райх, Карен Хорни , Отто Фенихель және тағы басқалармен бірікті. Гештальт психологиясының дамуы ХХ ғасырдың 40 жылдарында Австрияда , АҚШ - та , батыс елдерінен кейін , Ресей де және біздің елде гештальт терапиясы таңдамалы деңгейге көтерілді . Академиялық психологиялық жұмыста Вертхаймер , Келер , Левин және т.б. осы бағытта өз еңбектерін сіңірді . Гештальт неміс сөзі аудармасы «конфигурация», қазақ тілінде «құрылым», «бейне», «құрылымдық қатынас», «мәнді ұйымдасқан бүтіндік», «тұтастық» мағынасын береді . Гештальт сөзі қарапайым түсінікте саналы меңгеру дегенді білдіреді . Саналы меңгеруге сипат ол сезіну , қозу , білім алумен байланысудан бастау алады . Гештальт психологиясы алдымен өнер мен білім жүйесінде қолданылды. Гештальтың бихевиористерден ерекшелігі алдыңғы орынға қағида ретінде қабылдауды қояды . Гольдштейннің тамаша еңбегінде «нейропсихологияда» осы бағыт алғаш қолданылған. Гештальт бағытына көз - қарас ол- табиғилық , тазалық , бұзылмағандық адамның өмірге ықпалы болып табылады . Адамның ағзасы дамиды , ортамен өзі өсіп жетілу үшін бірігеді .