Жүктерді маркировкалау
Таңбалау – бұл жүкті тасымалдағандағы және сақтағандағы ұсталым әдістері туралы ақпарат беретін қораптағы мәтін, шартты белгі және сурет. Таңбалау МЕСТ 14192-96 халықаралық стандартына сәйкес бояумен, жапсырмаларды, биркаларды жабыстырумен жасалады және негізгі, қосымша және ақпараттық жазбалардан (жүктік және көліктік таңбалау), манипуляторлық белгілерден (арнайы таңбалау) тұрады. Жүктік таңбалаудың негізгі жазбалары мыналардан тұрады: жүк алушының толық немесе шартты аталуы; қайта тиеу станциясы (қажет болғанда) көрсетілген келіп түсу пунктісінің аталуы. Жүктерді маркировкалау Көліктік маркировка әр жүк орнына стандартқа сай және анық белгіленуі тиіс. Себілмелі жүктерді тасымалдау кезінде маркировка қойылмайды. Маркировка қағаз, картон немесе темір параққа жазылып, жүк орнына бекітіледі. Жүк орнына жазылу да рұқсат етілген. Маркировкалар типографиямен, литографиямен, электролитмен, трафареттік бояумен, таңбалаумен, күйдірумен, компьютермен және маркировкалаушы машинамен белгіленеді.