Экономикалық талдау

Слайд 2

 Кәсіпорын  табысының қалыптасуы және оның  орналастырылуы (үлестірілуі,пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің  ерекшеліктерімен және стратегиялық  мақсаттарымен анықталады.
Кәсіпорынның  жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі,қаржылық ,инвестициялық қызметтерден,төтенше

Кәсіпорын табысының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі,пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және
жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады.      
Жалпы  табыстың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары  кіреді.Бірінші кезекте жалпы  табыс өнімді өткізуден,яғни  негізгі  қызметтен алынған табысты қамтиды.Бұл  табыс жалпы өнімді өткізуден  түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді өнімді өндіруге,өткізуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.      
Екіншіден,жалпы  табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді  сатудан алынған табыс,яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы
өзгерістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің,көлік  шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың)табыстары  кіреді.         
 Үшіншіден  ,жалпы табыстың құрамына негізгі  қорларды және өзге де мүліктерді  студан түскен табыс кіреді.         
 Сондай-ақ,жалпы  табыс өткізілімнентыс алынған  табыстар мен шығындарды, яғни  тауар немесе қандай да бір  активті сатудан тыс  операциялардың нәтижесін  қамтиды.      
Кәсіпорынның  қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру объектісі ретінде қпрастырылады.Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге,ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады.Табысты үлестіру заңдылығы-салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі.Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытына анықтау кәсіпорынның құзыретіне жатады.       

Слайд 3

Табысты үлестірудің негізгі принціптері  келесілер:       
-  кәсіпорынның өндірістік -шаруашылық ,қаржылық және инвестициялық  қызметтерден алынған

Табысты үлестірудің негізгі принціптері келесілер: - кәсіпорынның өндірістік -шаруашылық ,қаржылық және инвестициялық
табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен  кәсіпорын арасында бөлінеді;      
- мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі.Салықтардың құрамы,мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде бегіленеді;       
-салықтардан  кейін шаруашылық субъектінің қарамагында қалатын табыс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;      
Кәсіпорыннын  әрі карай дамуын қамтамасыз ететін қорларға ал қалаға бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді.
Кәсіпорын қарамағында  қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке бөлінеді.Бірінші бөлігі тұтыну қорлаоына,екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.
Тұтыну қорларына  бағытында қолданылып табыс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізу,сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады.Кәсіпорынныңкапиталын ұлғайтұға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға,өнімнің өзіндік құнын төмендетуге,түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлеуетті(потенциалды) табыстылығын арттырудың алғы шарты болып табылады.      
Сондай-ақ, табыс тек өндіріс процесіне  орналастырылып қана қоймай,сонымен  қатар,жұмысшылар мен қызметкерледдің  әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге,олардың біліктілігі мен  жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге,басқа  да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.Бұл,өз кезегінде,қызметкер  тарапынан еңбекке деген арттыруға  септігін тигізеді.
Жинақталу қорларына бағытталатын табыс алуан  түрлі қосымша қорларды қалыптастыркға жұмсалады:әлеуметтік сақтандыру қоры,резервтік  қорлар ,экологиялық  қор және тағы басқа да қорлар.Бұл кәсіпорындардың келешекте болу ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға,қоғам өміріне өндіріс барысынан  келетін зиянды өтеуге,сондай-ақ қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген табыстарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді. 

Слайд 5

ТАБЫС ӨЗ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТИІМДІ ОРЫНДАЙ АЛУЫ ҮШІН КЕЛЕСІДЕЙ НЕГІЗГІ ШАРТТАР ҚАЖЕТ БОЛАДЫ

ТАБЫС ӨЗ ҚЫЗМЕТТЕРІН ТИІМДІ ОРЫНДАЙ АЛУЫ ҮШІН КЕЛЕСІДЕЙ НЕГІЗГІ ШАРТТАР ҚАЖЕТ БОЛАДЫ
:
ЖУЫҚТАУДЫҢ БЕЛГІЛІ БІР ДӘРЕЖЕСІНДЕ, ӨНІМ БАҒАСЫ ЕҢБЕКТІҢ ҚОҒАМДЫҚ ҚАЖЕТТІ ШЫҒЫНДАРЫН КӨРСЕТУІ ТИІС ЖӘНЕ ОЛ СОНДАЙ-АҚ ЕҢБЕК ӨНІМДІЛІГІНІҢ ҮЗДІКСІЗ ӨСУІ МЕН ӨЗІНДІК ҚҰННЫҢ ТӨМЕНДЕУІН ЕСКЕРУІ ҚАЖЕТ.
БҰЙЫМДАРДЫ КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ ЖӘНЕ ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН АНЫҚТАУ ЖҮЙЕСІ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕЛГЕН БОЛУЫ КЕРЕК.
ТАБЫСТЫ БӨЛУ ( ТАРАТУ ) МЕХАНИЗМІ БЕЛСЕНДІ РОЛЬ АТҚАРУЫ КЕРЕК ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІҢ ДАМУЫ МЕН ОНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ЫНТАЛАНДЫРУШЫ ФАКТОР БОЛУЫ ТИІС.
ТАБЫСТЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ТЕК ҚАЛҒАН БАРЛЫҚ ҚАРЖЫ ТҰТҚАЛАРЫНЫҢ ЖҮЙЕСІНДЕ ( АМОРТИЗАЦИЯЛЫҚ АУДАРЫМДАР, ҚАРЖЫЛЫҚ САНКЦИЯЛАР, САЛЫҚ САЛУ, АКЦИЗДЕР, ЖАЛ ТӨЛЕМІ, ДИВИДЕНДТЕР, ПАЙЫЗДЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕР, АРНАЙЫ ҚОРЛАР, САЛЫМДАР, ЖАРНА ТӨЛЕМДЕРІ, ИНВЕСТИЦИЯЛАР, ЕСЕП АЙЫРЫСУ НЫСАНДАРЫ, НЕСИЕ ТҮРЛЕРІ, ВАЛЮТА ЖӘНЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР КУРСЫ ЖӘНЕ Т.Б ) ҒАНА МҮМКІН.

Табыс  кәсіпорын  қызметіндегі  атқаратын  рөлі үлкен,ол  кәсіпорынның  мүлкінің  ұлғаюының, қарыз  құжаттар  тартудың, жалпы  әлеуметтік-экономикалық  дамуының  алғы  шарты  болып 
табылады.
Табыс  таппай  кәсіпорын  кредиторлар  мен  инвесторлар  тарапынан   қосымша  қаражаттар  тарту 
мүмкіндігіне  үміт  арта  алмайды.
Сонымен  қатар,табыс  кәсіпорынның ішкі  қаржылық  мұқтаждықтарының  негізгі  көзі 
болып  қоюмен  шектеліп  қана  қоймайды,ал  қоғам  өмірінде,мемлекеттік  бюджет  ресурстарының, бюджеттен  тыс  қорлардың  және  қайырымдылық  қорларының  қаражаттарының  қалыптасуында  да 
үлкен  рөль атқарады. 

Слайд 7

Абсолюттік көрсеткіштерді талдау
Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші аталады.

Абсолюттік көрсеткіштерді талдау Тиімділік деп кәсіпорын қызметі тиімділігінің ең басты экономикалық көрсеткіші
Оның екі түрі бар:
Кәсіпорынның тапқан пайдасының өндірістің негізгі және айналмалы қорларының құнына қатысы;
Кәсіпорынның тапқан пайдасының сатылған өнімінің өзіндік қүнына қатысы.
Кәсіпорынның қызметінің тиімділік деңгейлік бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс, пайда) кеткен шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшемдестігі пайдалылықты немесе толығынан пайдалылық мөлшерін білдіреді.
Практикада кәсіпорын қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері қолданылады.
Өнімнің пайдалылығы барлық сатылған өнімнің және оның жеке түрлерін есептегенде ғана мүмкін болады. Бірнеше жағдайда ол өнімді сатқандағы пайданың және оны өндіруге және сатуға кеткен шығындардың қатынасын анықтайды. Барлық сатылған өнімнің пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданың өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептен шығарады; баланстық пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім: таза пайда жөнінде - өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы жөнінді түсінік білдіреді.
Өндіріс қорларының пайдалылығы баланстық пайданың негізі өндірістік қорлардың және айналым қаржыларының жылдық орташа құнына қатынасы. Бұл көрсеткішті таза пайда арқылы да есептеуге болады.
Кәсіпорынның жеке қаржысының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен анықталады.
Пайда қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент мөлшерлемесі:
Басқа кәсіпорындарының үлес қосуынан түскен табыстар;
Құнды қағаздардан түскен табыстар;
Алынған айыппұлдан асып түсу, өсімақы, төлемнің тұрақсыздығы.
Имя файла: Экономикалық-талдау.pptx
Количество просмотров: 189
Количество скачиваний: 0