Слайд 2Кіріспе.
Соңғы он жылдың ішінде медицинада – дәлелді медицина (ДМ- evidence-based medicine)
деген жаңа білім саласы қалыптасты. Оны сөзбе-сөз аударғанда – «тек фактыға негізделген, медицина» немесе бұл термин «ғылыми – негізделген практикалық медицина» деген ұғымды береді және «ғылыми- дәлелденген медицина» деуге де болады. Ғылыми-дәлелденген медицина – ғылыми ақпараттардың жинау технологиясына, анамнездеріне, интерпритациясына, жиынтықтарына негізделген жаңа бағыты мен түрі деп есептеледі. Бұл дәрігердің клиникалық тәжірибесінің, пациенттің құндылығының маңызды ғылыми мәліметтерінің интерграциясы, клиникалық тексерулер мен ем жасаудың дәл, ең тиімді түрін белгілі ауруға жасай білу.
Слайд 3Клиникалық эпидемиологияның және дәлелді медицинаның принциптері Медицина ғылымдары құрамындағы клиникалық эпидемиологияның (КЭ)
орны. Анықтамасы, даму тарихы. КЭ ДМ әдістемелік негізі. ДМ клиникалық эпидемиологиямен, биологиялық статистикамен байланысы. Эпидемиологиядағы әдеп мәселелері. Әлеуметтік эпидемиология туралы ұғым.
Слайд 4Профилактика (көне грекше: prophylaktikos - алдын алу). Жалпы аурулардың алдын алуымен бірге, жалпы денсаулықтың нығайтуға бағытталған сақтандыру
шараларының жүйесі.
Слайд 6Дәлелді медицинаның негізгі мәліметтері Ғылыми медициналық әдебиеттердің мазмұны. Медициналық ақпараттардың көздерінің артықшылығы
мен кемшіліктері. Интернеттен ақпараттарды іздестіру және пайдалана білу. Жарыққа шыққан жарияланымдардың құрылымы мен мазмұны. Ғылыми жарияланымдардың негізгі бөлімдері. Статьяларды талдау және сынай білу. Оларды жинақтау және талдау. Кокрайн кітапханасы, Кокрайнмен байланыс.
Слайд 8Ғылыми деректерді практикаға енгізу және пайдалану Ғылыми деректерді жинау және тарату, клиникалық
практиканы басшылыққа ала отырып енгізу. Анықтамасы, оларды енгізу мен зерттеудің қажеттілігі. Дәлелді медицина мен байланысы, енгізілген жаңалықтың сапасын бағалау. Практиканы өзгертуге қарсы кедергілер. Медициналық аудит: анықтамасы, мақсаты мен міндеті, принципі, тәжірибесі. Медициналық аудиттің жобалық жоспарын жасау, ол дәлелді медицинаға негізделуі қажет.
Слайд 9Ғылым ретінде профилактика дәлелді медицинада келесі міндеттерді алдына қойды:
Сыртқы ортаның әртүрлі факторларын
және адам денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігіне әсерін игеру.
Зиянды факторлардың жағымсыз әсерін күшейтетін жалпы шараларды жасақтау.
Халықтың өмір жағдайының, еңбек пен білім алуының оптималды нормативтерін жасақтау.
Денсаулық деңгейін қорғау мен көтеру, өмірді ұзарту мен халықтың творчестволық потенциалын көтеру әдістерін жақсарту.
Слайд 10Өзінің күшін нақты белгілі науқасты емдеуге бағыттайтын емдеу медицинасынан айырмашылығы, гигиена қоғамдық
сипатқа ие ету , өйткені белгілі бір ұжымға біріккен адамдар контингентке қатысты барлық гигиеналық шаралардың жүргізілуін қарастырады, белсенді түрде жұмыс істеп, үкіметтік қаулыларға сүйенеді, мемлекет жағынан материалдық және заңдылық көмек алады. Қоршаған ортаны қорғау, су қоймаларын тазалау, көгалдандыру, еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарту мемлекеттің көмегісіз мүмкін емес. Профилактика неізін құрайды.