Педиатриялық көмек көрсететін ұйымдар қызметінің негізгі бағыттары мен құрылымы

Содержание

Слайд 2

Жоспары

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
Педиатриялық көмек көрсететін МҰ қызметінің негізгі бағыттары
МСАК МҰ деңгейінде балаларға

Жоспары І.Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім Педиатриялық көмек көрсететін МҰ қызметінің негізгі бағыттары МСАК
профилактикалық көмек көрсету
ІІІ.Қорытынды
ІҮ.Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 3

Он сегіз жасқа толмаған балаларға (бұдан әрі – балаларға) педиатриялық көмек мынадай

Он сегіз жасқа толмаған балаларға (бұдан әрі – балаларға) педиатриялық көмек мынадай
нысандарда көрсетіледі:
1) МСАК және консультациялық-диагностикалық көмекті (бұдан әрі - КДК) қамтитын амбулаториялық-емханалық көмек;
2) стационарлық көмек;
3) стационарды алмастыратын көмек;
4) жедел медициналық көмек;
5) санитариялық авиация.

Слайд 4

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде балаларға

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде балаларға
медициналық көмекті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2136 қаулысымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің тізбесіне сәйкес ТМККК көрсету бойынша қызмет жеткізуші болып табылатын денсаулық сақтау ұйымдары ұсынады.

Амбулаториялық-емханалық деңгейде балаларға педиатриялық көмекті МСАК және КДК медицина қызметкерлері іске асырады: "Педиатрия (неонатология)" мамандығы бойынша дәрігерлер (бұдан әрі – педиатр), "Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина)" (бұдан әрі – ЖПД) дәрігерлері, "Емдеу ісі (фельдшер, жалпы практика фельдшері)" (бұдан әрі – фельдшер), "Мейіргерлік іс (мейіргер, жалпы практика мейіргері, мамандандырылған мейіргер" (бұдан әрі – мейіргер) мамандықтары бойынша орта медицина қызметкерлері.

Слайд 5

Педиатриялық көмек көрсететін МҰ қызметінің негізгі бағыттары мыналар:
1) балаларға, оның ішінде

Педиатриялық көмек көрсететін МҰ қызметінің негізгі бағыттары мыналар: 1) балаларға, оның ішінде
нәрестелерге дәрігерге дейінгі, білікті, мамандандырылған медициналық көмек және жоғары технологиялық, медициналық қызмет көрсету;
2) медициналық көмекке қолжетімділікті және медициналық қызметтің сапасын қамтамасыз ететін іс-шараларды өткізу;
3) сапалы консультациялық, диагностикалық, емдік көмек көрсету, БЖАЫҚ сақтау;
4) балаларды диспансерлеу және медициналық оңалту;
5) профилактикалық көмек көрсету:
жүкті әйелдер патронажы;
салауатты өмір салтын қалыптастыру және насихаттау, тиімді және дұрыс тамақтануға ұсыным; бала күтімі, аурудың қауіпті белгілері және қауіп төндеретін жағдайлар бойынша ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу;
емшек сүтімен қоректендіруді қолдау және лактация мәселесі бойынша, 6 айға дейінгі балаларды тек емшек сүтімен ғана қоректендіру практикасы және 2 жасқа дейін емізуді жалғастыру бойынша консультация беру;
ерте шақтағы балалардың туа біткен патологияларын және психофизикалық дамуын, көру және есту функцияларының бұзылуын анықтау үшін скринингтік қарап-тексеру жүргізу;
баланың ерте дамуы мәселелері бойынша консультация беру;
медициналық профилактикалық қарап-тексеру консультациясы;
вакциналау жүргізу;
балаларды, оның ішінде жаңа туған нәрестелерді диспансерлеу мен динамикалы бақылау, үйдегі патронаж;
әлеуметтік-психологиялық консультация беру;
6) сырқаттанушылықтың алдын алу және төмендету, әлеуметтік мәні бар, оның ішінде онкологиялық немесе гематологиялық аурулардың ерте нысандарын, В және С гепатиттерін, АИТВ инфекциясы мен туберкулездің бастапқы түрін анықтау бойынша, сондай-ақ аурулардың қауіп факторларын, балалар мүгедектігін, өлімін анықтау бойынша іс-шаралар өткізу;

Слайд 6

Амбулаториялық-емханалық деңгейде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы

Амбулаториялық-емханалық деңгейде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
28 сәуірдегі № 281 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11268 болып тіркелген) бекітілген Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларына сәйкес және Азаматтарды алғашқы медициналық-санитариялық ұйымдарына қағидаларына сәйкес мыналар жүргізіледі:
1) балаларға консультациялық, диагностикалық, емдік көмек көрсету, оларды диспансерлеу және медициналық оңалту;
2) патронаждық қызметтің әмбебап-прогрессивті моделіне сәйкес жүкті әйелдердің, жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балалардың патронажы және белсенді қарап - қадағалау;
3) "Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген профилактикалық егу мерзіміне сәйкес вакциналауды жоспарлау, ұйымдастыру және жүргізу;
4) көрсетілімдері болған жағдайда балаларды бейінді мамандардың консультациясына жіберу;
5) жіті және созылмалы ауруларды анықтау, шұғыл және жоспарлы емдеу іс-шараларын уақтылы жүргізу;

Слайд 7

6) көрсетілімдері болған жағдайда балаларды тәуліктік стационарларға, күндізгі стационарға жіберу және

6) көрсетілімдері болған жағдайда балаларды тәуліктік стационарларға, күндізгі стационарға жіберу және үйде
үйде стационар ұйымдастыру;
7) созылмалы аурулары бар, диспансерлік есепте тұрған балаларды динамикалық бақылау, емдеу және сауықтыру;
8) қалпына келтіру емі және медициналық оңалту;
9) ерте шақтығы балалардың туа біткен функцияларының патологиясын және психофизикалық дамуындағы, көру және есту функцияларының бұзылыстарын анықтау үшін "Скрининг ұйымдастыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық cақтау министрінің 2010 жылғы 9 қыркүйектегі № 704 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6490 болып тіркелген) сәйкес скринингтік зерттеп - қарау;
10) мектепке дейінгі немесе мектеп мекемелеріне барар алдында балаларды сауықтыруды ұйымдастыру;
11) дұрыс тамақтану, балалар ауруларының профилактикасы және салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері бойынша ата-аналармен және отбасы мүшелерімен немесе олардың заңды өкілдерімен ақпараттық жұмыстар жүргізу.

Слайд 8

МСАК МҰ деңгейінде балаларға профилактикалық көмек көрсету мыналарды ұйымдастыру арқылы жүзге асырылады:

МСАК МҰ деңгейінде балаларға профилактикалық көмек көрсету мыналарды ұйымдастыру арқылы жүзге асырылады:

1) балаларға МСАК көрсететін барлық медициналық ұйымдарда баланың даму кабинетінің (бұдан әрі – БДК) жұмысын ұйымдастыру, БДК-ны жарақтандыру осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады;
2) нәрестелер мен ерте шақтағы балаларды неонатальдық скринингілеуді, аудиологиялық скринингілеуді, ерте шақтағы балалардың психофизикалық дамуын скринингілеуді, балалардағы туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды ерте анықтау мақсатында шала туған нәрестелерді офтальмологиялық скринингілеуді, бала сырқаттанушылығы мен мүгедектігін төмендетуді;
3) жүкті әйелдерді, нәрестелер мен ерте жастағы балаларды патронаждық бақылауды;

Слайд 9

Нәрестеге патронаждық бару кезінде орта медицина қызметкері:
1) нәрестедегі аурудың немесе жергілікті

Нәрестеге патронаждық бару кезінде орта медицина қызметкері: 1) нәрестедегі аурудың немесе жергілікті
бактериялық инфекциялардың белгілерін бағалайды және олар болған жағдайда тез арада дәрігерді хабардар етеді;
2) депрессияны, үй жағдайының қауіпсіздігін және нәрестенің қажеттілігін анықтау мақсатында ананың (ата-анасының немесе өзге заңды өкілінің) көңіл күйін бағалайды;
3) жаңа босанған әйелден хал-жайы туралы сұрайды (шағымы, сүт безінің жағдайы, физикалық белсенділігі, тамақтануы, ұйқысы, контрацепция);
4) жаңа туған нәрестенің негізгі күтімінен анасын (ата-анасын немесе өзге заңды өкілін) хабардар етеді, консультация береді және үйретеді: емшекпен қоректендіру, температуралық режім, баланың дамуы мен оған көңіл бөлу мақсатында күтімі, баланың тәрбиесіне ата-анасының екеуінің де (бар болған жағдайда) қатысуы, гигиенасы және қол жуу мәселесі, шомылдыру кезіндегі қауіпсіздік, ұйқыда жатқан кездегі қауіпсіздік, кенеттен шетінеу синдромының алдын алу, кіндігі мен терісінің гигиеналық күтімі;
5) отбасын медициналық мекемеге шұғыл жүгінуі қажет аурудың қауіпті белгілерін білуге үйретеді: қоректендіру кезіндегі проблемалар, нәрестенің белсенділігінің төмендеуі, минутына 60-тан астам жиіліктегі дем алу, дем алудың қиындауы, дене қызуының көтерілуі немесе төмендеуі, құрысу, қалтырау және басқалар;
6) уақтылы вакцинациялау жүргізуге жәрдемдеседі;
7) баланың өміріне, денсаулығына, қауіпсіздігі мен дамуына қауіп төнгенде әлеуметтік тәуекелдерге бастапқы баға береді және тәуекелдер анықталған жағдайда ол туралы амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымның әлеуметтік қызметкерін хабардар етеді;
8) қосымша көмекті қажет ететін нәрестелерді анықтайды және олар үшін жеке баруларды жоспарлайды (туған кездегі дене салмағы төмен балалар, АИТВ-мен ауырған немесе жұқтырған аналардан туған балалар).

Слайд 10

Қорытынды

Педиатриялық көмек көрсету
5 жасқа дейінгі балаларға консультациялық, диагностикалық, емдік көмек көрсету;
5 жасқа

Қорытынды Педиатриялық көмек көрсету 5 жасқа дейінгі балаларға консультациялық, диагностикалық, емдік көмек
дейінгі балаларға педиатриялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар (бұдан әрі – МҰ) қызметінің негізгі бағыттары:
Сырқаттанушылықтың алдын алу және төмендету, бұрын болған және жасырын ауру түрлерін, әлеуметтік мәні бар ауруларды, оның ішінде В және С гепатиттерін, АИТВ-инфекциясын, туберкулезді анықтау, балалардың сырқаттанушылық, мүгедектік, өлім-жітім қауіп факторларын анықтау жөніндегі іс-шараларды өткізу;
Диагностика және педиатриялық көмек көрсету мәселелері бойынша жоғары және орта медициналық білімі бар мамандардың біліктілігін арттыру (семинарлар, тренингтер өткізу) болып табылады;
Имя файла: Педиатриялық-көмек-көрсететін-ұйымдар-қызметінің-негізгі-бағыттары-мен-құрылымы.pptx
Количество просмотров: 45
Количество скачиваний: 0