Туйсик

Содержание

Слайд 2

Түйсiк түсiнiгi

Қоршаған орта мен өз тəнiмiз жөнiндегi бiлiктердiң негiзгi көзi - бiздiң

Түйсiк түсiнiгi Қоршаған орта мен өз тəнiмiз жөнiндегi бiлiктердiң негiзгi көзi -
түйсiктерiмiз. Олар қоршаған орта мен ағза қалпы жөнiндегi ақпараттардың миға жетiп, адамның төңiректегi дүние ортасы мен өз тəнiне байланысты бағыт-бағдар түзуiне қажеттi негiзгi өзек, арнаны құрайды.

Слайд 3

Егер осы өзектер жабық болып, сезiм мүшелерi керектi ақпараттарды жеткiзiп тұрмағанда, ешқандай

Егер осы өзектер жабық болып, сезiм мүшелерi керектi ақпараттарды жеткiзiп тұрмағанда, ешқандай
саналы өмiр жөнiнде əңгiме ету мүмкiн болмас едi. Деректерден белгiлi болғандай, тұрақты ақпарат көзiнен айрылған адам мүлгiген кейiпке түседi. Мұндай жағдай адамда кенеттен көру, есту, иiс сезу қабiлетiнен айрылып немесе сана сезiмi қандай да сырқатқа байланысты шектелсе, көрiнiс бередi. Бұл кейiпте адам алғашқыда ұйқы құрсауына шырмалып, кейiн төзiп болмас күйзелiске ұшырайды.

Слайд 4

Түйсiктердiң физиологиялық негiзi

Сонымен, түйсiк - дүние хақындағы бiздiң барша бiлiмдерiмiздiң бастау көзi.

Түйсiктердiң физиологиялық негiзi Сонымен, түйсiк - дүние хақындағы бiздiң барша бiлiмдерiмiздiң бастау
Сезiм мүшелерiне əсер етушi объектив заттар мен құбылыстар тiтiркендiргiштер деп аталады да, ал олардың əсерiнен сезiм мүшелерiнде туындайтын құбылыс - тiтiркену деп қабылданған

Слайд 5

Түйсiктiң физиологиялық механизмi

Түйсiктiң физиологиялық механизмi - арнайы жүйке тетiгi талдағыш қызметi. Əр

Түйсiктiң физиологиялық механизмi Түйсiктiң физиологиялық механизмi - арнайы жүйке тетiгi талдағыш қызметi.
талдағыш үш бөлiктен тұрады: 1) сыртқы энергияны жүйке процесiне қосушы дененiң шеткi бөлiктерiнде жайласқан рецепторлар; 2) қозуды орталық жүйке бөлiгiне жеткiзушi афференттiк немесе сезiмтал жүйкелер; 3) шеткi бөлiктен жеткен жүйке импульстарын өңдеушi талдағыштың ми қабығындағы бөлiктерi.

Слайд 6

Түйсiк түрлерi

Түйсiктер сезiм мүшелерiмiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi, терi

Түйсiк түрлерi Түйсiктер сезiм мүшелерiмiзге байланысты көру түйсiгi, дəм түйсiгi, иiс түйсiгi,
түйсiгi, кинестетикалық, вибрациялық жəне органикалық болып бiрнеше түрге бөлiнедi. Ежелден-ақ адам өзiнiң сыртқы бес сезiм мүшесiне орай көру, есту, сипау, иiс жəне дəм түйсiктерiн ажыратқан.

Слайд 7

Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20-дан астам түрлi талдағыштар

Қазiргi кезде сыртқы жəне iшкi ортаны рецепторда бейнелейтiн 20-дан астам түрлi талдағыштар
бары белгiлi. А. Р. Лурияның пайымдауынша, түйсiктер негiзгi екi принцип бойынша жiктеледi: а) жүйелi-генетикалық (қызметiне орай), б) құрылым күрделiлiгi мен деңгейiне байланысты.

Слайд 8

Түйсiктердiң ең маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған: интероцептiк, проприоцептiк, экстероцептiк. Интероцептiк

Түйсiктердiң ең маңызды түрлерiн үш топқа жiктеу қабылданған: интероцептiк, проприоцептiк, экстероцептiк. Интероцептiк
түйсiктер дененiң iшкi процестерiне байланысты, яғни iшек, қарын, жүрек, қан тамырлары мен басқа да iшкi құрылым қатпарларындағы тiтiркенулердi миға жеткiзiп отырады. Түйсiктердiң бұл тобы тiрi ағзаларда пайда болу жағынан ең ежелгiлердiң əрi өте қарапайым түрi. Интероцептiк түйсiктердiң пайда болуы мен олардың жүрiсiн түсiндiрiп бiлу өте қиын, сонымен бiрге нақты қозу нүктесiне ие емес, яғни диффуздық күйде болады, осыдан бұлар адамның көңiл-күй қалпына жақындау келедi.

Слайд 9

Проприоцептiк түйсiктер дененiң кеңiстiктегi қалпы жөнiндегi ақпараттармен қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк

Проприоцептiк түйсiктер дененiң кеңiстiктегi қалпы жөнiндегi ақпараттармен қатамасыз етiп, адам қозғалысының сезiмдiк
негiзiн құрап, оларды реттеп отырады. Бұл түйсiктер тобының шеткi рецепторлары бұлшық еттер мен буындарда ерекше жүйке тəндерi формасында берiлген (тельца Паччини).

Слайд 10

Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды. Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние

Экстероцептiк түйсiктер ең үлкен түйсiктер тобын құрайды. Бұл түйсiктердiң қызметi сыртқы дүние
ақпаратын адам сезiмiне жеткiзу жəне қоршаған ортамен үздiксiз бай-ланысты орнату. Барша экстероцептiк түйсiктер тобы шартты түрде аралық жəне түйiсу түйсiктерi деп аталған екi бөлiкке жiктеледi.

Слайд 11

Генетикалық жiктеуге байланысты түйсiктердi екi топқа бөлу көзделген: 1) протопатикалық - өте

Генетикалық жiктеуге байланысты түйсiктердi екi топқа бөлу көзделген: 1) протопатикалық - өте
қарапайым, шарпулы (аффектi), толық жiктелiп, мекенделмеген органика-лық сезiмдер (ашығу, шөлдеу жəне т.б.); 2) эпикритикалық - жоғарғы дəрежеде жiктеуге келетiн, себеп-салдарлы жəне рационалды (санамен барластырылатын), яғни адамның негiзгi сезiм мүшелерiнде пайда болатын түйсiктер.

Слайд 12

Түйсiк қасиеттерi

Түйсiктердiң əрқандай түрi өздерiнiң жеке ерекшелiк-терiмен ғана ажыратылып қоймастан, өзара ортақ

Түйсiк қасиеттерi Түйсiктердiң əрқандай түрi өздерiнiң жеке ерекшелiк-терiмен ғана ажыратылып қоймастан, өзара
қасиеттерге ие. Мұндай қасиеттер: түйсiк сапасы, түйсiк қарқыны, түйсiк ұзақтығы жəне түйсiктiң кеңiстiк мекендiгi. Түйсiк сапасы - нақты түйсiк түрiнiң оны басқа түйсiктерден ажырататын жəне сол түйсiк шеңберiнде көрiнiс беретiн дара негiзгi ерекшелiгi. Түйсiктердiң осы сапалық көп түрлiлiгi материя қозғалыс формаларының шексiз саналуан-дығын дəлелдейдi.

Слайд 13

Түйсiк қарқыны

Түйсiк қарқыны - түйсiктiң сандық сипатын бiлдiре отырып, өз кезегiнде əсер

Түйсiк қарқыны Түйсiк қарқыны - түйсiктiң сандық сипатын бiлдiре отырып, өз кезегiнде
етушi тiтiркендiргiштiң күшi жəне рецептордың қызметтiк жағдайымен анықталады. Түйсiк ұзақтығы - түйсiктiң уақыт аралығына байла-нысты сипаты. Бұл қасиет сезiм мүшесiнiң қызметке жарамдылық қалпымен анықталады да, негiзiнен, тiтiр-кендiргiш əсерiнiң уақыт созыңқылығы мен қарқынына байланысты келедi.

Слайд 14

Түйсiк табалдырықтары. Сезiмталдық.

Бұл психологиялық түсiнiктер түйсiктердiң сандық өлшемiне байланысты қасиеттерiнен. Адамның

Түйсiк табалдырықтары. Сезiмталдық. Бұл психологиялық түсiнiктер түйсiктердiң сандық өлшемiне байланысты қасиеттерiнен. Адамның
сезiм мүшелерi - өте нəзiк қызмет тетiктерi. Мысалы, адам көзi бiр шақырымнан 1/1000 шамаға тең жарық сигналын байқайды. Ал осы бiздi тiтiркен-дiруге келтiретiн энергияның соншалықты аз- дығын мынадан сезуге болады, онымен 1 куб.см. суды 1 градусқа көтеру үшiн 60000 жыл қажет екен.
Имя файла: Туйсик.pptx
Количество просмотров: 40
Количество скачиваний: 0