Азықтық әсерлі қосындылар
Жоспары: * Азықтық ферменттік қосындылар мен антибиотиктер түрлері, құрамы, мал азығына қолдану жолдары. * Азықтың биологиялық әсерлі заттары. * Азық қосындыларын қоректік және биологиялық әсерлі заттарға тек шартты түрде бөлуге болады.Мысалы, минералды элементтер, айталық, кальций-сүйек, фосфор-аденозинфосфат қышқылдары, темір-гемоглобин, кобальт-цианкобаламин, йод-тироксин құрамына кіріп, бір жағынан,құрылымдық қызмет атқарса, екінші жағынан, организмдегі буферлік жүйе, осмостық қысым, қышқыл-сілтілік қатынас, иондық теңдікті қалыптастыруға,ферменттерді белсендіруші хелаттық металэнзимдер қызметіне қатысып, биологиялық әсерлі қызмет те атқарады.