Бүйректің инкреторлық қызметтері; ренин-ангиотензиндік жүйе, эритропоэтин және т.б. Жасанды бүйрек
Жоспар І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім Бүйректің жүйелік артериялық қысымды реттеудегі ролі. Ренин-ангиотензиндік жүйе. Бүйректің гемостаз-фибринолиз жүйесін реттеудегі ролі. Эритропоэздің бүйрекпен реттелу механизмі. Жасанды бүйрек. Кальций алмасуының бүйректік эндокриндік бақылауы Бүйректің метаболикалық қызметтері. ІІІ. Қорытынды ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі КІРІСПЕ Зат алмасу үрдісі пайда болған қалдық заттарды сыртқа шығарумен аяқталады. Күрделі диссимляция үрдістері нәтижесінде зат алмасудың ең соңғы өнімдері қалдық зат пайда болады. Шлак организмде пайдаланылмайды, ал қор болып жиналып қалса оны уландырады, әсіресе белок алмасу барысында түзілетін мочевина, несеп қышқылы, креатинин, аммоний тұздары сияқты заттар өте улы келеді. Олар сондай-ақ көмірсу мен май алмасуының ең соңғы ыдырау өнімі- көмір қышқылы мен су. Барлық зат алмасу үрдісінің нәтижесінде бөлінген қалдық заттар шығару мүшелері арқылы сыртқа шығарылады. Адам мен жануарлардың сыртқа шығару мүшелері: бүйрек, тер бездері, өкпе, ас қорыту түтігі. Белок алмасуы кезінде пайда болатын қалдық заттар, су, тұздар және сырттан келіп түскен әртүрлі организмге жат заттар негізінен бүйрек, аздап тер бездері арқылы , ал су мен көмір қышқылды газ, эфир, хлороформ, алкоголь стяқты кейбір ұшқыш заттар өкпе арқылы сыртқа шығарылады. Сонымен, бәрімізге белгілі экскрециялық мүше- бүйрек, одан басқа экстрареналдық ағзалар: тер бездері, өкпемен іектер арқылы зат алмасу кезінде пайда болағн ыдырау өнімдері сыртқа шығарылады. Сыртқа шығару үрдісі тіршілікке өте қажет физиологиялық үрдіс. Онсыз тіршілік жоқ. Мәселен, екі бүйрегін алып тастаса ит уланып бір тәулік ішінде өледі. Сыртқа шығару үрдісі бұзылса көптеген физиологиялық үрдістер бұзылады. Солардың бірі уремия белок алмасуының соңғы өнімдері жиналып қаңға өтеді де организмді уландырады. Ондай жағдай адамда да байқлады, бүйрек қызметінің бұзылуы салдарынан анурия болып, адам 4-5 тәулікте өледі