Батырлар жыры
1). Білімділік. Ауыз әдебиетінің бір түрі батырлар жырымен таныстыру. Оқушыларды халқымыздың өнегелі батыр ұлы адамдары туралы түсінік беру. Қабанбай батырмен таныстыру және Алпамыс батыр жырынан үзіндіні оқыту, мазмұнын түсіндіру. 2). Дамытушылық: Оқушыларды мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу қабілеттерінің дамуына ықпал ету, және ой-өрістерін кеңейту. 3). Тәрбиелік: Ұлттық сезімдерін ояту, елі, жері үшін еңбек ете білуге, өнегелі болуға тәрбиелеу. Сабақ мақсаты: Ұйымдастыру кезеңі: «Дәннен бастап-ағашқа дейін» жаттығуы Оқушыларға, олардың әрқайсысы үлкен болып өсіп ағашқа айналғысы келетін- кішкентай дәндер екенін елестетуді ұсынады. Міне олар өсіп жатыр. Ол бірінші ісінеді, сосын жер астынан өніп шығады, сосын жапырақтарын жаяды, өсіп-өніп, үлкен ағаш болады. (өкшесін көтеріп жоғары қарай созылу, қолдарын жайып сабақ сияқты жайқалу) Үш тілде сәлемдесу