Жасөспірімдерге дәрігерліккәсіптік кеңес пен бағдар беру. Оқушыларды кәсіпке бағдарлаудың медико-физиологиялық аспектілері
Жоспары: 1.Кіріспе. 2.Негізгі бөлім. А)Мектеп оқушыларына ерекшеліктері мен денсаулық жағдайына сай кәсіптік кеңес беру. Б) Мамандыққа бағыттаудың медициналық-физиологиялық аспектілері. В) Мектеп оқушыларына мамандыққа бағыт берудегі санитарлық дәрігердің міндеті. 3.Қорытынды. 4. Пайдаланылған әдебиеттер. Мамандыққа бағыт беру - мектеп оқушыларының тілегін, денсаулық жағдайын, жеке басының ерекшеліктерін, сонымен қатар, қоғамға қажеттілігін ескере отырып, оқушыларға мамандық таңдауға көмек көрсету үшін ғылыми негізделген көп аспектілі жүйе. Біздің қоғамда жасөспірімдерге мамандық таңдауға еркіндік берілген, бірақ, сол мамандықтардың қазіргі тізімі 50 мыңнан астам атаулардан тұрады. Мұнда, мектеп оқушыларының кейбіреуі денсаулығына байланысты, немесе организмінің жеке ерекшеліктеріне байланысты тізімде көрсетілген бірқатар мамандықтарға жарамсыз болады. Сондықтан, мамандық таңдау ерікті болып қана қоймай, сонымен бірге саналы түрде негізделген болуы керек.