Басқа да юрисдикциялық өндірістерге адвокаттың қатысуы

Содержание

Слайд 2


Адам мен азаматтың құқығына кепілдік беретін Негізгі заңның конституциялық ережелерінің арасында маңызды

Адам мен азаматтың құқығына кепілдік беретін Негізгі заңның конституциялық ережелерінің арасында маңызды
конституциялық принцип ретінде, қолданылатын білікті заң көмегін алу құқығы ерекше орын алады. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 3-тармағында əрбір адамның білікті заң көмегін алуға құқығының бар екендігі тікелей көрсетілген. Ал заңда көзделген жағдайда мұндай көмек тегін көрсетіледі. Қазірге уақытта Қазақстанда адам мен азаматтың құқығын қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын əртүрлі мемлекеттік жəне мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың бар екеңдігін атап өткен жөн.

Слайд 3


Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, əділет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау міндеттерін

Мысалы, соттар, прокуратура, ішкі істер, əділет органдары жоғарыда аталған құқық қорғау міндеттерін
бір-бірімен тығыз байланыс жасай отырып атқарады. Алайда, осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық-құқықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір жерде құқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық қорғау қызметі міндетін атқарады. Əдетте, құқық қорғау қызметі ретіңде біз азаматтар мен ұйымдардың құқығын қорғауды мақсат ететін жəне заңға сəйкес зандық əсер ету шараларын қолдану жолымен арнайы мемлекеттік органдар жүргізетін жəне олар белгілеген тəртіп мұлтіксіз сақталатын қызметті түсінеміз. Сөйтіп, азаматтардың білікгі заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі.

Слайд 4

Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны - адвокаттар алқасы - білікті заңгерлердің кəсіби ұйымы.

Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны - адвокаттар алқасы - білікті заңгерлердің кəсіби ұйымы.
Оның міндеті жеке жəне заңды тұлғаларға заң көмегін көрсету, құқықтар мен заңды мүдделерді, заңдылықты сақтау мен нығайтуға, сондай-ақ заңдарда көзделген кейбір өзге міндеттерді атқаруға жəрдемдесу болып табылады. Адвокаттар алқасы адвокатураның шынайы өзін-өзі басқаруын, адвокаттардың кəсіби шеберлігін, олардың құқықтық жəне əлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Слайд 5


Адвокатураның  қызметі, сөз жоқ, құқық қорғауға  жатады. Ол ҚазақстанРеспубликасы  Конституциясы мен 1997 жылғы 5

Адвокатураның қызметі, сөз жоқ, құқық қорғауға жатады. Ол ҚазақстанРеспубликасы Конституциясы мен 1997
желтоқсандағы  «Адвокаттық қызмет туралы» Заңның  негізінде жүзеге асырылады, кәсіпкерлікке жатпайды, өйткені негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздемейді және мыналарды; қылмыстық істер бойынша қорғауды; азаматық, әкімшілік, қылмыстық және басқа істер бойынша өкілетті. Сондай-ақ азаматар мен заңды тұлғаларға өзге де заңгерлік көрсетуді алқа қояды.
        Мәселен, ол консультатциялар, түсіндірулер, кеңестер беруден, кәсіпқойлық білімді  талап ететін мәселелер бойынша  жазбаша тұжырымдамалар жасаудан, талап арызарын, шағымдарын, құқықтық  сыйптаттағы өзге де құжаттар  жазудан, жеке және заңды тұлғалалар анықтау органдарында, алдын-ала тергеуде, соттарда, мемлекеттік және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынаста уәкіл болудан және оларды қорғаудан көрінеді.
         Авокатура мемлекет кепілдік  берген және Конституциямен бекітілген адамның өзінің құқықтарын бостандықтарын сот арқылы қорғау және білікті заңгерлік көмек алу құқығын жүзеге асыруға міндетті.

Слайд 6

 Адвокатураны ұйымдастыру және  оның қызметі мынандай принцитерге  сәйкес құралады: адвокаттардың өз қызметін іске асырудағы туәелсіздігі; бұл қызметті

Адвокатураны ұйымдастыру және оның қызметі мынандай принцитерге сәйкес құралады: адвокаттардың өз қызметін
заңдармен тыйым салынбаған әдістермен жолдарымен жүзеге асыру; тікелей заңдық актілерде қаралған жағдайларды есептемегенде , прокуратура, соттар, анықтау алдын ала тергеу органдарының өзге де ұйымдар мен лауазымды адамдардың адвокаттар қызметіне араласуына жол берілмейтіндігі ;кәсіпқойлық мінез-құлық сақтау және адвокаттық құпияны сақтау.
        Адвокаттар  қызметі заңмен кепілденеді және  ол мемлекеттік органдардың, қоғамдық  бірлестіктердің және лауазымды  адамдардың  адвокаттар қызметіне төте немесе жаңама түрдегі қандай да болмасын араласуға үзілді-кесілді тыйым слнатындығынан көрінісін табады. Өзінің  кәсіптік міндетін іске асруға байланысты мәлім болған жағдайлар бойынша адвокаттан куә ретінде жауап алуға тыйым салынады. Адвокаттардан және олардың ұйымдарынан, заңда бекітілген жағдайларды есептемегенде, белгілі-бір адамға көмек көрсетуге байланысты қандайда болмасын мәліметтер беруді талап етуге, сондайақ адвокаттын құжаттарын және адввокаттың басқа іс жүргізу матеиалдарын қарауға алуға алып тастауға және тексеруге рұқсат етілмейді. Адвокаттың өзінің заңгерлік көмек көрсететін адаммен тенестіруге, қорғайтын адамммен жеке кездесуге рұқсат беруден бас тартуға тыйым салынған. Анықтау, алдын ала тергеу және сот органдары адвокаттың іске қатысқан сәттен бастап, оның қорғаудағы күзетке алынған адамның ісі аяқталғанға дейін іске қатысуға жіберілетіндігі жөнінде дереу жазбаша растау беруге міндетті.

Слайд 7

Заңгерлік  жоғарғы білімі бар ,заңгерлі  маманы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем емес, адвокаттық қызметті

Заңгерлік жоғарғы білімі бар ,заңгерлі маманы бойынша жұмыс стажы екі жылдан кем
іске асыруға құқық беретін лецензиясы бар және адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары адвокат бола алады
         Қасақана жасаған қылмысы үшін  сотталған бегіленген тәртіп бойынша әрекет жасауға қабілетсіз немесе  әрект қабілеттілігі шектеулі деп танылған, адвокаттар алқасынан шығарылған, сондайақ тәртіптік теріс қылықтары үшін құқық қорғау органдарынан швығарылғанынан бір  жыл өтпеген күннен бастап адамдар адвокат бола алмайды.

Слайд 8

құқықтарына қоса адвокаттың мынандай міндеттері бар;
Заң талаптарын орындау, адвокатура ұйымдарымен қызметінің принциптерін басшылыққа алу;
       

құқықтарына қоса адвокаттың мынандай міндеттері бар; Заң талаптарын орындау, адвокатура ұйымдарымен қызметінің
егер  көмек сұрап келіп отырған  адамның мүдделері бұрын заңгерлік  көмек көрсетілген немесе көмек  көрсетіліп отырған  адамдардың  мүдделеріне қайшы келген жағдайда (тараптардың өзара келісімі бойынша делдал ретінде қатысуды есептемегенде) немесе іске судья, прокурор, анықтау жүргізуші, тергеуші, сараптаушы, маман, аудармашы, куәгер, жәбірленуші немесе куәгер, азаматтық талап иесі немесе азаматық жауап беруші ретінде қатысқан жағдайда, сондай ақ істі тексеруге немемсе қарау адвокаттың жақын туыстық қатысы бар лауазым бар адам қатысқан жағдайда, заңгерлі көмек көрсету тапсырмасынан бас тарту;
       көмек  сұрап келген адамның жағдайын  ауырлатын құқықтық позиция ұстауға хақысы жоқ ;
     қылмыстық  іс бойынша қабылданған тапсырмадан  жалтаруға хақысы жоқ және  қорғаушының немесе адвокаттың  өзінің пікірінше үкім әділ  шешілмеген  жағдайда, оған белгіленген  тәртіп бойынша шағым беруге міндетті.
     мемлекттік қызметке тұруға кәсіпкерлікпен айналысуға, оқытушылық, ғылыми немесе шығармашылық қызметтерді қоспағанда, басқа да ақы төлнетін жұмыстарды атқаруға құқығы жоқ, адвокатқа өтініш жасау арқылы  құралатын фактілердің тұратын, көмек сұрай келген адамның ауызша және жазбаша келіс сөздеріне туындайтын ақпарат туралы адвокаттық құпияны, көмек сұрай келген адамның мүддесі үшін жасалған әректтердің сипатымен нәтижелері, сондай ақ заңгерлік көмек көрсетуге қатысты өзгеде мәмілеттерді құпия сақтаға міндетті

Слайд 9

Адвокаттық қызметті реттейтін заңнама адвокаттық қызметтің рәсімдерін реттейтін және оның жүзеге тәртібі

Адвокаттық қызметті реттейтін заңнама адвокаттық қызметтің рәсімдерін реттейтін және оның жүзеге тәртібі
мен мазмұнын анықтайтын, Қазақстан Республикасы Конституциясында белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтік құқықтық актілер болып табылады.

Слайд 10

Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызмет туралы заңнама көздерінің түрлері туралы мәселе ҚР Конституциясының

Қазақстан Республикасындағы адвокаттық қызмет туралы заңнама көздерінің түрлері туралы мәселе ҚР Конституциясының
4-бабы және “Адвокаттық қызмет туралы” Заңның 2-бабының нармотивтік ұйғарымдарына сәйкес шешіледі. Конституция 4-бабының 1-бөліміне сәйкес Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы құқық Конститутцияның, оған сәйкес заңдардың, өзге нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конститутциялық кеңесі мен Жоғары Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады. “Адвокаттық қызметі туралы” заңның 2-бабында адвокаттық қызмет тәртібінің осы Заңмен және адвокаттық қызметті реттейтін өзге заңдармен тәртіптелетіндігі белгіленген.

Слайд 11

Жеке және заңды тұлғалар істері бойынша адвокаттар өздері қорғау мен өкілдік етуді

Жеке және заңды тұлғалар істері бойынша адвокаттар өздері қорғау мен өкілдік етуді
жүргізген кездегі іс жүргізушілік құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді, олар:
- 1997 жылғы 13-желтоқсандағы Қазақстан Республикасының қылмыстық істер жүргізу кодексі,
- 1999 жылғы 13-шілдедегі Қазақстан Республикасының азаматтық істер жүргізу кодексі,
- Қазақстан Республикасындағы Әкімшілік кұқық бұзушылық кодексі 30 қаңтар 2001 жыл.
- «Адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия беру тәртібі туралы Ереже»ҚР Әділет Министрінің 1998 жыл 21 каңтар №19 бұйрығымен бекітілген.
- 1999 жылғы 30-наурыздағы Қазақстан Республикасының “Қылмыстың жасалуына сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы” заңы және т.б.

Слайд 12

Жоғарыда тізбелінген заңнама актілерінің ережелеріне сәйкес адвокаттық қызметті реттейтін заң негіздеріне мыналар

Жоғарыда тізбелінген заңнама актілерінің ережелеріне сәйкес адвокаттық қызметті реттейтін заң негіздеріне мыналар
жатады:
1. Қазақстан Республикасы Конституциясы;
2. адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмұндалған конституциялық заңдар;
3. “Адвокаттық қызмет туралы” заң;
4. адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмұндалған өзге де заңдар;
5. адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмүндалған заңға негізделген нормативтік актілер;
6. адвокаттық қызметке қатысты нормалар мазмұндалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге міндеттемелері;
7. адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары;
8. адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
Бұл негіздер нормативтік құқықтық актілер деңгейін, яғни, нормативтік құқықтық актілер сатысындағы нормативтік құқықтық актілердің орнын ескере отырып, оның заңдық күшіне байланысты тікелей реттілікпен орналасады
Имя файла: Басқа-да-юрисдикциялық-өндірістерге-адвокаттың-қатысуы.pptx
Количество просмотров: 132
Количество скачиваний: 0