Слайд 2Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында көрсетілгендей, білім беру жүйесінің
негізгі міндеті ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаның қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдай туғызу болып табылады. Сонымен, екінші бапта білімнің негізгі міндеттері рухани дене даму мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік тұрақты негіздері мен салауатты өмір салтын қалыптастыру, даралықтың дамуына жағдай туғызу арқылы ой мен жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттігін байыту болып табылатыны туралы айтылған
Қазіргі таңда проблемалық оқыту арқылы танымдық, жеке тұлғалық, ізденушілік, т.б. қасиеттерді кең ауқымда дамытуға болады. Педагог проблемалық мәселені қою арқылы оқушыларды проблемалық жағдайға алып келеді. Бұл жерде бұрынғы меңгерілген білім мен жаңадан пайда болған мәселе арасында қарама-қайшылық пайда болатын құбылыс немесе процеске талдау жасау арқылы оны түсінуге, игеруге тырысады.
Слайд 3Дипломдық жұмыстың мақсаты: Ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен
бірге бұл нәтижелерге жету жолын да, процесте меңгеру, оқушының танымдық дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Зерттеу міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу және талдау.
2. Проблемалық оқытудың белгілерін бөліп көрсету.
3. Химия сабақтарында оқу іс-әрекетінде қолдануға болатын проблемалық оқыту технологиясының әдістерін сипаттау.
4. Проблемалық оқытудың құрылымын зерттеу.
5. Химия сабағындағы проблемалық жағдайлардың мазмұны мен көздерін қарастыру.
Слайд 4
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
- Орта мектептегі химия сабағында проблемалық оқыту әдісіне теориялық
тұрғыда сипаттама берілді;
- Оқушылардың қызығушылықтарын арттырудың тетіктері анықталып зерделенді;
- Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттырудың педагогикалық шарттары белгіленді;
- Дидактикалық материалдардың түрлері көрсетілді
Слайд 5
Ғылыми зерттеу әдістері: Бұл жұмыста теориялық деңгейде келесі зерттеу әдістері қолданылды: талдау,
салыстыру, әдебиеттерді талдау, тұжырымдамалық-теориялық жүйені талдау, эмпирикалық деңгейде - жаппай және жеке педагогикалық тәжірибені зерттеу және жалпылау.
Зерттеудің ғылыми гипотезасы: Егерде ұйымдастырылған жұмыстар жүйелі, мақсатты түрде құрылса, проблемалық оқыту тәсілдері арқылы оқушылардың ойлауын дамытуға болады.
Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Проблемалық тапсырмалар мен сұрақтарды қолдану оқушылардың оқу тиімділігі мен танымдық қабілеттерін дамытуға әсер етеді
Слайд 6
Жұмыстың құрылымы мен көлемі (кіріспе, қанша тарау, суреттер, графиктер, кестелер мен беттер)
кіріспеден, үш бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Слайд 8
Дистервергтің дәлелдеуінше:
«жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды
үйретеді»
Дәстүрлі оқыту әдісі бойынша мұғалім сабақ тақырыбын хабарлайды, мазмұнын түсіндіреді, есептер шығарады, талдау жүргізеді, қорытынды жасайды. Ал, оқушылар мұғалімнің әңгімесін тыңдайды, тапсырмаларды орындайды, керекті әдебиеттермен танысады. Мұнда игеруге тиісті оқу мазмұны күні бұрын дайындалған күнінде оқушылардың қабылдауын талап етеді.
Замануи білімдендірудің мақсаты мамандары шығармашылыққа дайындау. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) алу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді
Слайд 9Зерттеуге алынатын оқушлар тобы:
Өскемен қаласы «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебі» КММ
8
«а», «б»-сынып оқушылары
Слайд 10
Дидактикалық тәсілдер:
Монологтық баяндау тәсілі
Ой қозғауға үйрету әдісі
Диалогтық тәсіл
Презентацияның эвристикалық әдісі
Зерттеу әдісі
Бағдарламаланған тапсырмалар
әдісі
Слайд 11Қорыта келсем, мен өзіме химия сабағында оқушылардың терең білім алуы үшін, ең
тиімді, әрі қолданысқа ие әдістердің бірі проблемалық оқытуда дидактикалық материалдарды пайдалану деп есептеймін. Осы әдісті өзім мектепте іс-тәжірибеден өткенде пайдаланып, іс жүзінде жүзеге асырдым.