К.Кречмер У.ШелдонЭ.Фромм К.Леонгард А.Е.Личко

Содержание

Слайд 2

Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің

Мінез - әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің
жиынтығы. “Мінез” деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің “charakter” деген сөзінен шыққан. Мағынасы – із қалдыру, таңба. Мінез туралы оқу ,яғни, характериология адамның әртүрлі ситуацияларында адамның тәртібін анықтайды. Мінез ерекшеліктері – адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған ертедегі грек философы Теофраст (б.з.д. IV-III ғғ). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді.

Слайд 3

К.Кречмердің мінезді жіктеуі:

Астеникалық – грек тіліне аударғанда “әлсіз” деген мағынаны білдіреді. Олар

К.Кречмердің мінезді жіктеуі: Астеникалық – грек тіліне аударғанда “әлсіз” деген мағынаны білдіреді.
бала кезінен өте нәзік және сезімтал болып келеді. Нәзік, арық, ұзын, кішкене иықты, беті ұзын, жіңішке, бозарып тұрады.
Атлеттік – грек тілінен аударғанда “күрескер” дегенді білдіреді. Бұлшық еттер мен қаңқалары жақсы дамыған, толық, мықты, ұзын, кең иықты.
Пикниктік тип – грек тілінен аударғанда “тығыз” деген мағынаны білдіреді. Толық, орта бойлы, үлкен қарынды, қысқа мойынды. Беті кең, жұмсақ, домалақ болып келеді.
Дипластик – дене бітімі дұрыс қалыптаспаған адам.

Слайд 4

Кречмер алдыңғы дене бітімінің типтеріне сәйкестендіре отырып, жеке адамның 3 типін көрсетеді:

Шизотимик

Кречмер алдыңғы дене бітімінің типтеріне сәйкестендіре отырып, жеке адамның 3 типін көрсетеді:
– астеникалық дене бітім. Тұйық, көп ойланғыш, жаңа ортаға тез үйренбейді, сезімтал болып келеді. Психикалық бұзылыс кезінде шизофриниктерді еске түсіреді. Мінез – қылықтарында аритократтық, сезімнің әлсіздігі, суықтық және билік құмарлық бар.
Циклотимик – пикниктік дене бітім. Эмоциясы тез өзгереді, айналасындағылармен еркін араласады. Көңілді, көп сөйлегіш, күшті, ашық, юморға жақын және өмірді жеңіл қабылдайды.
Истотимик – атлеттік дене бітім. Тыныш, өз-өзіне сенімді, сезімге көп берілмейді, ортасының ауысқанына қиын үйренеді. Психикалық күйзелісте эпилепсияға ұқсайды.

Слайд 5

Неміс психиаторы К. Леонгард қалыпты адамның мінез-құлқының айырықша белгісін мінездің екпіндеуі деген

Неміс психиаторы К. Леонгард қалыпты адамның мінез-құлқының айырықша белгісін мінездің екпіндеуі деген
терминмен белгілеген. К. Леонгард жүйесі:


Гипертимді тип. Ондай адамдар қарым-қатынасқа тез түседі, сөзшең, мәнерлі Мұндай адамдар сөйлеу барысында алғашқы тақырыптан жиі ауытқиды. Бұл типті адамдар қақтығыстарды өздері жасайды, бірақ басқа адамдар ескертпе жасайтын болса, оған қапаланады.Жағымды жақтары: адамдармен қарым-қатынас жасау барысында, әрекет жасауға деген ұмтылыс, оптимизм, белсенділік. Жағымсыз жақтары: өмірге жеңіл қарау, жағымсыз әрекеттер жасауға бейімділік, жоғарғы қозушылық, өзінің міндеттеріне жеңіл қарау.
Дистимді тип. Мұндай адамдар қарым – қатынасы төмен, көп сөйлемейтін,көңіл – күйі пессимизмге толы. Олар көбінесе үй адамдары, шулы ортадан аулақ болады, шуды көтере алмайды, басқа адамдармен қақтығыстарға аз түседі, тұйықталған, шектелген өмір жағдайында болады. Олар өздерімен қарым – қатынасқа түскен, дос адамдарды өте қатты сыйлайды, оларға бағынады. Жағымды жақтары: шыншыл, тиянақты, адал. Жағымсыз жақтары: пассивтілік, ойлаудың ақырын болуы, жекелік, қимыл-қозғалысы баяу.
3. Циклоидты тип.Көңіл-күйі лезде өзгереді, сондықтан оның адамдармен қарым-қатынасы да осыған байланысты өзгеріп отырады. Көңіл-күйі жоғары болған кезде ол басқа адамдармен тез қарым-қатынасқа түсетін болады, ал егер көңіл-күйі төмен болатын болса, онда адамдармен қарым-қатынасқа түспей, тұйықталып қалады.

Слайд 6

Қызба тип. Бұл типті адамдардың басқа типті адамдармен қарым-қатынасы өте төмен, вербалды

Қызба тип. Бұл типті адамдардың басқа типті адамдармен қарым-қатынасы өте төмен, вербалды
және вербалды емес реакциялары баяу.Қарым-қатынас кезінде қақтығыстарға, ұрсысу, жаман сөздер айтуға қыңыр болады. Эмоционалды көңіл-күйі жақсы жағдайда олар өте адал, шыншыл, жануарларды, кішкентай балаларды жақсы көретін ұқыпты адамдар.
5. Тежелуші тип. Қарым-қатынас шектеулігімен, қыңырлығымен, көп сөйлемейтіндігімен сипатталады. Кек сақтағыш осыдан барып жабысқақ ойлар пайда болуы мүмкін.
6. Педантты тип. Бұл типті адамдар қақтығыстарға сирек түседі, түскен жағдайда қақтығыстарда пассивті рөл атқарады. Жұмыста ол өзін бюрократ ретінде көрсетеді. Әріптестеріне шектен тыс талаптар қояды. Сонымен қоса, басшылықты басқа адамға да ұсына алады. Жағымды жақтары: шыншылдық. Істегі беріктілік, жауапкершілік, ұқыптылық. Жағымсыз жақтары: формализм, көп сөйлегіштік, мылжыңдық.
7. Қобалжушы тип. Көңіл-күйі минорлы, өзіне-өзінің сенімі аз, қарым-қатынас төмндігі, ұялшақтығымен сипатталады. Жағымды жақтары: достықты жақсы көретін, өзіне-өзінің сын көзбен қарауы жоғары, тиянақтылығымен сипатталады. Жағымсыз жақтары: өзі-өзіне сенімсіз, өзінің қабілеттілігін бағаламайды, ұялшақ. Жауапкершілікті талап ететін істен қорқады.
8. Эмотивті тип. Бұл типті адамдардың қарым-қатынас шеңбері өте тар.Реніштерін ішінде сақтайды, сыртқа шығамайды. Көңіл-күйі лезде себепсіз өзгеріп отырады. Айналасындағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейім.Мейірімді, біреудің қайғысына ортақтаса алады, парыз, қарыз сезімдері шамадан тыс көп болады, бастаған істі аяғына дейін жеткізеді.Сезімтал, жылауық болады.

Слайд 7

9 Демонстративті тип. Қарым-қатынасқа тез түсушілігімен, басшылыққа ұмтылумен сипатталады, басқалардың өзін

9 Демонстративті тип. Қарым-қатынасқа тез түсушілігімен, басшылыққа ұмтылумен сипатталады, басқалардың өзін үнемі
үнемі мақтауымен сипатталады. Эгоцентризмді ерекше бағалайды.Жағымды жақтары: , басқаларды ұйымдастыра алушылық, өздерінің идеяларына басқаларды сендіре алушылық. Жағымсыз жақтары: өзімшіодік, жұмыстан қашу, жалқаулық, мақтаншақтық, жағымпаздық.
10 Экзальтивті тип. Қарым-қатынас жоғарылығымен, сөзшеңдігімен, махаббатқа тұрақсыздығымен сипатталады. Бұл типті адамдар жиі пікір таластырады, бірақ ашық қақтығыс жағдайына әкелмейді. Өздерінің жақын туыс, достарына адал, өте сезімтал. Басқалардың қайғысына ортақтасатын, талғамдары жоғары, сезімдері терең, адал, тұрақты. Көңіл-күйі тез өзгеріске ұшырайды, байбаламға түсушілік.
Экстравертті тип. Бұл адамдардың қарым-қатынас аймағы өте кең, достары өте көп,сөзшеңдігі мылжыңдыққа ұласатын, кез келген информацияны қабылдауға даяр, қақтығысқа сирек түсетін, түскен күнде пассив рөл атқарушы адамдар. Достарымен қарым-қатынаста, жұмыс бабында, жанұяда басшылықты басқаларға ұсынады. Оларға бағынады, солардың көлеңкесінде, қалтарыста қаоғанды ұнатады. Басқалардың айтқанын шыдамдылықпен аяғына дейін тыңдай алады, бастаған істі аяқтайды, өзінен сұраған барлық істі тиянақтылықпен атқарады. Басқалардың ықпалына тез түседі, жеңілтек, қйын-сауыққа құмар, өсек, әртүрлі сөздер таратуға құмар.

12 Интравертті тип. Жоғарғы типке қарама-қарсы тип. Қарым-қатынас аймағының тарлығы, шындық, өмірден бөліну, тұйықтық, пәлсапалыққа құмарлық. Бұндай адамдар жалғыз болғанды ұнатады. Егер өзінің жеке өміріне қол сұғатын болса, қақтығысқа түседі. Басқа адамдарға байланыс қатынасы әлсіз, эмоционалды суық идеалистер. Жағымды жақтары: принципшілдік, айтқанынан қайтпау, тұрақтылық, сөзіне беріктілік. Жағымсыз жақтары: ойдың регидтілігі, өзінің айтқанын шамадан тыс жақтау, шамадан тыс беткейлік. Мұндай адамдар барлық жағдайда өздерінің көзқарасын білдіреді. Көзқарастары кей жағдайда дұрыс болмаса да айтқандарынан қайтпайды.

Слайд 8

Личко мінез акцентуациясы:

Гипертимді тип. Бұл типті жасөспірімдер қарым-қатынасы жоғары, қимыл-қозғалысы ширақ, қалжыңға

Личко мінез акцентуациясы: Гипертимді тип. Бұл типті жасөспірімдер қарым-қатынасы жоғары, қимыл-қозғалысы ширақ,
бейім. Өздерінің ортасында шулы, көңіл-күйі жоғары. Өте жоғары қабілеті бар, бірақ тұрақсыздығының нәтижесінде сабаққа дайындығы біркелкі емес. Көңіл-күйі үнемі жақсы, жоғары. Ересектермен, ата-аналармен, ұзтаздармен қарым-қатынаста қақтығыстарға түседі. Мұндай жасөспірімдердің қызығушылықтары өте көп, алайда ол қызығулар терең емес, ат үсті, тез өтпелі. Олар өздерінің бағасын асыра сілтеп бағалайды, өздерін шамадан тыс мақтайды, өздерін көрсетуге тырысады.
Циклойдты тип. Апатияға бейім, өте қызба. Бұл типті жасөспірімдер үйде жалғыз қалғанды ұнатады, өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасамайды. Айналадағылардың ескерпелерін қабылдамайды, қабылдаған күнде өте қызба, жағымсыз түрде өтеді. Көңіл-күйі жоғарыдан өте төмен деңгейге тез ауысып отырады. Көңіл-куйінің ауысуы 2-3 апта.
Лабильді тип. Мінезі тұрақсыз, көңіл-күйі жиі өзгергіш, көңіл-күйдің өзгегенін дәл атап айту қиын.Көңіл-күйінің өзгеруіне кез келген ұсақ-түйек әсер етуі мүмкін. Мысалы: біреудің қалжың сөзі, көзіне тіке қарау т.б. Ешқандай көзге көрәнетін жағымсыз нәрселер болмаса да олар түңілуге, рухының төмендеуіне дайын. Болашағы мен өткені өздерінің көңіл-күйіне байланыста жарқын, ашық түсті немесе түңілген, қара түсте қабылдануы мүмкін. Мұндай жасөспірімдер көңіл-күйі жабырқау кезінде өздерінің жанын түсінетін адамдардың көмегін қажет етеді.
4 Астеноневотикалық тип. Бұл типті адамдар аса жоғарғы тітіркенгіштігімен, тез шаршап, болдырып отыруымен, кінәмшіл, қылт етпе болады. Әсіресе, шаршау ақыл-ой жұмысын қажет ететін жағдайларда жиі байқалады.
5 Сензитивті тип. Бұл типті адамдарға өте сезімталдық: біреудің қуанышына да, қайғысына да ортақтасады. Олар үлкен ортаны, қатты қимыл-қозғалыс ойындарын аса ұнатпайды. Танымайтын, бөтен адамдармен қарым-қатынасқа көп түсе қоймайды, сондықтан оларды қоршаған ортадағы адамдар тұйық, қарым-қатынасқа түспейтін балалар деп сипаттайды. Олар ата-аналарына өте жақын, олардың айқандарынан шықпайтын балалар. Сонымен қоса оларда қарыз, борыш сезімдері өте ерте қалыптасады. Өздерінің қабілет саласындағы кемшіліктерді аса ұқыптылық, кез келген істі орындаумен тортырылады. Өздеріне үлкен балалармен дос. Жолдас болуды ұнатады, достыққа өте адал.

Слайд 9

Психоастеникалық тип. Бұл негізінен ересек адамдарда кездеседі. Бірақ, кейбір психоастиетикалық белгілер жас

Психоастеникалық тип. Бұл негізінен ересек адамдарда кездеседі. Бірақ, кейбір психоастиетикалық белгілер жас
кезде де балгіленеді. Мұндай балалар секемшіл, көңілшек, барлық жаңалықтан қорқатын, сезімі нәзік келеді. Бұл типті балалар өте мазасыз, тек өздері туралы ғана емес, жақындары, әсіресе шешелері туралы күмәнданады. Болашақта қауіп пен сәтсіздікті сезінеді. Интеллектісі – жоғары. Осы типтегі балалар шулы ойындардан қашып, үзіліс кезінде оқшауланып, төбелеске жоламйды.
Шизойдты тип. Бұл типті балалар тұйық, айналадағылармен қарым-қатынас жасауға ынта ықыласы жоқ, оқшау жүретін, ішкі жан дүниесі бай, бірақ сыртқы келбеті кедей адам. Бұларға тәртібі мен қайғы қасіреті араындағы қарама-қайшылық тән. П.В.Ганнушкиннің айтуынша, олардың эстетикалық сезімі нәзік, принциптік және адамгершілік мәселелерге сезімтал, солай бола тұра қасындағылардың қайғысы мен қуанышына ортақтаспайды, тіпті түсінбейді.Ақыл – ой дарындылығы бола тұра, икемсіз, өздерін-өздері қаламайды. Кітапты көп оқиды, өзімен-өзі болғандықтан, уақытын тиімді пайдалана алмайды. Сыныпта жақсы оқушы санлғанымен, нәтижесі төмен болдады.
Эпилептойдты тип. Бұл типті жасөспірмдер ызақор, өте қозғалғыш, әсіресе бұл бергілер 2-4 жас арасында көрінеді. Личконың айтуынша, бұл типті балалар жан-жануарларды азаптап, қинауды, кішкентай балаларды, өзінен әлсіз адамдарды мазақтауды жақсы көреді.
Истериялық тип. Бұл типті балалар дарашыл, қайткен күнде де айналасындағылардан ерекшелену, біріншілікке ұмтылу. Олардың көңіл-күйі ауыспалы, тұрақсыз. Олар біреуге жұисақ, мейірімді, ал енді біреулерге дөрекі, қатыгез және мейірімсіз болып, әрбір іс-әрекетті айналасына күшті ықпал етуге құрылады. Басқалардың тілектерімен санаспау, билікке талпыну, қызғаншақтық, күншілдік, өзімшілдік, төңіргіндегілердің көңіл-күйін құбылту тән.
Тұрақсыз тип. Бұл типті адамдар блашақ туралы тіпті де ойламйды. Олардың әрекеттері белгілі мақсатпен, міндетен, қарызбен байланысты болмайды, тұрақсыз және өзгермелі. Ақыл-ой дұрыс не кемелді болғпнымен, істері жемісіз не аяқсыз қалады. Олардың білімдері не устірт, не таяз келеді. Келешегін ойламайтын қамқорсыз, бейқам, қарыз бен жауаптылықты сезімі жетілмеген, ал кейбіреулері мақтаншақтыққа , асыра сілтеушілікке бейім тұрады.

Слайд 10

Мазохист-садист. Бұл типті адамдар өмірде болып жатқан сәтсіздіктер мен жағдайларды өзінен іздемейді,

Мазохист-садист. Бұл типті адамдар өмірде болып жатқан сәтсіздіктер мен жағдайларды өзінен іздемейді,
ол сәтсіздіктердің бәріне адамдарда ғана кінәлі деп есептейді. Егер ондай адамдар табылмаса, ондай агрессияны өзіне арнайды. Мұндай адамдар өздерінің білімін көрсету мақсатында көп оқиды. Бұларда садисттік тенденциялар да байқалады. Олар басқаларды өздеріне бағындыруды, оларға әртүрлі жарақат жасау, олардың қиналғанын көріп рахаттану сезіміне келеді. Мұндай адамдардың тобына Фромм: Гитлер, Сталин сияқты адамдарды жатқызды.
Бұзушы. Фрустрация туғызған объектіні толық жоюға, көзге көрініп тұратын агрессияшылдығымен сипатталады. Өздерінің проблемаларын шеше алмайтын, тығырыққа тірелген, жаманшылық, қорқыныш сезімі үнемі болатын, өзінің интеллектуалды және эмоционалды жағдайларын толық сыртқа шығара алмайтын адамдар. Қоғамда болатын аса үлкен өзгерістерге бұндай адамдар бұл төңкерістердің алдыңғы қатарында болады.
Конформист – автомат. Бұндай индивид әлеуметтік немесе жеке бас мәселесінде болатын проблемаларды шеше алмайтын болса, онда ол өзін - өзі түсінуден қалады.Ондай адамдар қоғамдық ортада болатын өзгерістерге тез бейімделіп, сол ортаның талап – тілектерін орындайтын болады. Бұл тип саналы және санасыз түрде кез – келген ортаға бейім.

Э.Фромм әлеуметтік мінез типологиясы:

Имя файла: К.Кречмер-У.ШелдонЭ.Фромм-К.Леонгард-А.Е.Личко.pptx
Количество просмотров: 350
Количество скачиваний: 0