Салт дәстүрі жараса, Наурыз келді жаңаша!

Содержание

Слайд 2

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт
– дәстүрін, ұлттық дүниетанымын, ұлттық киімін, ұлттық тағамын, ұлттық ойындарын насихаттап көрсету.

Слайд 3

Наурыз мерекесінің тарихы:

Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі

Наурыз мерекесінің тарихы: Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние
халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер “патрих”, бирмалықтар “су мейрамы”, тәжіктер “гүл гардон”, “бәйшешек”, “гүлнаурыз”, хорезмдіктер “наусарджи”, татарлар “нардуган”, буряттар “сагаан сара”, соғдылықтар “наусарыз”, армяндар “навасарди”, чуваштар “норис ояхе” деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. Олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже “сумалак” ұсынады; ескі киімдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сыйлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – “күн символын” салады; үйдегі тіреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.

Слайд 4

Наурыз құт-береке бастауы!

Наурыз құт-береке бастауы!

Слайд 5

Ән шырқайық ...

https://youtu.be/z22K3WxkZT0

Ән шырқайық ... https://youtu.be/z22K3WxkZT0

Слайд 6

Салт – дәстүрім қазынам!

Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) —Қазақстанның батыс өңірі мен Ресейдің шекаралас аймақтарындағы

Салт – дәстүрім қазынам! Көрісу (Амал мерекесі деп те аталады) —Қазақстанның батыс
қазақтардың арасында сақталған ежелгі дәстүр.
Жаңа жылды Байбақты Қазыбек күнтізбесі бойынша қарсы алатын аймақ тұрғындары 14 наурызды «Көрісу (яғни қауышу) күні» деп те атайды. Бұл күні ауыл тұрғындары ерте тұрып, елең-алаңнан жасы үлкен адамдарға сәлем береді. Көрші-көлем бір-біріне «Жасың құтты болсын!», «Жасыңа жас қосылып, ғүмырың ұзақ болғай!» деп тілек айтады. Көрісу күні бұрынғы өкпе-реніш кешіріліп, араздық ұмытылады, көрші-көлем бір-бірін шеке асына шақырып, меймандардың отбасына, ағайын-туыстарына амандық-саулық, құт-береке тілейді.

Слайд 7

Наурыздың (Самарқанның) көк тасы. Бұл да наурыз күніне байланысты сөз. Оның

Наурыздың (Самарқанның) көк тасы. Бұл да наурыз күніне байланысты сөз. Оның бірнеше
бірнеше мәні бар. Бірінші, аңызда әйгілі астроном Ұлықбек (1394-1449) обсерваториясындағы көк тасқа дәл 22-наурыз күні күн сәулесі түсетін болған. Сол сәуледен түскен жылу тасты жібітеді-мыс. Екінші, бұл күні әр адам қателігі болса кешірім сұрауға және ол кешірім беруге тиіс. Кешірмесе «бұл күні Самарқанның көк тасы да жібиді, сен тастан қаттысың ба?» деп тоқтатады екен. Сол сияқты, бұл күннің әлемге жылулық әкелетін сәтін де бейнелеп айтқан. «Келгенінше құттықтап бірін-бірі, қуанышта көрісіп кәрі-жасы. Көңілі түгел адамның сен келген соң, Самарқанның елжіреп түскен тасы» (А.Байтұрсынов). Үшінші, ертеде Наурыз күнінде өз қатесін түсініп, кешірім сұраған қылмыскерлер мен жазаға ұшырағандарға да кешірім жасалатын болған. Осыдан әз Наурыздың қасиеті мен шапағаты ізгілік пен жақсылыққа бастайтын ерекше күн екенін аңғаруға болады.

Слайд 8

Қонақкәде айту. Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», – деп қолқа

Қонақкәде айту. Үй иесі қонағына «Қонақ кәде айта отырыңыз», – деп қолқа
салатын болған. Ол – өлең айтыңыз, күй тартыңыз, өнер көрсетіңіз, деген тілек, қонақтың өнерін, қабілетін сынау, көңілді отыру. Сол себепті қазақтар баласын жастайынан ән айту, күй тарту тәрізді өнерге баулыған. Өйткені қонақкәде айта алмай қалу – ыңғайсыз жағдай.

Слайд 9

Наурыз бата. Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – осы Наурыз

Наурыз бата. Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – осы Наурыз бата.
бата. Мұнда наурызнама өткізілгенде осы күнге арнап наурыз көжеге шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші, палуандарға, тағы басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары баға береді. Бата жалпы жұртшылыққа, көпшілікке, бүкіл қауымға, ауылға да беріледі.

Слайд 10

Наурыз-саумалық. Наурыз айында жаңа жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр

Наурыз-саумалық. Наурыз айында жаңа жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып,
жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып саумалық айтып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді.

Слайд 11

Қазақтың ұлттық ойындары

Алтыбақан – жастардың көңіл-көтеріп, сауық-сайран құруы үшін таптырмайтын ойын. Тымық

Қазақтың ұлттық ойындары Алтыбақан – жастардың көңіл-көтеріп, сауық-сайран құруы үшін таптырмайтын ойын.
кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақанды құру үшін 3-4 метрлік 7 томар ағаш пен 3 арқан керек. Оған екі адам, әдетте, бозбала мен бойжеткен мініп, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербеледі. Тербелушілер ән бастайды да, оған жанындағы адамдар қосылады.

Слайд 12

Қыз қуу – сақ дәуірінен келе жатқан ежелгі ойын. Ойын ережесі бойынша,

Қыз қуу – сақ дәуірінен келе жатқан ежелгі ойын. Ойын ережесі бойынша,
бойжеткен атқа мініп жігіттен қашуы керек. Бозбала қызды қуып жетіп, бетінен сүюі тиіс. Жігіт қызға жете алмаса, бойжеткен оны қамшымен сабайды.

Слайд 13

Көкпар – ұлттық ат ойындарының бірі. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған

Көкпар – ұлттық ат ойындарының бірі. Дәстүрлі қазақ қоғамында көкпарға жасқа толған
серкенің семізі таңдалған. Бұл жарысқа қатысу оңай емес. Өйткені салмағы 30–40 келі немесе 50–60 келі болатын бассыз серкені (ешкі) спортшылар жерден көтерулері немесе қарсылас команда ойыншысынан тартып алып, қазандығына салуы керек. Ал екінші жақ серкені тартып алуы шарт. Серкені қанжығаға байлауға, қарсылас командалардың аттарын аяғынан ұшырып түсіруге, оларды шықпыртуға, үркітуге тыйым салынады.

Слайд 14

Арқан тартыс. Ойынға ұзындығы 10 метрдей кендір арқан керек. Арқанның қақ

Арқан тартыс. Ойынға ұзындығы 10 метрдей кендір арқан керек. Арқанның қақ ортасы
ортасы қызыл орамалмен байланады. Осы орамалдың екі жағынан 1,5-2 метрдей қашықтықта жерге белгі салынады. Екі топқа бөлінген жастар бойларына қарай арқанның екі шетінен ұстайды. Төреші белгі берген сәттен-ақ екі топтың ойыншылары арқанды өздеріне қарай тартады. Арқанның ортасындағы қызыл орамалды жердегі белгіге бірінші сүйреп әкелген топ жеңімпаз .

Слайд 15

Теңге алу (ілу) – ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойыншы жерде жатқан

Теңге алу (ілу) – ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойыншы жерде жатқан
теңгені атпен шауып келе жатып іліп алуы қажет. Ол үлкен ептілікті, шабондоздықты талап етеді. Тіпті теңгені жерден іліп алғандарға бәйге беріледі.

Слайд 16

Аударыспақ. Мұнда жеңіске жету үшін ептілік, күш, тапқырлық, батылдық қажет. Екі

Аударыспақ. Мұнда жеңіске жету үшін ептілік, күш, тапқырлық, батылдық қажет. Екі жігіт
жігіт атқа мініп, бірін-бірі аттан аударып тастауға бар күшін салады. Ойын жас жігіттің мінезі мен ерік-жігерін шыңдайды.
Имя файла: Салт-дәстүрі-жараса,-Наурыз-келді-жаңаша!.pptx
Количество просмотров: 42
Количество скачиваний: 0