XV-XVII ғасырлардағы қазақ әдеби тілінің үлгілері

Содержание

Слайд 2

Қ.Өмірәлиев:“Жыраулар поэзисында кездесетін қазақ тілі үшін бейтаныс сөздер,ноғай ордасынан қазақтарға келіп

Қ.Өмірәлиев:“Жыраулар поэзисында кездесетін қазақ тілі үшін бейтаныс сөздер,ноғай ордасынан қазақтарға келіп қосылған
қосылған ру-тайпалар арқылы келген,оларды сол ру-тайпалардың ұрпақтары –Кіші жүз казақтары көп өзгертпеген”,- деп түйеді.Бейтаныс элементтер ретінде Доспамбеттің “Көмбідей ару аларға,Кірмембес ауыр қолға бас болып.Шобанның “Аббар көшіп шет қонған
Балаңқылар батпаған” деген өлеңдерін көрсетеді.
Ы.Дүйсембаев: “Кей кезде бір өлеңнің бірнеше варианты кездеседі Әр заманда әр жырлаушы белгілі бір жырға өзіндік редакция
жүргізіп алдыңғы вариантының өлең өлшеміне аздап өзгеріс енгізуі әбден мүмкін”. Мысал ретінде “Ызамен сарғайып толды” және “Санаменен сарғайып іші толды” дегенді атап көрсетеді.
М.Мағауин:XV-XVII ғ толғау-жырларында өлеңнің жол басындағы
буындарының ұйқасуы басым деген пікір айтады.Ғалым бұл пікірді
Қазтуғанның: Жабағылы жас тайлақ,
Жардай атан болған жер.
Жатып қалған бір тоқты,
Жайылып мың қойған болған жер..

Слайд 3

Ауызша әдеби тілдің грамматикалық сипаты.

Тұйық етістік –у- тұлғасының орнына бірде –ар,-ер

Ауызша әдеби тілдің грамматикалық сипаты. Тұйық етістік –у- тұлғасының орнына бірде –ар,-ер
бірде мақ,-мек
тұлғалары жұмсалған
Доспамбет: Жарақшылар жоқ па екен
Жарма білте саларға( салуға).
Жиембет: Қанын ішіп қанбаққа( қануға),
Жанын отқа салмаққа.
Сөз өзгерту саласында септеу тәртібі қазіргімен бірдей, тек есімдік-
тің септелуінде өзгешілік бар.Мен,біз есім-ге –ің,-ім жалғанады.
Шығыс септіктің екі-үш жерде –дын,-дін варианты кездеседі.
Шалкиіз:Ер өзіндін соңратын...Бұл кеткендін қайтпасаң.
Дүр тұлғасы етістіктермен қатар,есімдіктермен де тіркескен.Мұны-
мен бірге –ды,-ді шылауы да жарыса қолданылған.
Жиембет:Басы судың түгел-дүр...Толған тоғай молы..дүр.
Ақтамберді: Киім кисең,қаттау қи...Суық келсе панаң-ды.

Слайд 4

Бұйрық райдың ІІ жақта –ғыл,-гіл жұрнағын жалғаған түрі.Асан:
Адам әзір айтар деп,көңіліңді

Бұйрық райдың ІІ жақта –ғыл,-гіл жұрнағын жалғаған түрі.Асан: Адам әзір айтар деп,көңіліңді
салмағыл...
Етістіктің өткен щақ семантикасын-ғай,-гей жұрнағымен беру бар.
Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрінің І жақта ма-й-мын вариан-
тының орнына –ман жұрнақты тұлғасы да кездеседі.Және бұл амал
жиі жұмсалған.
Доспамбет:Қалаға қабылан жаулар тигей ме?...
Тоғай қондым-өкінбен
Ару сүйдім-өкінбен.
Жараға мамық тосатып,Келе жата дегейсің.
Етістіктің ашық рай тұлғасы келе жата, не білейім ..

Слайд 5

Әдеби тіл лексикасындағы көне сөздер

Оларды шартты түрде үш топқа бөліп қарастырамыз.
1.Бүл күнде

Әдеби тіл лексикасындағы көне сөздер Оларды шартты түрде үш топқа бөліп қарастырамыз.
қолданылмайтын бейтаныс сөздер .Мысалы,Асан қай-
ғының:Ал қолыңды маларсың, алтын менен күміске деген жолдар-
дағы ал сөзі көне түркілік қол деген сөз.Сол сияқты жазы (дала),
салу(қалдыру)құрсау,толғау(орау),соңратын(соң),кежі(күзет)сөздер.
Бұхар: Кіші қара қалмақ бүлерде,
Еңсесі биік кең сарай, мортық болар бүлген соң.
Осындағы бүлер,бүлген деген сөздер-жеңілу мағынасында.
Қазтуған: Қылшанымды сары жүн оққа толтырып. Қылшан сөзі
оқ сауыты деген мағынада жұмсалғандығын аңғара аламыз.
Толғамалы деген сөздің оралған деген мағынасы көмескіленгеніне
қарамастан “толғамалы ақ найза,ақ сүңгі ” тіркестері қалыптасты.

Слайд 6

2.Қазір де түсінікті,бірақ жеке дара қолданылмайтын сөздер.

Ұшан-теңіз.телегей-теңіз тәрізді қос сөздердің құрамындағы
ұшан,телегей

2.Қазір де түсінікті,бірақ жеке дара қолданылмайтын сөздер. Ұшан-теңіз.телегей-теңіз тәрізді қос сөздердің құрамындағы
деген сөздер “көп,толып жатқан” деген мағынада
ұшырасады.Мысалы, Шалкиіз: Телегедей сайқалтып,
Жарқыраған беренді,теңіз етсе,тәңірі етті.
Әуре-сарсаң дегеннің сарсаң бөлігі “сергелдең” мәнінде дербес
қолданылған.
Р.Сыздықова байтақ сөзінің ел,жұрт деген сөздердің баламасы
ретінде жұмсалу шеңберін көрсетеді.Шалкиіз:
Алаштан байтақ озбаса,сыпайшылық сүрмен-ді.
“Жағасына қыршын біткен тал еді” деген жолдардағы қыршын сөзі
өсімдіктің аты ретінде қолданылған.

Слайд 7

3.Қазір де қолданылатын жаңа мағынаға ие болған сөздер

Бұл топқа:қарындас(ағайындас),жұрт(ауыл орны),ару(жақсы,мінсіз)
ауыр(мықты),темір(мылтық),аға(басшы),тобыршық(оқ тіреуіш)жай
(садақ

3.Қазір де қолданылатын жаңа мағынаға ие болған сөздер Бұл топқа:қарындас(ағайындас),жұрт(ауыл орны),ару(жақсы,мінсіз) ауыр(мықты),темір(мылтық),аға(басшы),тобыршық(оқ
оғы),ала(қол),қол(әскер) сияқты т.б сөздер жатады.Мысалы
Асан қайғы: Ол күнде қарындастан қайырым кетер.
Шалкиіз:Ақтабан ару торы ат жайлаған.
Тебіренсе,ауыр жұртын тындырмас.
Қазтуған:Он екі тұтам жай тартқан,
Тобыршығы биік жай салып.
Жанкесі жырау: Темір жұмсап,оқ атқан...
Қорғасындай бұл батыр.
Бек,батыр,хан сөздері-бір-бірімен синонимдес мәнде де қолданылған
Мыс: Бұхар “Бек” сөзін –хан – сөзінің орнына қолданған.

Слайд 8

Кейде тармақтың буын санының артықтығына қарамай бір,мынау,
мына есімдіктері қыстырылып айтылады.Қазтуған:Менен қалған

Кейде тармақтың буын санының артықтығына қарамай бір,мынау, мына есімдіктері қыстырылып айтылады.Қазтуған:Менен қалған
мы-
нау Еділ жұрт...Соқса бір жілік сындырған.
Арнау -толғаулардың басында одағайлар мен қаратпалардың және
солдар типтес қайталама сөздердің келуі XV-XVII ғ қазақ поэзиясы
стиліне тән амал.Өлең тармақтарының біркелкі дыбыстардан бастала
тын сөздермен құрылуы –біздің күндерімізге дейін жеткен ұтымды
тәсіл.Мысалы:Доспамбет “Қалаға қабылан жаулар тигей ме,
Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме?
Қайран ер қарт күреңге мінбей ме?
Асан қайғы:Тақырлауға қонған қаз тырна
Таң маңында ұшар ол.
Тауық неше шақырса,
Таң болжалдап атар ол.
Қызыл изен,боз жусан
Сарыарқаға бітер ол.

Слайд 9

Қадырғали Жалайырдың “Жами ат-Тауарих” атты шежіресінің
тілі.
Шежіре тілінде кездесетін қыз берді,ел

Қадырғали Жалайырдың “Жами ат-Тауарих” атты шежіресінің тілі. Шежіре тілінде кездесетін қыз берді,ел
болды,кіріфтарлық чекті,
хуш келді деген тіркестер беретін мағыналары қазіргі қазақ тілімен
бірдей түседі.
Фонетикалық тұлғалануы бөлекше йағмұр,тигәр,тағ,туғды,айу(ай-
ту),нуң(не),үкүш(көп),өнгін(өзге),қайу(қайсы),біту(жазу) сияқты сөз
дер.
Шежіреде сөздердің жарыспалығы байқалады.Некелі жұбай мағына
сындағы титулды білдіретін хатун сөзі осы мағынадағы қытайдың
Фужин,моңғолдың еке сөздерімен қатарласа жүреді.
Һануз(бұл күн),йағы(дұшпан),ұлық(бузург),мың(һазара), нафар(кіші)
қисм(бөлік),оғул(перзент),фарман(жарлық),аксар(көп). Араб пен
парсы сөздері. Күрделі етістік:ғарат қылу(талау),дафн қылу(жерлеу),
жам қылу(жинау),ихтиат қылу(қорғау).
Моңғол-қытай сөздері де кездеседі:гүрген(күйеу бала),йусун(әдет),
улағ(көлік),йаса(заң),отчигин(кенже),нойан,ноқай-ит,гөйәң-әмірші.

Слайд 10

Пайдаланылған әдебиеттер
1.Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” 1993 ж (88-95 б)
2.С.М.Исаев “Қазақ

Пайдаланылған әдебиеттер 1.Р.Сыздықова “Қазақ әдеби тілінің тарихы” 1993 ж (88-95 б) 2.С.М.Исаев
әдеби тілі” (111-117б)
3.М.Балақаев,Р.Сыздықова,Е.Жанпейісов
“Қазақ әдеби тілінің тарихы”(19-40 б)
Имя файла: XV-XVII-ғасырлардағы-қазақ-әдеби-тілінің-үлгілері.pptx
Количество просмотров: 32
Количество скачиваний: 0