орман қорғау слайд
Орман зиянкестері, ағаш, бұта өсімдіктерін зақымдайтын жәндіктер, кейбір кене түрлері, омыртқалы жануарлардан қоян, тышқан тұқымдас кемірушілер жатады. Қазақстанда орман зиянкестерінің ішінде жиі кездесетіні жәндіктер, қоректену түріне қарай: жапырақ жегілер (қылқан жапырақты да), дің кемірушілер, тамыр зиянкестері немесе топырақ мекендеушілер және жеміс, тұқым зиянкестері деп бөлінеді. Бұлардан көбелектер, құмырсқа, шыбындар, ткачтер тез көбейіп кететін болса, жапырақ жегілер, бізтұмсықтар, улы алагүліктер, т.б. біркелкі көбейіп, әсіресе жас ормандарда, саябақтарда, егін қорғау алқабында белгілі бір аймақта таралады.Дің зиянкестері негізінен қоңыздар (қабық қоңызы, сүген қоңыздар, зер қоңыздар, бізтұмсықтар), кейбір жарғақ қанаттылар (мүйіз құйрықтылар) және көбелектер (бұрғы көбелек, жылтыр көбелектер). Бұл зиянкестер ағаш тінін, сүрегін кеміреді, сапасын кемітеді, ағашты қуратады. Тамыр зиянкестеріне зауза қоңыздары, қарақоңыз, тақта мұртты қоңыздардың дернәсілдері жатады. Тамыр зиянкестерінің көпшілігі жұмыртқасын топырақ арасына салады және барлық даму сатылары сонда өтеді. Жеміс, тұқым зиянкестерінің түрі өте көп. Бұлар ағаштың генеративтік органдарын зақымдайды, орман шаруашылығына едәуір зиян келтіреді. Сүген қоңызы – қаяз (отын кесетін) қоңыздар тұқымдасына жататын қоңыз түрі. Денесінен бірнеше есе ұзын көпбунақты мұрты бар. Олардың аталуы көбінесе мекендейтін ортасына байланысты болады. Қоңыздардың көбі ағаштардың бір түрінде мекендейді. Ұрғашылары жұмыртқаларын ағаш қабығының жарықтарына салады, кейін олардан дернәсілдер дамып жетіледі. Күшті кеміргіш ауыз аппараттары бар жұмсақ дернәсілдер ағаш сүрегінде бір ғана жыл тіршілік етпейді, бірнеше жыл өмір сүреді. Тек қана ағаштарды ғана емес, сонымен бірге ағаштан жасалынатын жабдықтарды, ағаш құрылыстарын толығымен зақымдайды. Сүген қоңыздар, отынкескіш қоңыздар (ағылш. Cerambycidae) - қаттықанаттылар отрядына жататын қоңыздар. Жер шарында кең тараған, 25 мыңнан астам түрі белгілі. Орман ағаштарының қабығы мен сүрегіне жол салады және шөптесін өсімдіктердің сабағында, кейбір түрі топырақ арасында кездеседі. Денесінің ұзындығы 5-100 мм (реликт С.қ-ның ұз. 160 мм). Сопақ денелі, мұртшалар денесінің жартысынан ұзын (осыған байланысты кейде бұларды мұртты қоңыздар деп те атайды), реңі ашық түсті. Бұлар әр түрлі қоректі жануарлар, негізінен өсімдіктермен қоректенеді. С.қ-ы ағаштан жасалған бұйымдарды , ағаштан салынған үйлерді зақымдайды. Сондай-ақ қара қараған сүгені (Monochamus galloprovincialis) және үлкен емен сүгені (Cerambux cerdo) жеміс ағаштарына; күнбағыс сүгені (Agapanthia dahlia) ауыл шаруашылық дақылдарына көп зиян келтіреді. Біздің елімізде сүген қоңыздарының 3 түрі қорғауға алынып, Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген: Іле отынкескіш қоңызы (Turkaromia pruinosa) Іле, Қаратал өзендерінің жайылымдарындағы ормандарды мекендейді. Саны өте аз. Галузо отынкескіш қоңызы (Anoplistes galusoi) Ілде өзенінің аңғарларындағы Үлкен және Аяқты қалқан маңынан табылған. Қылшаны жөнсіз көп кесу қоңыздың санының азаюына әкелуде. Қазір олар «Алтынемел» табиғи саябағында қорғалады; жыңғыл отынкескіш қоңызы (Hesperophanes heydeni) – үштік дәуірден қалған реликті түр. Сырдария, Шу, Іле, Қаратал, Қара Ертіс жайылымдарында таралған. Саны өте аз.