Педагогика лек6 -2022
ЖЕКЕ ТҰЛҒА - психологияда жеке тұлға деген ұғымның әртүрлі түсіндірмелері бар: жеке тұлға денегіміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс - әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне,жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлға, сондай- ақ, психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез, қабілеттілік, мақсат-мүдделер). Даралық ұғымы бір адамды басқа бір адамант, бір тұлғаны басқа тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән қайталанбас қасиет беретін жалпы мен жекеден тұрады. Жеке тұлға дегеніміз- биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі. Жеке тұлға-бұл интегративті жүйе, ыдырамайтын тұтастық. Оның ең маңызды белгілері- саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір - қасиет, даралығы. Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, қоршаған орта да әсер етеді, адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар. «Тәрбиеші тұлғасының жас жанға әсері оқулықтармен де, моральдық нұсқаулармен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен де алмастыруға болмайтын тәрбиелік күшті құрайды» К.Д.Ушинский.