Агрессияның психоаналитикалық және этологиялық бағыттары
Психоаналитикалық бағыт. Бұл бағыттағы агрессияның зерттелуі былайша қарастырылады, яғни «агрессия – ол шынайы мінез – құлықта немесе қиялдаудың әсерінен көрінетін тенденция немесе соған бейімділік, ал мұндағы мақсат –басқа бір адамға залалын тигізу, оны жою, қандай да бір әрекеттің есебінен оны еркінен айыру, намысына тию т.б». Агрессия ол тек бұзақылық немесе зорлық зомбылық жасау әрекеті болуы мүмкін емес. Агрессивтілік – ол тенденция немесе тенденцияға бейімділік, мұнда мақсат – басқа адамға зиян келтіру, ал агрессия- осы тенденциялардың (ой, ниет, мақсат) сырттай көрінісі және ол жағымсыз сол сияқты жағымды, символикалық сыртқы көрініс формасына ие болуы да мүмкін. Мұнымен қоса, агрессивтілік ол психоаналитикалық бағыт бойынша адам бойындағы қасиеттерінің фундаменті ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыда 3. Фрейд агрессия мен агрессивтілікті ғылыми психологиялық талдаудың обьектісіне айналдырды, ал бұл агрессияның фрустрациялық концепциясының құрылуына әкелді. Бұл тұрғыда 3. Фрейд агрессия мен агрессивтілікті ғылыми психологиялық талдаудың обьектісіне айналдырды, ал бұл агрессияның фрустрациялық концепциясының құрылуына әкелді. Фрейдтің ойынша агрессия сөзсіз болатын, яғни егер танатостың энергиясы сыртқа қарай шықпаса, ол адамда түрлі бұзылыстардың, аурулардың болуына әкелуі мүмкін. Осындай жағдайдан шығудың жолы -энергиясының бұзылуына әкелетін– катарсис табылады. Фрейд өзінің алдыңғы жұмыстарында былайша тұжырымдады, яғни адамның барлық мінез-құлқы – эростан (либидо) яғни өмірдің инстиктарынан туындайды. Кейіннен Фрейд танатостың мәнін ашты – ол дегеніміз өлімге бел байлау (өмірдің тоқтауы және жоғалуы). Ол былай деп санада – яғни осылардың арасында әрқашанда күйзеліс, тартыс, дағдарыс, дау-жанжал, қарама-қарсылық болады, ал басқа да механизмдер танатостың энергиясын сыртқа қарай бағыттайды, соған байланысты агрессия сыртқа қррай шығып, басқа адамдарға бағытталады.