Топыраққа биогенді элементтерді қолдану барысында олардың азаюы және жоғалу жағдайлары
Биогендік элементтер – тірі организмдердің жасушалары мен ұлпаларында (тіндерінде) тұрақты түрде кездесетін және белгілі бір қызмет атқаратын химиялық элементтер. Соңғы зерттеулердің қорытындысы бойынша жасушаның құрамында 80-нен астам химиялық элементтер болатыны анықталған. Олардың 40-қа жуығы жасушадағы зат алмасу процесіне қатысып, биологиялық белсенділік қасиеттер көрсетеді. Биогендік элементтер 3 топқа бөлінеді. Макроэлементтер – О, С, Н, N, олардың жасушадағы мөлш. 98%-дай, Микроэлементтер – К, Р, S, Mg, Cl, Ca, Na, Fe жатады, олардың клетка құрамындағы мөлш. 1,9%-ға жетеді. Ультраэлементтер – J, Cu, Co, Zn, Mo, Br, Mn, B клетка құрамында өте аз мөлшерде кездеседі, олардың көрсеткіші 0,01%-дай болады.