Слайд 3Тауардың сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі проблемасының қазіргі әлемде теңдессіз сипаты бар.
Бәсекеге қабілеттілік

және сапа – елдің, кез келген өндірушінің тауарлар мен қызметтерді жасауы, шығаруы және өткізуінің шоғырланған барлық жиынтығын білдіреді.
Слайд 4Өнімнің сапасы – болжанатын қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілетін береді
Өнімнің сапасының тұтынушылық қасиеті
сенімділік
жаңалық
үнемділік
ұзақ мерзімділік
эколо-гиялық

Слайд 8Нарықтағы тепе-теңдік дегеніміз нарықтық жағдай, мұнда:
1) Сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық мүддесі

теңеседі, демек сұраныс пен ұсыныстың көлемі(шамасы) өзара тең: QE=QD=QS;
2) Нарықта тепе-теңдік баға (РЕ) қалыптасады, бұл кезде сетушылар ұсынған тауарлар саны мен сатып алушылар сатып алатын тауарлар саны өзара сәйкес келеді. Бұл жағдайда тепе-тең баға сұраныс бағасы мен ұсыныс бағасына сәйкес келетін болады:
РЕ=PD=PS
Слайд 9Сұраныс бағасы дегеніміз сатып алушылар әлгі тауар санын сатып алған кезде төлеуге

әзір барынша ықтимал баға.
Ұсыныс бағасы дегеніміз сатушылар әлгі тауар санын сатуға әзір барынша ықтимал баға.
Слайд 10Тепе-теңсіз жағдайлар: тапшылық пен артылып қалу

Слайд 11Нарықтағы тепе-теңдік сатушылар мен сатып алушыларды негізінен бірдей қанағаттандыратын сәтті жағдай.
Алайда, нарыққа

сұраныс пен ұсыныс сәйкеспей, соның салдарынан «сілкініс» те болмай тұрмайды.
Слайд 12Тапшылық (өтелмеген сұраныс, тауар жетіспеушілігі) дегеніміз сол нарықтағы сұраныс шамасы ұсыныс шамасынан

асып кететін нарықтық жағдай: QD>QS.
Тапшылық көлемі сұраныс пен ұсыныс көлемінің әр түрлілігіне тең: Qдеф=QD-QS. (7)
Тапшылық жағдайындағы сату көлемі ұсыныс шамасына тең болады: Qсату=QS, (8)
яғни нарықта сатушылар шығарған тауардан артық тауар сатылмайды.
Слайд 13Артылып қалу(артық ұсыныс) дегеніміз сол нарықтағы ұсыныс шамасы сұраныс шамасынан асып кететін

нарықтық жағдай: QS>QD.
Артылып қалу(артық ұсыныс) көлемі сұраныс пен ұсыныс көлемінің әр түрлілігіне тең:
Qарт=QS-QD (9)
Нарықта тауар артылып қалған жағдайда сату көлемі ұсыныс шамасына тең болады:
Qсату=QD (10)