Слайд 2Тоғызыншы сәуір
Денсаулықты сақтау өз қолымызда

Слайд 3«Дені сау кедей – ауру корольден бақытты»
 Шопенгауер

Слайд 4Табиғаттың ең қымбат жемісі – адамдардың өз денсаулығына көңіл бөлгені - өзін-өзі

сыйлағаны.Осыдан-ақ табиғаттың берген сыйы тұла бойына таза қарап, өмірдің соңына шейін денсаулығы зор болып, адам атына кір келтірмей өту абзал.
Адамның денсаулығы – өмір тіршілігінің ең бірінші  шарты болып табылады. Сондықтан үкіметіміз денсаулық сақтау ісіне, адамдарымыздың дені сау, ағзасының күшті болуына үнемі қамқорлық жасап отыр.
Дені сау болса, адамның өзі де, жан-жағындағы адамдар да бақытты.
Слайд 5Жаңа ғасыр табалдырығынан аттанған болашақтың тағдыры – оның денсаулығында. Ұлы Абай атамыздың

«Бес нәрсеге ғашық бол, бес нәрседен қашық бол» қағидасын берік ұстап, ертедегі ата-бабаларымыздың әскерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген денсаулық жайлы ойларының қадірін түсіне білу керек.
Сау дене, азат ақыл, адам көңіл,
Үшеуімен бақытты  болады өмір,- дегендей, өмірге адам болып келген соң, адам болып өту, өмірімізді мәнді де, сәнді өткізу, келешекке оң көзқараспен қарау – міндетіміз. Бұл өмірді дұрыс өткіземін десең, салауатты өмір салтын ұстан.
Салауаттылық – саулық кепілі, ал саулық – байлық негізі.
Слайд 6 Бірақ, денсаулық - бұл дене шынықтыру және спорт ғана емес, бұл

дұрыс әрі теңдестірілген тамақтану.
 Қазіргі өркениеттің негізі, дені сау және рухани дамыған адам болып табылады. Әлеуметтік - экономикалық және саяси өзгертулер, ізгілік құндылықтар және мұратын бекіту, дамыған экономикасын және тұрақты демократиялық жүйені орнатуда мағына жоқ, егер де олар адамдарға толымды өмір сүруге жағдай бермесе.
Слайд 7Жарлының байлығы —
Денінің саулығы.
 Тазалық — саулық негізі,
Саулық — байлық негізі.
Бірінші байлық —

денсаулық, 
Екінші байлық — ақ жаулық,
Үшінші байлық — он саулық 
Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
Денің сау болса,
Жарлымын деме.
Жолдасың көп болса,
Жалғызбын деме.
Слайд 8Денсаулық — байлықтан қымбат
Джон Рей
… адам денесінің жетілуі — оның денсаулығы; егер

денің сау болса, онда оны сақтамақ керек, ал егер сау болмаса, онда денді сауықтыру керек
Әл-Фараби
Тәннің ләззаты — саулығында,
Жанның ләззаты — білімінде
Фалес
Дертке шалдыққанша, денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді
Томас Фуллер
Көп жасау — деннің саулығы, бақытты болу — адамның өз қолындағы ісі
А.М.Кирхенштейн