Фармацевтикалық өндіріс орындарындағы еңбек қорғау ережелері мен негізгі қойылатын талаптар

Содержание

Слайд 2


Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайын жасау
Фармацевтикалық қызмет еңбек және жұмыс істеу жағдай

Еңбекті қорғау және қауіпсіздік жағдайын жасау Фармацевтикалық қызмет еңбек және жұмыс істеу
сипатына ерекше көңіл бөлу керек, өйткені олар әртүрлі өндірістік ортада әртүрлі жағымсыз факторлармен кездесіп отырады, оның ішінде жүйке-эмоционалдық күйзеліс, еріксіз жұмыс істеу позасы, жағымсыз микроклимат, жұмыс орындарында жарықтың жетіспеушілігі, зиянды химиялық заттар, ультрадыбыс, иондану және т.б. Елімізде медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерде мамандық ауруы өсуде, 5 жылда (1995ж.-1999ж.дейін) 60% көп мамандық ауруы тіркелген. Соңғы жылдарда мамандық ауруының құрылымында тыныс алу жолдарының туберкулезі, сары сулы гепатит, бронх астмасы, дерматиттер, дәрілік-медикаментті аллергия, экзема көбейген. Аурудың негізгі массасы созылмалы түрге ауысады. Орташа, аурудың 80% әйелдерде тіркелген. Мамандық ауруының пайда болуына әкелетін негізгі белгілер болып табылады: қауіпсіздік техника бұзылысы, жұмыс орындарының жетілдірілмегендігі, жеке бас қорғау заттарының жоқтығы немесе қолданылмайтындығы, еңбек тәртібінің бұзылысы, техниканың жетілдірілмегендігі, т.б. Жалпы еңбек қорғау ережелері Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2004 жылғы 9 маусымдағы Депутат Ш.Оразалинов әзірлеген Еңбек кодексінің жобасы бойынша қарастырылады.

Слайд 4

Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техникаларды бөлшек сауда арқылы босатуға келесі

Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техникаларды бөлшек сауда арқылы босатуға келесі
жағдайларда тиым салынады:
Қазақстан Республикасында тиісті түрдегі өндірістік тәжірибе жағдайындағы өндірілген дәрілік субстанциялардан басқа мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды;
Қазақстан Республикасы Заңнамаларына сәйкес сапасы сертификаттермен расталмаған дәрілік заттарды;
Қазақстан Республикасы Заңнамаларына талаптарына сәйкес келмейтін дәрілік заттарды;
жарамды мерзімдері өтіп кеткен дәрілік заттарды;
аудан орталықтарынан шалғай орналасқан дәріхана жоқ еләді мекендердегі бірінші медициналық-санитарлық көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарынан басқа медициналық қызметкерлермен дәрілік заттардың бөлшек сауда арқылы босатылуына;
дәрілік заттарды, басқа да фармацевтикалық тауарларды уақытша сақтайтын дәріханалық қоймалар арқылы тауарларды бөлшек сауда арқылы босатуға.

Слайд 5

Дәрілерді дайындаушы фармацевт немесе фармацевт ассистент өздерінің жұмысында дәрілік заттар айналысы саласындағы

Дәрілерді дайындаушы фармацевт немесе фармацевт ассистент өздерінің жұмысында дәрілік заттар айналысы саласындағы
ҚР заңдылық актілерді, ҚР ДСМ бұйрықтарын, басқа да нормативтік құжаттарды басшылыққа алады. Дәрілік формаларды дайындаушы фармацевтің, фармацевт ассистенттің рецептуралық-өндіріс бөлімінің меңгерушісіне, орынбасарына, фармацевт-аналитикке тікелей бағынуы дәріханалық ұйымның басшылығымен айқындалады.
Ассистенттік бөлмедегі дәрілік формаларды дайындаушы фармацевт ассистент рецептер бойынша дәрілерді дайындайды және фасовщиктердің жұмыстарына басшылық жасайды.
Дәрілік форманы дайындау алдында фармацевт ассистент рецепті асықпай оқып, ингредиенттердің сыйымдылығын және дозаларын тексереді. Фармацевт ассистент дәрілік форманың дұрыс дайындалуына және сапасына жауапты болады.
Дайындалған дәрілік формаларға фармацевт ассистент нөмірін жапсырып, жазбаша бақылау паспортын толтырады, рецепке қолын қояды. Дайындалған дәріні рецептісімен және жазбаша бақылау паспортымен фармацевт-технологқа береді.

Слайд 7

Дәрілерді дайындаушы фармацевт- ассистенттің міндеттері:
рецептер бойынша дайындау технологиясын сақтай отырып, рецепте

Дәрілерді дайындаушы фармацевт- ассистенттің міндеттері: рецептер бойынша дайындау технологиясын сақтай отырып, рецепте
жазылған дәрілік формаларды уақытында дайындау; «sito» және «statum» белгілері бар рецептер бойынша жазылған дәрілік формаларды бірінші кезекте дайындау;
бекітілген тәртіптерге сәйкес барлық дайындалған дәрілік формаларға жазбаша бақылау паспорттарын толтыру;
ұнтақтарды бөлшектеу, ерітінділерді сүзу т.б. барлық қосымша жұмыстарды фасовщиктерге тапсыру және оларға жұмыс ерекшеліктерін түсіндіру;
кіші механикаландыру құралдарын, салмақты өлшеу прибор, аппараттарын қолдана білу;
жұмыс орнына керекті құрал-жабдықтарды алдынала дайындау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану;
жұмыс орнында санитарлық ереже талаптарын сақтау;
дәріханада жүргізілетін материалды-құнды заттарды инвентаризациялауға қатысу;
өзінің кәсіптік мамандық деңгейін үнемі жоғарлату, жұмысында озық тәжірибелер мен ғылыми жетістіктерді қолдану.

Слайд 8

Құрамында күшті әсерлі, улы және наркотикалық заттар бар дәрілерді дайындау
ҚР Үкіметінің қаулысы

Құрамында күшті әсерлі, улы және наркотикалық заттар бар дәрілерді дайындау ҚР Үкіметінің
бойынша юристік және жеке тұлғаларды наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберу ережелері бекітіледі. Дәріханалық ұйымдарда наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге фармацевтикалық қызметкерлерді жіберу дәріханалық ұйым басшысының еңбек шарты негізінде жасалған рұқсатымен жүргізіледі. 18 жасқа толмағандар наркотикалық және психотроптық заттармен жұмыс істеуге жіберілмейді.
Дәрілер дайындау үшін қажетті наркотикалық дәрілік заттарды ассистенттік бөлмеге беру материалдық жауапкершіліктегі тұлғалар арқылы жүргізіледі.
Дайындалатын дәрілік форманың құрамына кіретін улы және наркотикалық дәрілік заттарды фармацевт ассистент бөлім меңгерушісінен, оның орынбасарынан немесе басқа арнайы жауапты қызметкерден алады.

Слайд 10

Дәрілердің асептикалық жағдайда дайындалу ерекшеліктері
ҚР ДСМ нұсқауына сәйкес инъекцияға арналған ерітінділер, көз

Дәрілердің асептикалық жағдайда дайындалу ерекшеліктері ҚР ДСМ нұсқауына сәйкес инъекцияға арналған ерітінділер,
тамшылары мен майлары, жаңа туған балаларға арналған дәрілік формалар, сыртқа қолданылатын кейбір ерітінділер дәріханаларда асептикалық жағдайда дайындалады.
Асептикалық жағдайда жұмыс істеу кезінде тиым салынады:
асептикалық блокка стерильденбеген киіммен кіруге және стерильденген киіммен асептикалық блоктан шығуға;
стерильденген санитарлық киімнің астынан қызметкерлердің көшеде киетін киімдерін киюге;
қызметкерлерге косметикалық заттарды және аэрозольды дезодаранттарды қолдануға;
сағат және зергерлік бұйымдарды тағуға.

Слайд 13

Дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілердің сапасына бақылау жасауды фармацевт-аналитик жүргізеді және аналитикалық жұмыстардан

Дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілердің сапасына бақылау жасауды фармацевт-аналитик жүргізеді және аналитикалық жұмыстардан
басқа фармацевт-аналитикке келесі шараларды жүргізу жүктеледі:
дәрілік заттардың дайындалу технологиясына, сапасына, сақталу жағдайына, жарамды мерзімдеріне, санитарлық ережелерге қатысты барлық мәселелер бойынша дәріханада тексерулерді жүргізу;
дәрілік заттарды дайындау барысында орын алған қателіктерге талдау жүргізу; қателіктерді жіберуге себеп болған жағдайларды анықтау; жіберілген қателіктерді дәріхана басшысының назарына жеткізу және алға карай оларды болдырмау мақсатында ұсыныстар жасау;
дәрілік заттарды дайындау кезінде физикалық химиялық және фармакологиялық сыйысушылықтарды анықтау;
канағаттанарлықсыз сападағы дәрілік формалар дайындалған жағдайда, себептерін анықтап, оларды алға қарай болдырмау шараларын жүргізу;
дәріханада дәрілік заттардың сақталу жағдайларын, жарамды мерзімдерін, дәріханалық жағдайда дайындалған дәрілік формалардың дұрыс безендірілуін қадағалап бақылау.

Слайд 14

     
Аса зиянды еңбек жағдайларына байланысты емдік-сақтандыру тамақтануға және витамин препараттарын тегін алуға құқық

Аса зиянды еңбек жағдайларына байланысты емдік-сақтандыру тамақтануға және витамин препараттарын тегін алуға
беретін, белгілі кәсіптер мен қызметтерде жұмыс істелетін өндірістердің тізбесі  
-----------------------------------------------------------------------------  Өндірістер, кәсіптер және қызметтер атаулары ! Емдеу сақтандыру                                                    !     тамақтану !    рационының N  ----------------------------------------------------------------------------- 
 6. Бөлім. Химия-фармацевтикалық өндіріс   
83. Теобромин, фенилацетамид, цианды бензил өндірісі
Негiзгі технологиялық процеспен және жабдықтар  2  жөндеумен (слесарь-жөндеуші) толық жұмыс күн  айналысатын жұмысшылар мен мастерлер.  
-------------------------------------------------------------------- 
84. Промедол, фенацетин, аминазин, пропазин өндірісі   
Негiзгі технологиялық процеспен және жабдықтар 4  жөндеумен (слесарь-жөндеуші) толық жұмыс күн  айналысатын жұмысшылар мен мастерлер.     
-------------------------------------------------------------------- 
85. Нитрохлоракридин, аминохинол, трихомонацид,  азидин, димеколин мен фосфакол фепраноны, армин және  миотикалық дәрілер ерітінділерінің өндірісі     
Негiзгі технологиялық процеспен және жабдықтар 4  жөндеумен (слесарь-жөндеуші) толық жұмыс күн  айналысатын жұмысшылар мен мастерлер.     
Имя файла: Фармацевтикалық-өндіріс-орындарындағы-еңбек-қорғау-ережелері-мен-негізгі-қойылатын-талаптар.pptx
Количество просмотров: 57
Количество скачиваний: 0