Слайд 2Интеллект
Рациональды таным, ой тұжырымдау мен пайымдаулар арқылы неғұрлым толық адаптацияны қамтамасыз
ететін адамның ақыл мен оларды іске асыру жолдарының, ойлау ерекшелігінің потенциалдар жиынтығы.
Слайд 3Интеллект бұзылыстары
Деменция – жүре пайда болған кем ақылыдылық.
Олигофрения – туа пайда болған
кем ақылдылық.
Слайд 4Идиотия
Психикалық кем ақылдылықтың терең түрі. Науқас адам сөйлемейді, эмоциялары қарапайым (жылау,
айғайлау), жүре алмайды, кейде стереотипті қимылдар жасайды,өзін-өзі күте алмайды. Осындай науқастарға Ітоп мүгедектігі беріледі.
Слайд 5Имбецилділік
Бұндай науқастардың абстрактілік ойлауға қабілеті жоқ, сөз қоры өте аз, сөйлем
құрай алмайды, әріп пен сан білсе де оқи алмайды, қойған сұрақтарға өте қарапайым жауап береді. Өзін күтуге, қарапайым жұмыс істеуге үйретуге болады.
Слайд 6Дебилділік
жеңіл түрдегі кем ақылдылық.
науқас адамдардың абстрактілік ойлау қабілеті төмен, білімі қарапайым,
өз бетінше жұмыс істей алмайды, баяу, бірақ есте сақтау, сөйлеу мен еліктеушілік қабілеті жақсы дамыған. Арнайы мектеп, интернаттарда оқу, жазуға, санауға және біреудің қарауында қарапайым жұмыс істеуге үйретіледі.
Слайд 8Органикалық деменция
-тотальді (диффузді)
-ошақты (дисмнестикалық, лакунарлық, парциалді)
Бас ми жарақаттарында, ми тамырларының ауруларында,
қарттық және сифилистік психоздарда кездеседі.
Слайд 9Тотальді органикалық деменция
Науқас адамның барлық интеллектуалді функциялары төмендеген; логикалық ойлауға, өзіне және
ауруына сыни тұрғыдан қарау қабілеті жоқ, адамның тұлғалық қасиеті жоғалады. Науқас балағат сөз айтып, палатада жалаңаш жүгіреді, сексуалді инстинктері ояна бастайды.
Слайд 10Ошақты органикалық деменция
Науқас адамда негізінен есте сақтау бұзылыстары болады. Ой пайымдау қабілеті,
өз жағдайына сыни тұрғыдан қарау сақталады. Науқасқа жаңа информацияны қабылдау қиын, сондықтан ойларын, істеу керек жұмыстарын қойын кітапшасына жазып жүреді; ал бұрыннан жаттықтырылған, әсіресе профессионалді дағдылары ұзақ уақыт бойы сақталады.
Слайд 11Шизофрениялық деменция
Науқас адамда абстракті ойлау қабілеті мен есте сақтау қабілеті бұзылмаған. Бірақ
апати мен абулия салдарынан науқаста еңбек етуге, басқа адамдармен қарым-қатынаста болуға құлқы жоқ.
Сондықтан осындай науқастарды кітапқа толы, бірақ ешкім оқымайтын шкафпен салыстырады.