Реактивті психоздар

Содержание

Слайд 2

Реактивті психоздар - психогенді негізді, өмірге қауіп төндіретін, индивидуум сәттілігіне зиян келтіретін

Реактивті психоздар - психогенді негізді, өмірге қауіп төндіретін, индивидуум сәттілігіне зиян келтіретін
факторлар әсерінен дамитын, басым психотикалық сипаттағы бұзылыстар.
Мұндай психикалық бұзылыстар ауыр эмоциональды стресс нәтижесінде пайда болады. Психикалық жарақаттың мазмұны психикалық бұзылыстардың клиникалық көрінісінде бейнеленеді (Ясперс триадасы). Психикалық жарақат әсері аяқталғанда олар жоғалады. Дегенмен, Ясперс триадасының әмбебап мәні жоқ. Ауыр эмоциональді жарақаттан кейін едәуір уақыт өткен соң психикалық бұзылыстардың пайда болғаны бақыланған (кешіккен теакциялар) және эмоциональды жарақат әсері аяқталғаннан кейін де ұзақ сақталған.

Слайд 3

Клиникалық көріністеріне байланысты реактивті жағдайлар жедел және созылмалы болып бөлінеді.
Жедел реактивті жағдайлар

Клиникалық көріністеріне байланысты реактивті жағдайлар жедел және созылмалы болып бөлінеді. Жедел реактивті
(аффективті-шокты реакциялар)
Аффективті-шокты реакциялар қозу немесе ступорға дейінгі тежелу түрінде көрінеді. Қозу жағдайыменреакциялар тарылған сана фонында өтеді. Аурудың жүріс-тұрысы бұл кезде хаосты, ретсіз болады. Олардың іс-әрекеті мағынасыз, кейде өздеріне зиян келтіреді. Мысалы, өрт кезінде хаосты қозу жағдайындағы адам терезеден секіріп, өліп кетуі мүмкін.

Слайд 4

Тежелу күйімен аффективті-шокты реакциялар кезінде жартылай немесе толық қимылсыздық пайда болуы мүмкін (ступор

Тежелу күйімен аффективті-шокты реакциялар кезінде жартылай немесе толық қимылсыздық пайда болуы мүмкін
жағдайы). Мұндай жағдайдағы адамдар қимыл-әрекет жасауда қиындықтар сезінеді. Қауіп төнген жағдайда адам аяғында ерекше ауырлық байқайды, оның қозғалысы баяулайды. Осы қауіптен құтылу үшін ол шапшаң және дәл қимыл, іс-әрекет жасай алмайды. Кейде мұндай ситуация кезінде науқас бір орнында қатып, тұрып қалады (ступор). Дегенмен, жартылай немесе толық тежелу күйіндегі адам қоршаған ортаны дұрыс қабылдап, бағалай алады.

Слайд 5

Аффективті-шокты жағдайлар, жоғарыда айтылғандай, өміріне қауіп төнген жағдайда пайда болып, бұл жағдайлар

Аффективті-шокты жағдайлар, жоғарыда айтылғандай, өміріне қауіп төнген жағдайда пайда болып, бұл жағдайлар
жойылғанда кетеді. Мұндай күйдегі науқастар әдетте аурухана жағдайына бақыланбайды.
Ступорозды күй қылмыстық жазалау қаупі төнгенде пайда болуы мүмкін. Соттық ситуация шешілу мерзіміне байланысты бұл күй ұзақ ағыммен ерекшеленеді.

Соттық ситуацияға байланысты пайда болатын осындай психикалық бұзылыстар тобына истериялық деп қарастырылатын басқа да жедел психотикалық құбылыстар жатқызылуы мүмкін. Олар сананың айрықша бұзылысымен ерекшеленеді. Соттық - психиатриялық жағдайларда пайда болған бұл бұзылыстар симуляциялық жүріс-тұрысты бейнелейді, ол Ганзер синдромы (алғаш сипаттаған автор есімі бойынша) жәнепсевдодеменция деп аталады

Слайд 6

Созылмалы реактивті жағдайлар

 
Созылмалы психогенді реакциялар жиі науқас үшін ерекше маңызы бар жағдайлардан

Созылмалы реактивті жағдайлар Созылмалы психогенді реакциялар жиі науқас үшін ерекше маңызы бар
(сәтті өміріне қауіп төнгенде, жақынын жоғалту және т.б.) кейін пайда болады. Мұндай реакциялардың типтік формалары реактивті депрессия мен реактивті параноид болып табылады.

Реактивті депрессия. Бұл кезде науқастың көңіл-күйі жабырқаулы. Ауыр жағдайды туғызған себеп жөнінде үнемі ойда жүреді. Егер бұл жақын адамының өлімі болса, оның ойлары тек сол жөнінде болады. Жиі өзін-өзі кінәләу идеялары пайда болады. Науқас өзін оған дұрыс көңіл бөлмедім, әділетті болмадым, өлім аузынан алып қалу үшін қолдан келгенді жасамадым деп жазғырады. Ұйқысы бұзылып, еңбекке қабілеті төмендейді. Соматовегетативті бұзылыстар байқалады, тәбеті қашып, дене салмағы азаяды, іш қатуы болады. Артериялық қан қысымы көтеріледі.

Слайд 7

РЕАКТИВТІ ПАРАНОИД. ҚОЛАЙСЫЗ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАН, ЖЕКЕ АДАМ НЕМЕСЕ АДАМДАР ТОБЫНЫҢ НАУҚАСҚА

РЕАКТИВТІ ПАРАНОИД. ҚОЛАЙСЫЗ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ТУЫНДАҒАН, ЖЕКЕ АДАМ НЕМЕСЕ АДАМДАР ТОБЫНЫҢ НАУҚАСҚА
ДЕГЕН ҚАТЫНАСЫ БОЙЫНША ЖАЛҒАН ПІКІР ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЖАСАУ. БҰЛ ҚАТЕ БАҒА БЕРУ АСА БАҒАЛЫ, СОНЫМЕН ҚАТАР, САНДЫРАҚТЫҚ ИДЕЯЛАРЛАР СИПАТЫН АЛУЫ МҮМКІН. АСА БАҒАЛЫ ИДЕЯ ФОРМАСЫНДА ОЛАРДЫ ТҮЗЕТУГЕ БОЛАДЫ, НАУҚАСТЫҢ ОЙЛАРЫ МЕН ҰСТАНЫМДАРЫН ТОЛЫҚ ҚАМТЫМАЙДЫ. ОЛ ЖАРАҚАТТАУШЫ СИТУАЦИЯНЫ ӘСІРЕЛЕП БАҒАЛАҒАНЫМЕН, ШЫНАЙЫ ФАКТТАРҒА СҮЙЕНЕДІ. ЕКІНШІ ЖАҒДАЙДА НАУҚАС ТҮЗЕТУГЕ КӨНБЕЙДІ, ОНЫҢ ОЙЛАРЫ МЕН ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ САНДЫРАҚТЫҚ ИДЕЯЛАРҒА БАҒЫНЫШТЫ. РЕАКТИВТІ ПАРАНОИД ПСИХОЖАРАҚАТТАУШЫ СИТУАЦИЯ ЖОҒАЛҒАНДА АКТУАЛЬДЫЛЫҒЫНАН АЙРЫЛАДЫ, ЖӘНЕ ОСЫЛАЙША ЖАЗЫЛАДЫ.

Слайд 9

Клиникаға түскен кезде санасы анық, орын мен уақытты дұрыс бағдарлайды. Дәрігерлермен әңмелескенде

Клиникаға түскен кезде санасы анық, орын мен уақытты дұрыс бағдарлайды. Дәрігерлермен әңмелескенде
жәй дауыспен көзіне жас алып әңгімелейді, пайда болған жанұялық ситуацияларды уайымдайды, бұл жағдайдан шығар жол таппайды, көңіл-күйі төмен, бірақ суицильді ойлары жоқ, көмек іздейді. Бөлімшеде болған алғашқы 3 күнде «қауіп төндіретін, өзін өлтіргісі келетін адамдардың дауыстарын, «үйден шық деп бұйырған ұлының дауысын естіген». Бұл көріністердің дертті сипатын түсінеді.
Имя файла: Реактивті-психоздар.pptx
Количество просмотров: 44
Количество скачиваний: 0