жоқ, ерекше нәрсені көрудi, гимнастиканың бір түрін басқа түріне өзгертуге ұмтылмауы қажет. Ол орныққанша, тосу әдетін қалыптастыру керек. Қытай ұсталары айтқандай: «Үш күн балық аулап, екі күн ауды құрғатуға болмайды», тұрақтылық пен табандылық керек.
Цигун емі практикалық жұмыс
4.Жаттығудың барлық әдістері мамандардан үйренуді талап етеді. Егер цигун, әсіресе, аурулармен күресте қару ретінде қызмет етсе, тек қана кiтап нұсқауларын негiзге ала отырып, дене қалыптарын және қозғалыстарын меңгеруге болмайды. Жаттығуды қалайша дұрыс орындауын анықтап, жаттығушының денесiнiң күйіне және ауру ағымы сипатына байланысты, барлығын есепке алып, нұсқау беру қажет. Ал кітаптар және басқа да материалдар тек көмекші құрал ретінде ғана жарамды.