Жануарлардың тейлериидоздары

Содержание

Слайд 3

Theileriidae тұқымдасы

Тейлериидоздар – Theileriidae тұқымдасына жататын патогенді қарапайымдылар тудыратын, протозойлық, трансмиссивтік аурулар.

Theileriidae тұқымдасы Тейлериидоздар – Theileriidae тұқымдасына жататын патогенді қарапайымдылар тудыратын, протозойлық, трансмиссивтік
Тейлериидоздармен ірі қара және ұсақ мүйізді малдар, жылқылар (нутталлиоз) ауырады.
Қазақстанда және басқа ТМД елдерінде ірі қара малының тейлериозы және жылқының нутталлиозы кезігеді.

Слайд 5

ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ТЕЙЛЕРИОЗДАРЫ

Тейлериоздар – Theileria туысына жататын қарапайымдылар тудыратын, ірі қара

ІРІ ҚАРА МАЛДЫҢ ТЕЙЛЕРИОЗДАРЫ Тейлериоздар – Theileria туысына жататын қарапайымдылар тудыратын, ірі
малының, буйволдардың (енеке немесе дала сиыры), зебулардың (өркешті сиыр) жіті немесе жітілеу түрде өтетін трансмиссивтік аурулары.
ТМД елдерінде ірі қара малдарында тейлерийлердің төрт түрі тоғышарлық етеді: Theileria annulata, Th.sergenti, Th. mutans және Th. orientallis, алғашқы екі түрі өте уытты тоғышарлар. Қазақстанда ірі қара малында тейлериозды тек қана Theileria annulata түрі тудырады.

Слайд 7

Тейлериоздар ірі қара шаруашылығының дамуына өте көп зиян келтіреді. Ауырған мал өлімі

Тейлериоздар ірі қара шаруашылығының дамуына өте көп зиян келтіреді. Ауырған мал өлімі
60-80 % жетеді және мал өнімділігі азаяды. Ауырып жазылғаннан кейін сиырлардың сүттілігі тек қана 70-75 % қалпына келеді, сау кезіндегімен салыстырғанда. Малдың денесінде тейлерийлер сөл бездерінде, ұлпалы органдар және эритроциттерде тоғышарлық етеді.

Слайд 9

Қоздырушылары

Тейлерийлердің эритроцитарлық түрлерінің сипаттамасы: эритроциттерде тейлерийлердің дөңгелек сопақша (80% дейін), таяқша, үтір

Қоздырушылары Тейлерийлердің эритроцитарлық түрлерінің сипаттамасы: эритроциттерде тейлерийлердің дөңгелек сопақша (80% дейін), таяқша,
тәрізді түрлері тоғышарлық етеді. Негізгі жиі кездесетін түрлері сопақша және эритроциттердің радиусынан кіші, дөнгелек түрлерінің мөлшері 0,5-1,5 мкм, сопақшалары – 0,6-2,0 мкм, таяқша тәрізділері – 0,7-2,5 мкм. Тейлерийлер көбінесе эритроциттердің ортасында, кейде шетінде орналасады. Бір эритроцитте 1-7 тейлерийлер тоғышарлық етеді жалпы зақымдалуы 80-95 % жетеді (101-сурет). Романовский–Гимза әдісімен тейлерийлердің ядросы қызыл, цитоплазмасы көк түске боялады.

Слайд 11

Макро және микрошизонтар

Макро және микрошизонтар цитоплазмадан және көптеген ядролардан (50 және одан

Макро және микрошизонтар Макро және микрошизонтар цитоплазмадан және көптеген ядролардан (50 және
жоғары) тұратын көп ядролы денелер (102-сурет). Олардың мөлшері 8-27 мкм. Шизонттарды Романовский–Гимза әдісімен бояғанда цитоплазма көкшіл, ядролары қызылдау түске боялады. Микрошизонттардың ядролары кішкентай, дөнгелек нүкте тәрізді болады. Макрошизонттардың ядролары үлкен, түрлері әр түрлі болады.

Слайд 13

Қоздырғышының дамуы.

Негізінде малдардың денесіндегі тейлерийлердің даму сатылары нақтылы зерттелініп, анықталған, ал кенелердің

Қоздырғышының дамуы. Негізінде малдардың денесіндегі тейлерийлердің даму сатылары нақтылы зерттелініп, анықталған, ал
денесіндегі даму сатылары толық зерттелініп анықталған жоқ.
Тейлерийлермен зақымдалған кенелер, сау малдың қанын сорғанда сілекейлерімен эритроциттерде орналасқан тейлерийлердің ұсақ түрлерін терісіне енгізеді. Тейлерийлер сөл, қан арқылы алдымен жақын сөл бездеріне, содан кейін ұлпалы органдарға жетіп шизогония немесе көптеген бөліну сатысымен дамиды. Осы ретте тейлерийлер (спорозоиттар) лимфоциттерге моноциттерге еніп, көлемі үлкейеді, ядросы көптеген бөліктерге бөлінеді, көп ядролы денелер – макрошизонттар пайда болады.

Слайд 15

Эпизоотологиялық деректер

Тейлериоз ТМД елдерінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында таралған.
Қазақстанда тейлериоз Оңтүстік

Эпизоотологиялық деректер Тейлериоз ТМД елдерінің оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында таралған. Қазақстанда тейлериоз
Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында жиі кездеседі. Тейлериоз Қызылорда облысында сәуірден қыркүйек айларына дейін, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында сәуірден қазанға дейін кезігеді. Маусым шілде айларында ауырған мал саны көбейіп, инвазия жоғары сатысына жетеді. Осы айларда имаго сатысындағы кенелер көп тарайды, ауруды таратады. Тейлериоздың қоздырғышын Қазақстанда бес түрлі иксодид кенелері: Hyalomma anatolicum, H. detritum, H. scupense, H. plumbeum, H. asiaticum таратады. Тейлерийлер кененің бір ғана ұрпағы арқылы беріледі. Мысалы, егер ауру малда кененің личинкалары тоғышарлық етсе, тейлерийлерді нимфа сатысы, егер нимфа сатысы тоғышарлық етсе, имаго сатысы таратады. Кейбір уақытта тейлерийлермен личинка және нимфа зақымдалады, бірақ қоздырғыштар имаго арқылы беріледі.

Слайд 16

Патогенезі.

Патогенезі. Тейлерийлер регионалдық (аумақтық) сөл бездеріне еніп, шизогония жолымен көбейіп лимфадениттерді тудырады.

Патогенезі. Патогенезі. Тейлерийлер регионалдық (аумақтық) сөл бездеріне еніп, шизогония жолымен көбейіп лимфадениттерді
Содан кейін тейлерийлер лимфа (сөл) тосқауылынан өтіп, қанға енеді, одан барлық органдарға тканьдарға тарайды. Осы ретте ауру асқынып, паразиттер барлық ұлпалы органдарда көбейеді. Паразиттердің шизогониалдық жолмен жаппай көбеюіне байланысты, мал денесінде тейлерийлердің қоректік қалдық заттары жиналады, олардың уыттары орталық нерв жүйесіне және жылу орталығына әсерлерін тигізеді, нәтижесінде дене қызуы өте жоғары көтеріледі.

Слайд 18

Тейлериозды серологиялық анықтау


Серологиялық әдіс. Бұл әдісте комплементті байлау және ұзақ

Тейлериозды серологиялық анықтау Серологиялық әдіс. Бұл әдісте комплементті байлау және ұзақ байлау
байлау (КБР, КҰБР) реакциялары қолданылады. Тейлерий антигені макро және микрошизонттардан (аурудың алғашқы сатысында), немесе тейлерийлердің эритроцитарлық түрлерінен арнаулы әдістермен алынады. Бұл әдіспен ауруды жылдам және дәл анықтауға болады.

Слайд 19

Емі.

1. Қазақтың ғылыми зерттеу ветеринариялық институтының схемасы. Алғашында ауру малға №

Емі. 1. Қазақтың ғылыми зерттеу ветеринариялық институтының схемасы. Алғашында ауру малға №
1- комплекс қолданылады: бұлшық етке 7 % азидин немесе беренил мөлшері 3,5 мг/кг; 20% сульфантрол ерітіндісі 10 мг/кг, окситетрациклин 2000-5000 бірлік; тері астына —20 % кофеин-бензоат натрий ерітіндісі 5-20мл және витамин В-12 мөлшері 1-2мкг. 2-6 сағат өткенде № 2 комплекс қолданылады: күре тамырға - 10% натрий хлорид ерітіндісі мөлшері 0,5 мл/кг және 10 % аскорбин қышқылы 1 мл әрбір 3-5 кг малдың салмағына. Осы ертінділерді қолданғаннан кейін бірден су немесе сүт сарысуын береді. №1 және №2 комплекстерді қайталанып 3 рет беруге болады, немесе №2 комплексті кофейн және витаминмен қосып береді. Ауру өте ауыр түрде өтсе № 2 комплекс орнына бірден № 3 комплекс қолданылады: 40 % глюкоза ерітіндісі мөлшері 0,5 мл/кг және 10 % аскорбин қышқылы 1 мл/кг малдың салмағына, күре тамырға егеді.
Имя файла: Жануарлардың-тейлериидоздары.pptx
Количество просмотров: 43
Количество скачиваний: 0