Баспа ауруының жұғу жолдары
Жоспар Кіріспе 1.Баспа ауруы 2.Баспа ауруының жұғу жолдары: 3.Ауру кезеңдері: 4.Үйде емделу: Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: Кіріспе Баспа.Жиі кездесетін аурудың түрі. Жас балаларды айтпағанның өзінде үлкендердің өзі осы дертке жиі шалдығады. Баспа – тамақ безінің қабынуынан пайда болатын ауру түрі. Жылына 2-3 реттен артық аурып, әр ауырған сайын өте ауыр түрде өтетін болса, оны хирургиялық жолмен алдырту қажет. Ондай болмаса, пышаққа түспеуге тырысыңыз. Тамақ безі адам ағзасының иммунитетін көтеруге сеп болады. Сондықтан, артық қыламын деп тыртық қылып алуыңыз бек мүмкін. Ал асқынған жағдайда бүйрек, жүрек секілді маңызды органдарға әсері үлкен. Баспамен қыс мезгілінде ғана емес жазда да ауырады. Оған себеп – ыстық күні терлеп тұрып, салқын су ішіп, өзен-көлдерге шомылу. Тамақ ісініп, құрғап, жұтыну кезінде ауырсыну пайда болады. Иммунитеттің төмендеуінен адам әлсірей бастайды..