Бактериялық ішек инфекцияларының лабораториялық диагноз қою принциптері, алдын алуы,емдеуі. Хеликобактериоз қоздырғыштары
Жоспары: І.Кіріспе. Бактериялық ішек инфекциялары ІІ.Негізгі бөлім Бактериялық ішек инфекцияларының лабораториялық диагноз қою принциптері, алдын алуы,емдеуі. Хеликобактериоз қоздырғыштары. Сипаттамасы. Қасиеттері. Диагноз қою,алдын алу,емдеу. Хеликобактериоз қоздырғыштары Хеликобактериоз сипаттамасы. Хеликобактериоз қасиеттері Хеликобактериоз диагноз қою,алдын алу,емдеу. ІІІ.Қорытынды ІV. Пайдаланған әдебиеттер Prezentacii.com Кіріспе Бактериялық ішек инфекциялары бұрынғы заманнан бері кір қолдың ауруы деп аталып келіп, онымен салақ адамдардың жиірек ауыратындығы дәлелденген. Шынында біз күн сайын күні бойына қолымызбен айналадағы кір заттармен жанасамыз, айтар болсақ, қоғамдық көліктерде тепе-теңдікті сақтау үшін тұтқаны ұстаймыз, неше түрлі адамдар ұстаған қоғамдық мекемелердің есік тұтқасын ұстаймыз, дүкендерде сауда жасағанда сатушымен, көліктерде кондуктормен есеп айырысамыз, ақша санасамыз, таныстарды көргенде қол беріп амандасамыз. Осыдан келіп, «жұмыстан, серуендеуден үйге келгенде, тамақ дайындаудың, ішердің алдында, сондай-ақ балалармен ойнарда және оларға күтім жасағанда қолыңызды сабындап мұқият жуыңыз» деген қарапайым ережелер туындайды. Осындай қарапайым ережемен сіз өзіңізді де және отбасы мүшелерін де әртүрлі инфекциялардан қорғай аласыз. Міне,осы ауруларды тудыратын бактериялардың қоздырғыштарының бірнешеуіне тоқталып кетсек.Мәселен,ішек таяқшасы,клебсиеллалар,шигеллалар,салмонеллалар,салмонеллез,ішек иерсинозы,тырысқақ,бифидобактериялыр,