Педагогика лек 5 -2022
Педагогика бұл – адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит, Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғалымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған. яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апару «Педагогика» термині гректің екі сөзінен: «paida» – балалар және «logos» - баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Әрбір ғылымның өзіне тен зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философиядағы ұғымдарға «болмыс», «материя», «қозғалыс»; саяси экономикада- «қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары», ал педагогикада – «тәрбие», «білім беру», «оқыту» Педагогиканың пайда болуы қоғамның жас ұрпақты тәрбиелеудің тиімді жолын табу мақсатынан және де өндірісті дамыту талабынан туған. Тәрбие ұрпақ пен ұрпақты байланыстыратын дәнекер болып саналады. Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Алғашқы педагогикалық ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Мысыр, Вавилония, Унді, Қытай) философиялық жүйесінде дамып, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып дами бастады. Ежелгі дуние философиясы ертедегі шығыс елдерінің қорытып жиыстырған білім мұрасын дамытқан еді. Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық мәселелерді қарастырады. Педагогиканың ғылым ретінде дамуына әсер ететін факторлар мен даму ерекшеліктері «...ізденістің ең қызықтысы ұлы адамдардың ойына ілесу» А.С.Пушкин