Халықаралық ұйымдар. Ганзея. Германдық Кеден Одағы
Ганзея Ганзей одағы, Любек Ганзасы, Неміс Ганзасы – синоним сөздер және бір бірлесудің атын білдіреді. “Ганза” сөзі неміз “Hanse” – бірігу сөзінен шыққан. ХІІІ-ХVII ғасырларда бірлестик Германия азаматтырының тұрғын қалалары мен еркін қалалардың бірлестігін құрады. Ганзей одағы көпестерді феодалдардың билігінен, пираттар озбырлығынан қорғау мақсатында құрылған болатын. Ганза ХІІ ғасырда көпестердің одағы ретінде құрылды, кейін көпестер гильдиясы болып, ХІІІ ғасырда – қалалар одағы болып құрылды. Ганза туралы алғашқы жазбалар 1358 жылдан пайда бола бастады. Келесі жүзжылдық ішінде неміс қалалары Балтық теңізінде үстем жағдайға ие болды, ал Любек қаласы, Балтық және Солтүстік теңіздері бойындағы мемлекеттерді байланыстырған теңіз саудасының орталығына айналды. Түрлі уақыт кезеңдерінде Ганзея Одағының мүшелері болып, негізінде, Балтық және Солтүстік теңіздерінің бассейнінде орналасқан 200-ден астам үлкен және кіші қалалар болды. Бұрын Ганзей одағының мүшелері болған қалаларға мыналар жатады: Берлин, Брандебург, Бремен, Висмар, Гамбург, Кельн, Киль, Вроцлав, Дортмунд, Кенигсберг (Калининград), Мемель (Клайпеда), Любек, Краков, Рига, Магдебург, Мюнстер, Росток, Ревель (Таллин) және т.б.