Ұлттық ойындар
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық ойындары туралы мәлімет беру; ұлттық ойынға қызығушылығын арттыра отырып, ерекшелігін түсіндіру; Қазақтың ұлттық ойындарын жүргізу арқылы оқушыларды туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімінің қалыптасуына ықпал ету; Оқушыларды шапшаңдыққа, мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа, әдептілікке үйрету; Ойнаушылар шеңбер бойынша отырады, басқа асықтар арасынан ерекше асықты тандап, шеңбер ортасына асықтарды шашады. Асық қандай жағымен құлағаны маңызды, өйткені асық ішік құласа ішікпен қағады, бүкті бүкпен, тәйкені тәйкемен, алшыны алшымен қағуға болады. Егер ойнаушы тигізбесе немесе басқа жақпен тигізіп қақса, онда жүріс келесіге беріледі. Асық бойынша қағу тек үлкен саусақтын жоғарғы бөлігімен жасалынады. Ерекше асық кімде болады, сол жеңімпаз аталады.