23-24. Жылулық тепе-теңдік - есептер
Qберген=Qалынған
c1m1(t1-Ө) = c2m2(Ө-t2)
Qберген – температурасы жоғары дененің берген жылу мөлшері
Qалынған – температурасы төмен дененің алған жылу мөлшері
Ө – тепе-теңдік орнаған температура
c1m1t 1- бірінші дененің жылу сыйымдылыға, массасы және температурасы
Егер оқшауланған денелердің жүйесін қарастырсақ, мұндай үдерістің нәтижесі — жүйенің жылулық тепе-теңдігі болып табылады. Бұл денелердің температурасы θ-ға (тета) тең болады. Жылу алмасу үдерісінде θ-дан жоғары температураға ие денелер өз энергиясын береді, ал төменгі температурадағы денелер алады. Энергияны сақтау туралы заңда суық денелерден алынған жылу мөлшері ыстық денелерден берілген жылу мөлшеріне тең екендігін математикалық түрде жазуға болады: Бірақ шынайы үдерістерде бұл нақты осылай емес, себебі жылу үстелге, ауаға, түтікшеге және тағы басқаларына беріледі. Есептерді шығару барысында мұндай жоғалулар көбінесе ескерілмейді. Есептер шығару Есеп -1. Массасы 120 г жез калориметрге массасы 100 г, температурасы 200С керосин құйылды, сонан соң осы калориметрге массасы 200 г, температурасы 960С темір кесегі салынды. Сол кезде керосиннің температурасы 400С болса, керосиннің меншікті жылу сыйымдылығы қандай? Сжез=380 Дж/кг0С.