Реализация потенциала содержания образования в целях духовно – нравственного воспитания учащихся в вечерней школе
„Именно через образование мы хотим возродить в нашем обществе нравственно-духовные ценности, чтобы каждый человек мог в полной мере реализовать заложенные в нем от рождения способности и тем самым принести пользу не только нашему государству, но и всем людям на Земле” Назарбаева Сара Алпысовна Байлық (“Богатство” ) Бір жарлы жігіт жас күнінде өзін оқытқан ұстазына жолығып, өзінің бұл күнде кедей екенін айтып, мұңын шақты. Онымен бірге оқыған серіктерінің көбі бай болып, кейбіреулері жұртқа қадірлі кісі болып кеткенде, өзінің әрқашан көрген күні жоқшылық екенін айтады. - Қалайша сен өзің айтқандай кедейсің? – деді ұстазы. – Сенің денің сау, қол-аяғың аман, жұмысқа жарарлықсың, - және шәкіртінің оң қолын көрсетіп сұрады: - сен мына қолыңды мың сомға кестіруге рұқсат етер ме едің? - Құдай сақтасын! Он мың сомға да кестірмеспін! – деді жігіт. - Қаншаға берер едің жарық дүниені көретұғын қырағы көздеріңді, сақ құлақтарыңды, мықты аяқтарыңды? – деді ұстаз. - Мен бұларды дүниенің малына айырбастамас едім, - деді шәкірт. Сонда ұстаз шәкіртке: - Қалайша енді осынша байлыққа ие бола тұрып, жарлымын дейсің? – деді. (М. Дулатов)