Айлина би өнері (2)

Содержание

Слайд 2

Мазмұны :

І. Кіріспе

Би – адамзат өміріндегі ең алғаш пайда болған көркемөнер түрлерінің

Мазмұны : І. Кіріспе Би – адамзат өміріндегі ең алғаш пайда болған
бірі. Ол адамның көңіл-күй өзгерісін ишаралайтын жалаң қимылдардан біртіндеп дамып, белгілі бір қоғамдық ойды, уақиғаны ұлттық психологиялық жүйені би тілімен суреттеп беретін дара өнер түріне айналды.

ІІ. Негізгі бөлім

1 Қазақ биінің даму жолдары
1.1 Қазақ биінің пайда болуына қатысты деректі негіздер
1.2 ХХ ғасырда сахна төріндегі қазақ биі

ІІІ.Зерттеу бөлімі

2. Қазақ биінің ерекшеліктері
2.1 Қазақ биінің дамуына ықпал еткен өнер қайраткерлері
2.2 Қазақ би қимылының сыры

Слайд 4

Би – адамзат өміріндегі ең алғаш пайда болған көркемөнер түрлерінің бірі. Ол

Би – адамзат өміріндегі ең алғаш пайда болған көркемөнер түрлерінің бірі. Ол
адамның көңіл-күй өзгерісін ишаралайтын жалаң қимылдардан біртіндеп дамып, белгілі бір қоғамдық ойды, уақиғаны ұлттық психологиялық жүйені би тілімен суреттеп беретін дара өнер түріне айналды.

Қазақтың би өнері туралы ұлы жазушы Мұхтар Әуезов: «Біздің қазақ халқы дарынды, өнер­паз халық, ән, күй деген мұра­мыз­да шек жоқ. Ал бұл қазақ хал­қында биден қалған мұра өте аз.

Кезінде қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтен сурет өнерін қалай үйренгенін сұрағанда: «Ешкінің мүйізінен, әжемнің киізінен, қойдың құлағынан, таудың бұлағынан» - деп жауап беріпті.

Слайд 5

Адам өзі өмір сүріп отырған ортасының жұмбағын, табиғатын, қоғам өміріндегі тіршілігінің мақсатын,

Адам өзі өмір сүріп отырған ортасының жұмбағын, табиғатын, қоғам өміріндегі тіршілігінің мақсатын,
шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен, әртүрлі ғылыми әдіспен зерттеп білсе, енді бірде халықпен бірге жасасып келе жатқан ұлттық рухани мұрамыздың бастауы жыр-дастан, аңыздар арқылы танып біледі.
Әр ұлттың өз ана тілі болса, ал дүние жүзі халықтарына ортақ бір тіл бар; ол іс-әрекет, қозғалыс тілі. Осы тілге жататын би өнері адамзаттың дүние танымындағы ең алғашқысы. Алғашқы қауымдастықтағы адамдардың кәсіптеріне би-қимыл өнері негізделген. Олар өздерінің тіршілігіне қажетті әрекеттерін үндескен қимыл қозғалыстың бірлігі арқылы атқарған. Қандай да болмасын еңбек түрлерінде ырғақ бары белгілі. Сондықтан, ырғақпен үндестік тапқан әртүрлі дене қозғалыстарынан би туындады.

Слайд 6

Мысалы, Құрманғазының «Балбырауын» күйін алайық. Мұнда ол “Балбырауын” күйін би ырғағы етіп

Мысалы, Құрманғазының «Балбырауын» күйін алайық. Мұнда ол “Балбырауын” күйін би ырғағы етіп
шығарған сияқты. Күйдің басынан аяғына дейінгі қуанышты, көтеріңкі ырғақтар арқылы ауыл жастарының той-думаны көз алдыңа елестейді. Ал, Тәттімбеттің «Былқылдақ» күйінен де ырғағы жігерлі би музыкасының қимыл-қозғалыстарын көргендей боламыз. «Мерген», «Қара жорға», «Ор теке» және тағы баска күйлердің мазмұны да, саз немесе әуен ырғағы да биге арналып жазылған дегенге дау тудырмайтындығы анық.

Слайд 7

Шара сияқты шебер, дарынды адамдар қазақ биінің дамып, халықтық өнерге айналуына кеңінен

Шара сияқты шебер, дарынды адамдар қазақ биінің дамып, халықтық өнерге айналуына кеңінен
ат салысып, орасан зор еңбек сіңірген. Сондықтан да қазақ биінің тарихын айтса, Шараны ең алдымен атау заңды да.

Шара Жиенқұлова қазақ өнері аспанының жарқырап өткен жарық жұлдызы. Ол қазақ биінің құдыретін әлемге танытты. Көптеген халықтардың билерін өзі билеп, зерттеп өтті. Қазақ биін халық арасынан тірнектеп жинастырып сахна төрінің сәніне айналдырып, оны қағаз бетіне түсірді. Би туралы зерттеу ойларын жазды. Шара апайымыз қазақ биінің өткен тарихында бұрын-соңды болмаған аса дарынды, қажыр қайраты мол өнер серкесі. Ол қазақ халқының көкейінде мәңгі жасай береді.

Слайд 8

Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық

Қазақ биі – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін,
сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс- салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады

“Сәлем” деп аталады. Екі қолын алға созып, саусақ бастарын жоғары қаратады, алақаны ашық, шынтағы сәл бүгулі ұсталады.

“Құс қанаты” деп аталады. Екі қолын екі жаққа жая, шынтағы сәл бүгулі, алақанын төмен қаратып, саусақтарын бос ұстайды.

“Қос мүйіз” деп аталады. Екі қолын басынан асыра көтеріп, ортаңғы саусағын бас киіміне тигізеді, екі шынтағын бүгеді.

“Сәукеле” деп аталады. Сәукеле- қыздар үшін, ат үстінде- ерлер үшін. Оң қолын жоғары асыра басына көтеріп, сол қолын шынтақтан бүгіп көкірек тұсына иеді.

“Сыңар мүйіз” деп аталады. Оң қолын жоғары көтеріп, сол қолын солға созады.Алақаны ашық болады.

“Белбеу” деп аталады (ерлер үшін). Екі қолын шынтақтан бүгіп, белдіктен ұстайды.

Қазақ биі үстінде қолды қалай ұстаудың негізгі алты түрі (қалыптары) бар:

Слайд 9

Аяқтың қазақ биі үстінде байқалатын алты түрі бар:

Табан жүріс. Екі аяқтың көмегімен

Аяқтың қазақ биі үстінде байқалатын алты түрі бар: Табан жүріс. Екі аяқтың
еденді алма- кезек нық басып жүру.

Өкше жүріс. Екі аяқтың өкшесімен кезек басып жүру. Екі аяқтың ұшымен кезек басып жүру.

Қос табан. Оң аяқпен алға екі табан басу, сол аяқ оң аяқтың артынан ілеседі. Дәл осыны керісінше қайталайды.

Тоқылдақ. Екі аяқтың табанымен еденді кезек- кезек тебеді.
Сырғанақ тоқылдақ оң аяқпен еденді бір теуіп алға сырғанайды да, сол аяқпен қайталайды.

Секіртпе. Екі аяқпен алма- кезек секіреді. Қос аяқпен бір мезгілде секіреді, бір аяқпен секіреді.

Айналма. Бір аяқтың ұшымен айналады. Айналма шеңбер жасайды.
Ұршықтай шыр айналады

Имя файла: Айлина-би-өнері-(2).pptx
Количество просмотров: 58
Количество скачиваний: 0