Слайд 2Жоспар:
Репродуктивті жүйе туралы түсінік
Менструальды цикл , реттелуі
Жалпы қарау
Пальпация , перкуссия
Негізгі синдромдар
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер
Слайд 3Репродуктивті жүйе туралы түсінік
Репродуктивті жүйе организмнің өзінен кейін ұрпақ қалдыру қабілетін
қамтамасыз ететін жүйе. Репродуктивті жүйенің дамуы антенатальды кезеңде басталады да екіншілікті жыныстық жетілудің толық дамығанымен сипатталады. Жыныстық жетілу кезеңі тек жыныстық мушелермен емес, сонымен қатар организмнің толық соматикалық дамуымен аяқталады.қалыпты жыныстық даму кезінде балалық шақта жыныстық дамудың негізгі көрсеткіші ол дене салмағы мен ұзындығының сәйкестігі болады.
Слайд 4Репродуктивті жүйенің реттелуі
Репродуктивті жүйенің реттелуі бірыңғай функциональды нейроэндокринді жүйе арқылы қамтамасыз
етіледі. Нейроэндокринді жүйе центральды-интеграциялаушы және перифериялық –эффекторлы орындаушы мүшелерден турады. Репродуктивті функцияның нейроэндокринді реттелуінде бір- бірімен кері және оң байланысқан негізгі 5 тізбекті ажыратамыз. Жыныстық толық жетілген әйел организмінің репродуктивті функциясының негізгі көрсеткіші –менструальды цикл болып табылады.
Слайд 5Менструальды циклдың реттелуі
ФСГ, ЛГ, ПРЛ, ТТГ, АКТГ)
Слайд 6Менструальды цикл
Менструальды цикл – алдыңғы менструацияның бірінші күні мен келесі
менструация арасындағы уақыт. Әр әйел организмінің индивидуальды ерекшелігіне байланысты орташа 21 ден 35 күнге дейін созылады. Менструация — бірінші күні менструальды циклдың басталғанынымен сипатталатын жатырдың функциональды қабатынан қан ағу болады. Бірінші менструация (менархе) 12—14 жаста болады, қалыпты менструация 3—7 кунге созылады,осы кезде 50—150 мл қан жоғалады.
Слайд 7Жалпы қарау
Көптеген гинекологиялық ауруларды қарау диагностиканы жеңілдетеді. Тері түсі мен
шырышты қабаттардың бозғылттығы қан кету (фибромиома, менструальды функция бұзылысы)екендігін көрсетеді;арықтау, терісінің бозғылттау немесе жер түстес болуы қатерлі ісіктерді көрсетеді; скелеттің рахит тәрізді деформациясы босанудан кейінгі травма нәтижесінде (жыланкөз,жатыр мойны жарылуы, шат аралық ) болады. Аурудың дамуы негізгі қолайлы фактор әртүрлі социалды жағымсыз факторлар. Кейбір аурулардың өршуіне негізгі конституциялық ерекшелік те әсерін тигізеді.
Слайд 8Гинекологиялық классификация бойынша негізгі екі: инфантильді және интерсекуальды тип ті ажыратамыз. Инфантильді
тип: орташа бой, сут бездерінің және сыртқы жыныс мүшелерінің дамымауы болады. Инфантилизмде жиі менструальды цикл мен детородты қызметтің бұзылысы дамиды. Интерсексуализм : ұзын бойлы, массивті скелет, кең кеуделі, еркектік тәрізді жыныс мүшелерінің түктері кіндікке қарай бағытталған, аяқтары мен анус тұсында көптеген түк анықталады. Интерсексуальды типті әйелдерде жыныс мүшелерінің гипоплазиясы менструальды цикл бұзылысы, бедеулік, жыныстық индиференттілік дамиды
Слайд 9Пальпация
Несеп қуықты босатқаннан кейін құрсақ қабырғасын босату мақсатында горизонтальды жағдайда
аяқ бүгілген ұалыпта жүргізіледі. Алдын ала ішекті де босатып алған жөн. Пальпация арқылы құрсақ қабырғасының жағдайын (тонус, бұлшықеттік қорғаныс) анықтайды. Пальпация арқылы жоғары дәлділікпен ісіктер мен инфильтраттардың көлемін, формасын, шекарасын, консистенциясы мен ауырсынуын анықтаймыз. Жатыр қабырғасы мен ішастардың жамбастық бөлігінің жедел қабынуы кезінде пальпация еріксіз қысым іштің төменгі бөлігінде бұлшықеттік қорғаныс реакциясын береді.
Слайд 10Перкуссия
Гинекологияда қосымша зерттеу әдісіне жатады. Перкуссия көмегімен ісіктердің шекарасы мен
контурын , сонымен қатар жыныс мүшелерінің қабынулық аурулары кезінде үлкен көлемді экссудат пен инфильтраттарды анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар перкуссия параметрит пен пельвиоперитониттың дифференциальды диагностикасында көп қолданылады. Параметрит кезінде инфильтрат шекарасы пальпация мен перкуссия кезінде сәйкес келеді, пельвиоперитонит кезінде инфильтраттың перкуторлы шекарасы жіңішке ішеке жабысу салдарынан пальпацияға қарағанда аздау болып көрінеді. Сонымен қатар перкуссияны ісік пен ішектің конгломераты дифференциальды диагностикасында қолданамыз.
Слайд 11Негізгі синдромдар
Адреногенитальды синдром
Гипоталамикалық синдром
Дисгинезия
Жыныстық гермафродитизм
Слайд 12Адреногенитальды синдром
Адреногенитальды синдром (АТС) – кортизолдың түзілуін реттейтін ферментті жүйенің жетіспеушілігі
нәтижесінде бүйрекүсті безінің қыртысты қабаты функциясы бұзылуымен сипатталады. Глюкокортикоидтардың аз өндірілуі олардың кері байланыс арқылы АКТТ тежеуінің бұзылысымен түсіндіріледі. Яғни АКТГ мөлшері артып буйекүсті безінің гиперплазиясы (тестостерона, дегидроэпиандростерона и андростендиола) жыныстық гормондардың артығымен өндірілуін күшейтеді . Бұл патология жиілігі 3000—6000 туылғандардың біреуі. АГС бұл генетикалық детерминацияланған туа пайда болған ауру.
Слайд 13Гипоталамикалық синдром
жыныстық жетілу кезіндегі Гипоталамикалық синдром (ГСППС) — бұл гипоталамус
функциясының бұзылуымен байланысты басқа да эндокринді мүшелерге байланысты патология. Ол алмасулық бұзылыстармен пубертатты периодтың патологиялық ағамымен қатар Журек қан тамыр , нерв жүйесі және басқа да мүшелер бұзылысымен сипатталады. ГСППС негізінен гипоталамо-гипофизарлы аймақтың инфекциясымен , созылмалы гипоксия , бассуйек милық травмамен байланысты .
Слайд 14Дисгинезия
— жыныс бездерінің туа пайда болған ақауы немесе олардың мүлде
болмауы . Олар хромосомды аномалиямен (жыныс хромосомаларының сандық және струтуралық патологиясы). Науқастарда толық емес хромосома (45Х орнында 45 ХУ), мозаицизм (ХО/ХХ, XO/XY и др.), Х-хромосоманың қысқа иығының дефектісі.
Слайд 15Жыныстық гермофродитизм
Жыныстық гермафродитизм бір индивидуумда белгілі деңгейде анатомиялық және функционалдық тұрғыдан
екі жыныстық мүшелердің бірдей дамуы. Соматикалық және гонадалық жыныс сәйкессіздігін «жалған гермафродитизм» деп атаймыз .Еркектерде жалған гермофродитизм сыртқы жыныс мүшелерінің әйелдік тип бойынша дамуы , бірақ хромосомды жыныс еркектік; әйелдік жыныстық гермофродитизмде сыртқы жыныс мүшелері еркектік, ал жыныс бездері әйелдік болады.