Слайд 2мазмұны
1.Құқық бұзушылық
2.Құқық бұзушылықтың түрлері
3.Құқықбүзушылыұтың жауапты шаралары
4.Құқықбұзушылықтың түрлері себептері
5.Заңды жауапкершілік
Слайд 3Құқық бұзушылық
Қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Құқық
бұзушылық: азаматтық (жеке басқа, азаматтың немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру, азаматтың абыройы мен қадір-қасиетін қаралайтын мәліметтерді тарқату және т.б.
Слайд 4Әкімшілік (ұсақ бұзақылық жол ережесі тәртібін бұзу), тәртіптік (жұмыстан кешігу, жұмысқа бармау)
теріс қылық және т.т. Құқық бұзушылықтың барынша қауіпті түрі қылмыс болып табылады.
Слайд 5Құқық бұзушылық және олар үшін жауапкершілік шаралары
Ғасырлар бойы адамзаттың ең ақылдылары қоғамдағы
құқық бұзушылық себептері мен оны жою жолдарына бастарын қатырып келеді. Бүгінгі күні бұл мәселе заң ғылымында бұрынғыдай соншалық күрделі, әрі қарама-қайшылықты болып келеді. Оның өзектілігі – күмәнсіз. Құқық бұзушылық әрқашан болған. Сондықтан француз социологы Эмиль Дюркгейммен келіспеуге болмайды, ол қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады деп санады
Слайд 6Әкімшілік құқық бұзушылық
Әкімшілік құқық бұзушылық ретінде мемлекеттік немесе қоғамдық меншікке, сондай-ақ азаматтардың
құқықтары мен бостандығына қол сұғу әрекетін (әрекетсіздікті) түсінеміз. Мейлінше қажеттілік жағдайында, мәселен, қатердің көзін жою үшін, егер ол қатерді басқадай тәсілдермен жою мүмкін болмаған жағдайда жасалған әрекеттер әкімшілік құқық бұзушылық болып саналмайды
Слайд 7Ескерту жасау, әкімшілік қамаққа алу негiзгi әкiмшiлiк жазалар ретiнде ғана қолданылуы мүмкiн
Арнайы
құқықтан айыру, рұқсаттан айыру не оның қолданылуын тоқтата тұру, сондай-ақ тізілімнен алып тастау, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, сондай-ақ шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен әкiмшiлiк жолмен шығарып жіберу негiзгi, сол сияқты қосымша әкiмшiлiк жазалар ретiнде қолданылуы мүмкiн
Слайд 8Әкімшілік жаза қолдану
Қызметті немесе оның жекелеген түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым
салу жеке және (немесе) заңды тұлғалардың, оның ішінде заңды тұлғалардың филиалдарының, өкілдіктерінің, құрылымдық бөлімшелерінің, өндірістік учаскелердің қызметін уақытша тоқтатуды немесе қызметіне немесе оның жекелеген түрлеріне тыйым салуды, сондай-ақ агрегаттарды, ғимараттар мен құрылыстарды пайдалануға, қызметтің (жұмыстардың), қызметтер көрсетудің жекелеген түрлерін жүзеге асыруды уақытша тоқтатуды немесе тыйым салуды қамтиды
Слайд 9Қызметті немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу, егер
әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қызметті тоқтата тұру не оған тыйым салу түрінде санкция тағайындау мүмкін болса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттiк берілген органның (лауазымды адамның) материалдарының негізінде сот тәртiбiмен ғана жүргiзiледi. Мұндай істерді қарауды сот он тәулік ішінде жүзеге асырады
Слайд 10Сотта іс қаралғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаға Кодекстің 801-бабында көзделген тәртіппен
қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу түрінде қамтамасыз ету шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзімі, егер әкімшілік жазалаудың бұл шарасын сот қолданса, қызметтi немесе оның жекелеген түрлерiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу мерзіміне қосылады
Слайд 11Құқық бұзушылықтың себептері, түрлері
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді.
Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.
Слайд 12 Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлер
Заңды жауапкершілік – жеке адам, қоғам, мемлекеттің
мүддесін қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Слайд 13Заңды жауапкершіліктің заңды негізі – құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті
құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Заңды жауапкершілік күрделі әлеуметтік құбылыс. Мұнда кем дегенде екі жақ қатысады: мемлекет және құқық бұзушы. Олардың арасында құқық қорғаушы қатынас қалыптасады және екі жақта заң шеңберінде, қолданылып отырған жауапкершіліктің құқықтық нормаларының нақты санкциясының негізінде жүзеге асады.
Слайд 14Реттеушілік ықпал жасау;
Басқарудың объектісімен байланыс;
Басқару субъектісінің бтлік ету еркі
Кері байланыс;
Басқарушылық ықпал жасаудың
нәтижелері туралы ақпарат
Слайд 15Жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтарды қараудың тәртібі
1.барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі
2.мемлекетік органдардың
қызметін анық құқықтық регламменттеуді ,мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялығын, оған мемлекеттік және ұоғамдық бақылауды қамтамасыз ету
3.мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқытары мен заңды мүдделеріне қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру
Слайд 16Мемлекеттік басұару тәртібіне нұқсан келтіретін әкімшілік құқықбұзушылықтардың жалпы жіктемесі
Заңсыз нормативтік құқықтық акт
шығару және оны қолдау. Мемлекеттік органның лауазымды адамның Конституцияға не өзге де заң актілеріне қайшы келетін, жеке тұғалардың құқықтарын, бостандықтарын және міндеттерін , шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің заңды мүдделерін қозғайтын кқріну заңсыз нормативтік құқықтық акт шығару, белгіленген тәртіппен күші жойылған, сот күші жоқ деп танылған.