Құрылымдық, легірленген және аспапты болаттар. № 5 Дәріс
Мазмұны: Көміртекті боллаттар. Болаттың қасиеттері мен құрылысына көміртектің, тұрақты қоспалардың, оттектің, азоттың, сутектің және бейметалл қосындысының әсерлері. Көміртекті болаттар классификациясы және маркілеу. Болаттар қасиеттеріне және құрылыстарына легірлеуші элементтердің әсері. Аспапты болаттар және қатты қорытпалар. Аспапты болаттарды маркілеу. Тезөңделетін болаттар. Өлшеуіш аспаптарда қолданылатын болаттар. Көміртекті боллаттар. Көміртекті болаттар қорыту технологиясына байланысты қайнау және тыныш қорыту болаттары болып екіге бөлінеді. Көміртекті болаттарда тұрақты қоспалар болады: Кремни – болаттың құрамында ферритпен ерітінді немесе металл емес қоспа түрінде кездеседі. Ферритте еріген кремний болатты нығайтып, оның серпімділік қасиетін арттырады. 0,16 – 0,5 % кездеседі. Марганец – элементтің мөлшері мол болған сайын болаттың үйкеліске беріктігі артады. Mn – 0,3 – 0,8 % Фосфор – күкірт сияқты, болатқа руда, шойын, металл сынықтарымен бірге еніп, қалыпты температурада оның сынғыштық қасиетін арттырады. Р – 0,05%