Экономикалық талдау
Кәсіпорын табысының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі,пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады. Кәсіпорынның жалпы табысы оның ағымды кезеңдегі негізгі,қаржылық ,инвестициялық қызметтерден,төтенше жағдайлардан алған табыстарының жиынтығынан қалыптасады. Жалпы табыстың құрамында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерінен алынған табыстары кіреді.Бірінші кезекте жалпы табыс өнімді өткізуден,яғни негізгі қызметтен алынған табысты қамтиды.Бұл табыс жалпы өнімді өткізуден түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді өнімді өндіруге,өткізуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады. Екіншіден,жалпы табыстың құрамына тауарлық емес өнімдерді сатудан алынған табыс,яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы өзгерістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің,көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың)табыстары кіреді. Үшіншіден ,жалпы табыстың құрамына негізгі қорларды және өзге де мүліктерді студан түскен табыс кіреді. Сондай-ақ,жалпы табыс өткізілімнентыс алынған табыстар мен шығындарды, яғни тауар немесе қандай да бір активті сатудан тыс операциялардың нәтижесін қамтиды. Кәсіпорынның қарамағында қалатын жалпы табысы әрі қарай үлестіру объектісі ретінде қпрастырылады.Оны үлестіруді табыстың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге,ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады.Табысты үлестіру заңдылығы-салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі.Содан кейін қалатын табысты үлестірудің бағытына анықтау кәсіпорынның құзыретіне жатады. Табысты үлестірудің негізгі принціптері келесілер: - кәсіпорынның өндірістік -шаруашылық ,қаржылық және инвестициялық қызметтерден алынған табысы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді; - мемлекет қазынасына түсетін табыстың бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі.Салықтардың құрамы,мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде бегіленеді; -салықтардан кейін шаруашылық субъектінің қарамагында қалатын табыс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек; Кәсіпорыннын әрі карай дамуын қамтамасыз ететін қорларға ал қалаға бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді. Кәсіпорын қарамағында қалатын табыс (таза табыс) екі бөлікке бөлінеді.Бірінші бөлігі тұтыну қорлаоына,екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады. Тұтыну қорларына бағытында қолданылып табыс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізу,сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады.Кәсіпорынныңкапиталын ұлғайтұға орналастырылған табыс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға,өнімнің өзіндік құнын төмендетуге,түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлеуетті(потенциалды) табыстылығын арттырудың алғы шарты болып табылады. Сондай-ақ, табыс тек өндіріс процесіне орналастырылып қана қоймай,сонымен қатар,жұмысшылар мен қызметкерледдің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге,олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге,басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады.Бұл,өз кезегінде,қызметкер тарапынан еңбекке деген арттыруға септігін тигізеді. Жинақталу қорларына бағытталатын табыс алуан түрлі қосымша қорларды қалыптастыркға жұмсалады:әлеуметтік сақтандыру қоры,резервтік қорлар ,экологиялық қор және тағы басқа да қорлар.Бұл кәсіпорындардың келешекте болу ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға,қоғам өміріне өндіріс барысынан келетін зиянды өтеуге,сондай-ақ қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген табыстарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді.