Механикалық тербелістердің адамға әсері
Өндірістік діріл
Өндірістік діріл - серпімді байланыстары бар жүйенің механикалық тербелмелі қозғалысы. Діріл физикалық факторларға жатады. Оның әсері адамға механикалық энергияның тербелісі арқылы беріледі. Діріл тек тұрақты түрткі (электр энергиясы, трасмиссия) болған кезде ғана түзілетін серпімді ортаның механикалық тербелісі болып табылады. Механикалық тербелістердің адамға берілу жолы бойынша дірілді келесі түрлерге бөледі: жалпы діріл - отырған немесе тұрған адам денесінің тірек бөліктері арқылы берілетін діріл. жергілікті діріл, адамның қолы арқылы берілетін діріл. жергілікті діріл,І санатты жалпы діріл, ІІ санатты жалпы діріл,ІІІ санатты жалпы діріл деп бөледі. жергілікті діріл - механикалық қол құрал-саймандары арқылы (шойбалғалар, шегелейтін, шабатын балғалар, пневматикалық және электрлік перфораторлар, тегістейтін, бұрғылайтын машиналары, электро- және бензоаралар), машиналар мен қондырғылардың қолмен басқаратын органдары арқылы немесе өңделетін бөлшектерден адамға берілетін діріл; І санатты жалпы діріл – көлік дірілі; ІІ санатты жалпы діріл – транспорттық-технологиялық (экскаваторлар, көтергіш крандар, өздігінен жүретін бұрғылау қондырғылары және т.б.); ІІІ санатты жалпы діріл – технологиялық діріл (станоктар, сорғыш агрегаттар, ұсталық-сыққыш жабдықтар және т.б). Пайда болу көзі бойынша дірілді: